Сәу 30, 2019 22:22 Asia/Almaty

Имам Хомейни таптық айырмашылықты жою мен қоғамның мүмкіндіктері мен байлықтарын әділ бөлуді қоғамдық әділетке жетудің қажеттіліктері деп атап, қоғам байлықтарын тарату үшін қоғамдық және үкіметтік механизмдерді қалыптастырды.

Имам Хомейнидің көзқарасы бойынша, жаратылыс әділет негіздері бойынша жаратылған, оның заңдары да әділетке негізделген. Имам Хомейни илаһи пайғамбарлардың негізгі мақсаты жеке адам мен қоғамдық салада әділет орнату болғанын атап, барлық пайғамбарлардың адамзат үшін қоғамда әділет орнатуға талпыныс жасағанын баса айтқан. Имам Хомейни қоғамда әділетті адал басшылардың арқасында орнату мүмкін екенін баса айтып, Ислам діні негіздеріне сүйеніп, қоғамдық әділеттің әртүрлі тұрғыларына тоқталып, олардың әрқайсына қатысты ұстанымын білдірді.

Экономикалық әділет өндірістік және өнімді дұрыс тарату деген екі факторға сүйенеді. Өндірістік әділет азаматтарға экономикалық салада бірдей қатысып, соның аясында өндірісті ілгерілетуге мұрсат тудырып, нәтижесінде қоғамдағы кедейшілік тамырымен оталады. Тең тарату, экономикалық факторға социалистік ұстаныммен қарау, яғни қоғамның байлығы барлық адамдардың арасында тең бөлініп, бай адамдардан салық алынып, кедейлердің арасында таратылады.  Алайда имам Хомейнидің пікірі бойынша, экономикалық мұрсаттар бар. Сондықтан экономикалық тұрғыдан абыройлы өмір сүру үшін қоғамның барлық мүшелері қамтамасыз етілуі керек. Адамдарды   экономикалық тұрғыдан абыройлы тұрмыспен қамтамасыз ету  мемлекеттің  кедейлерді қорғауға бағытталған әлеуметтік міндеттемелерінің көрсеткіші, себебі мемлекеттік басқарудың негізгі құралдарының бірі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, барлық саладағы адамдар үшін салыстырмалы әл-ауқат қалыптастыру болып табылады. Егер қоғамдағы адамдар тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етілетін болса, жеке адам мен қоғамның экономикалық саладағы дамуы үшін қолайлы жағдай туып, өндірістік әділет орнатылады. Имам Хомейни бұл мәселеден хабардар болып, қоғамдық тұрмыспен қамтамасыз етуді ислам үкіметі мақсаттарының бірі деп атап: «Халық, үкімет және ел басшыларының бар арманы кедейшілікті жойып, нәтижесінде Иранның сабырлы халқы материалдық және рухани өмірдегі тұрмысқа ие болады»,- деді. Имам мақұрымдарға көмектесуді қоғамдық әділетке жетудің қажеттілігі санап, Ислам республикасы басшыларынан кедейлер мен мақұрымдардың тұрмысына шынайы көңіл бөлуді талап етіп: «Кедейлер мен мақұрымдар туралы ойлап, солардың әл-ауқатын жақсарту үшін талпыныс жасау керек. Үкімет баршаға тиесілі, сондықтан барша үшін жұмыс жасау қажет, бірақ әлсіздерді жоғары таптарға жеткізу үшін оларға көбірек көмектесу керек»,- деді. Имам Хомейни Ислам дінін тарату үшін Иранның әртүрлі аймақтарына баратын діни қызметкерлерге мақұрымдарды қолдауға қатысты ескерту жасады. Оларға көңіл бөлу қоғамда әділет орнатылуы үшін қажет. Имам Хомейни таптық айырмашылықты жою мен қоғамның мүмкіндіктері мен байлықтарын әділ таратуды қоғамдық әділетке жетудің қажеттіліктері деп атап, қоғам байлықтарын тарату үшін қоғамдық және үкіметтік механизмдерді қалыптастырды. Имам қоғамның байларынан қоғамның кедейлеріне назар аударып, таптық айырмашылықтарды ең аз мөлшерге жеткізуге шақырды. Бұл іс байлардың мүдделеріне, өйткені кедейлердің наразылықтарының алдын алады. Бір топтың жоғары болып, қалағанына ие болып,  басқа топтың мақұрым қалуы қабылдауға болмайтын жайт. Бұл исламдық қисынға сай емес.   

Имам Хомейнидің экономикалық әділетке қатысты көзқарасы Иранның Ислам республикасы жүйесінің жарғысында жақсы көрсетілді. ИИР-ның іргетасын қалаушының экономикалық әділет саласындағы ой-пікірлеріне Конституцияның әртүрлі баптарында назар аударылды. Конституцияның кіріспесінде исламдық үкіметтің міндеті адамның дарынын дамытуға жағдай жасау, нәтижесінде тең әрі сындарлы мүмкіндіктерді тудырып, барлық адамдарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, кемелдікке жету жолын жалғастыру деп көрсетілді. Әділет орнату ислам республикасының экономикалық мақсаты ретінде қуатталды. Бұл салада үкімет кемсітушіліктерді жойып, материалдық және рухани салаларда бүкіл халық үшін әділ мүмкіндіктер тудыруға міндеттелді. Иран Конституциясының үшінші бабы бойынша, тұрмысты жақсарту, кедейшілікті жою, азық-түлік, тұрғын үй, медицина және сақтандыру мәселелерін шешу үкіметтің міндеттері деп көрсетілді.    

ИИР Конституциясы азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуді қуаттап, экономикалық әділет орнатуға, талпыныс жасамай қолға түскен байлықтың алдын алуға қажет жұмыстарды көрсетті. Басқаларды пайдалануға, басқаларға зардап келтіруге, монополия мен өсімге, жалған және харам мәмілелерге, ысырапшылдық пен байлықтың жеке адамдардың немесе топтардың қолында шоғырлануына тыйым салды. Конституцияның 29-бабында әлеуметтік қамсыздандыру зейнеткерлікке шығу, жұмыссыздық, қартаю, мүгедектік, жазатайым оқиғалар  кезіндегі қолдау мен медициналық қызмет көрсету  құқық саналады. Иранның Конституциясында имам Хомейнидің  елдің экономикалық бөлімін реттеу саласында ой-пікірлерін іске асыру үшін үкіметтік және жеке меншік секторымен бірге кооперативтік секторға басымдық беріп, үкіметті осы бөлімнің саясаттарын нығайтуға міндеттеді. Иран Конституциясының 44-ші бөлімінде  жеке меншік секторды экономикалық, мемлекеттік және кооперативтік жұмыстарды жетілдіретін  ұйым ретінде ресми түрде танымал етті. Сондықтан, Иран экономикасының негізгі тірегі – кооперативтік бөлім. Бұл бөлімнің белсенділері – қоғамның жеткілікті инвестициясы жоқ, жеке меншік сектормен бәсекеге түсе алмайтын қоғамның кең ауқымды табы. Бұл бөлім экономикалық әділетке жетіп, байлықтың жеке адам немесе белгілі бір топтардың қолында шоғырлануының алдын алуға көмектеседі. Кооперативтік бөлім жеке меншік сектордың экспансиясының жолын жауып, үкіметтің абсолютті жұмыс берушіге айналуына тосқауыл жасайды.