Сәу 30, 2019 14:14 Asia/Almaty
  • Илаһи жетекшілер 70

Исламның ұлық пайғамбарының ұрпағынан шыққан хазірет Мәһди (ғ.с.) зұлымдықты жойып, әділет орнату үшін көтеріліс жасайды.

Абухамзе Сомали имам Бақердің (ғ.с.): «Біздің құтқарушының келетіні нақты, өйткені бұл туралы Алла Тағала айтқан болатын. Ата-анам оның жолында құрбан болсын. Ол – менің аттасым, менің жетінші перзентім. Ол зұлымдық пен зорлық-зомбылыққа толған жер бетінде әділет орнатады. Сол себепті оған иман келтірген адам хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен хазірет Әлиге (ғ.с.) иман келтіргендей болады. Олай болса, ол үшін жәннат уәжіп  болады. Керісінше, оған иман келтірмеген, оған бағынбаған адам жәннатқа бармайды, оның орны – тозақ оты»,- деп айтқанын жеткізген болатын.  Шиіттер өздерінің наным-сенім мәдениетіне сәйкес имамдарға иман келтіреді. Имам Бақер (ғ.с.) бұл туралы: «Хазірет Мәһди (ғ.с.)  келген кезде оған иман келтіріп, бағынатын адам Пайғамбардың (с.ғ.с.) ресалаты мен хазірет Әлидің (ғ.с.) имаматына иман келтірген адам сияқты дәрежеде болады»,- деген. Имам Бақер (ғ.с.) бұл сөзімен имаматтың хазірет Әли (ғ.с.) арқылы басталып, хазірет Мәһдимен (ғ.с.) аяқталатыны  туралы маңызды хабарды жеткізгісі келді.

 

Имам Садық (ғ.с.): «Имамдардың барлығын қабылдап, имам Мәһдиді (ғ.с.) қабылдамаса, барлық пайғамбарларға иман келтіріп, хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) пайғамбарлық міндетін қабылдамаған адам сияқты»,- деген.  Екі рауаяттан   Пайғамбардың (с.ғ.с.) набоваты мен имамат мәселесінің бір-біріне жақын екенін, сондай-ақ, имаматтың набоваттың жалғасы, Ислам дінін кемелдікке жеткізуші  деген нәтиже шығаруға  болады.

Алла Тағала тарихи Ғадир күні Исламның ұлық пайғамбарынан  кейін  имам Әлиді (ғ.с.) имамат міндетіне бекітті. «Мәиде» сүресінің 3-ші аятында: «...Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ, сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым...», - деп айтылған.

Сондықтан Исламның басында Ғадир күнгі илаһи бұйрыққа немқұрайдылық білдіріп, хазірет Әлидің (ғ.с.) басшылығы мен имаматына кедергі жасағандар – адасқандар. Олар – Пайғамбар (с.ғ.с.) мен имам Әлиге (ғ.с.) ғана қарсы шықпай, илаһи бұйрыққа тікелей қарсылық білдіргендер. Құран Кәрім «Анғам» сүресінің 33 аятында: «Расында білеміз, күдіксіз олардың айтқандары сені кейітеді. Олар сені өтірікке санап отырған жоқ. Бірақ залымдар Алланың аяттарына қарсы келеді»,- деп айтылған.

Исламның ұлық пайғамбарының  ұрпағынан шыққан хазірет Мәһди (ғ.с.) зұлымдықты жойып, әділет орнату үшін көтеріліске шығады. Ол барлық пайғамбарлар мен бір Аллаға иман келтіргендердің, шәһидтер мен адал адамдардың мақсаттарын іске асыру үшін келеді. Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) жасырын кезіндегі біздің міндетіміз не? Жетінші имам (ғ.с.) рауаяттардың бірінде бұл кезеңнің негіздері туралы: «Құтқарушының ғайып кезеңінде велаят және имаматпен байланысын үзбеген шиіттеріміз қандай бақытты" деген болатын.

Имам Мәһдидің (ғ.с.) ғайып кезеңі немқұрайдылық пен жауапсыздық кезеңі емес. Керісінше, бұл кезеңде басқа кезеңдерге қарағанда жауапкершілік сезімі арта түсуі керек. Өйткені, әсіресе қазіргі кезеңде ондаған, жүздеген бұрмаланған ағымдар пайда болып, әлемдік қоғамдық ой-пікірді әртүрлі жолдармен өздеріне  қарай тартып жатыр.  Жетінші имам хазірет Казем (ғ.с.) шиіттердің ұстанымын анықтап, олардан ешбір жалған ағымдарға ермей, адастыратын жолға түспей, велаят пен имаматтың мықты тамырына жабысып, шайтандық ағымдардың торына түспеуді талап  етті.  Жетінші имам (ғ.с.) сөзінің жалғасында: "Имам ғайып кезінде бізбен дос болып, біздің дұшпандарымыздан алыс болған шиіттеріміз қандай бақытты", - деді.

Имам Реза (ғ.с.) да басқа имамдар сияқты  хазірет Мәһди (ғ.с.) туралы айтқан болатын. Имам Реза (ғ.с.) өз заманының әйгілі діни ғұламаларының бірі хадисшы Абуәли Зиан бен Салбтың: "Уәде етілген заманның иесі сіз бе?" деген сұрағына: "Уәде етілген заманның иесі мен емеспін, өйткені, саяси және физикалық әлеует тұрғыларынан жеткілікті құдыретке ие емеспін. Біздің  құтқарушымыз жастардың арасынан шығып, ерекше жағдай мен көптеген күш-қуатқа ие болады.  Ол егер қолын ең үлкен ағашқа қарай созса, ол тамырымен қопарылады; егер таулардың арасында айқайласа, тастар құлайтындай күшті. Оның қолында хазірет Мұсаның таяғы мен хазірет Сүлейменнің жүзігі болады. Ол – менің төртінші перзентім. Алла Тағала оны аман сақтау үшін жасырды. Кейін зұлымдық толы әлемде әділет орнату үшін ғайыптан шығарады", - деп жауап берген. Осы рауаят бойынша, хазірет Мәһди (ғ.с.) жағдай  әзірленіп, хазіреттің өзі жеткілікті құдыретке ие болған кезде ғайыптан шығады. Хазіреттің көтерілісі әлемдік көтеріліс болады. Барлық халықтар хазіретті қабылдап, әлемдік шақыруына жауап беретіндіктен ол әділетсіз билік иелерімен бетпе-бет келуге қажет құдыретке ие  болуы керек. Имам Резаның (ғ.с.) хазірет Мәһдидің (ғ.с.) күші туралы мысалы Алланың оған қабылдаған кез келген шешімі мен ерік-жігерін іске асыруы үшін ешбір кедергінің жолын бөгей алмайтындай құдырет сыйлайтынын көрсетеді. Хазірет Мәһди (ғ.с.) пайғамбарлар секілді құпия дайындыққа ие болады. Имам Резаның (ғ.с.) "хазіреттің қолында хазірет Мұсаның таяғы мен хазірет Сүлейменнің түзігі болады" деп айтуы осы мәселеге қатысты болуы мүмкін.  Хазірет Мұсаның Перғауынның құдыретіне қарсы тұруы илаһи көмектің нәтижесі болды. Хазірет Мұса өз  таяғымен Перғауынның өтіріктерін әшкерелеп, алдап-арбаушылық пен алаңдаушылықты залалсыздандырды.  Хазірет Сүлейменнің жүзігі – жын-шайтандарды бағындырып, тіпті, құстарға бұйрық берген, ешкім оған қарсы тұрмаған билік кезеңінің белгісі. Өзінің екі илаһи пайғамбарына жоғары мақсаттарына жету үшін көмектескен Алла Тағала  әлемдік міндетке ие хазірет Мәһдиге (ғ.с.) көмектеспей ме? Оған әлемдік зұлым құдыреттерді құлатып, әлемде әділет орнату үшін жеткілікті күш-қуат дарытпай ма?

Имам Джавад (ғ.с.)  хазірет Мәһдидің (ғ.с.) құдыретке  ие болатыны туралы: "Ол үшін жағдай туып, қиындықтар жеңілдеп, Бадр соғысындағы  ислам әскері сарбаздарының санындай 313 серігі алыс аймақтардан қасына жиналады. Алла Тағала «Бақаре» сүресінің 33-ші аятында: «Қай жерде болсаңдар да Алла сендерді жинайды, өйткені Оның қолынан әр нәрсе келеді»,-деп айтқандай, 313 серігі қасына жиналған соң, хазірет көтерілісін бастайды. Содан кейін өзі серіктері арасындағы келісім бойынша, залымдарға қарсы күресті бастап, Ұлы Алла риза болғанша, олармен соғысады»,- деген.

 

 

 

  

 

 

 

Тегтер