Maм 02, 2019 19:36 Asia/Almaty
  • Илаһи жетекшілер 71

Имам Хомейни Ислам революциясына дейін велаят-е факих – яғни діни басқару туралы тақырыпты баяндап, Ислам революциясының жеңісінен кейінгі өзінің басшылығы кезінде идеясын іске асырды.

Пәк имамдардың имам Мәһдидің (ғ.с.) дүниеге келуі, қысқа және ұзақ мерзімді ғайып кезеңдері, өз ғасыры мен имам Мәһди (ғ.с.) көтерілген кездегі оқиғалар мен қоғамдық, саяси, мәдени және экономикалық салалардағы өзгерістері туралы сөздері хазіреттің келетінінің нақты екенін қуаттап, оған қатысты ешқандай күдік-күмән қалдырмайды.

Имам Һади (ғ.с.) бұл туралы: "Мен және перзентім Хасаннан кейін әлемде әділет орнататын құтқарушы келеді",- деген болатын.

 

Имам Мәһдидің (ғ.с.) ғайып кезеңі адамдар үшін сынақ. Қоғамдық, саяси, мәдени және экономикалық шарықтаулар мен құлдыраулар, дағдарыстар, соғыстар мен қантөгістер, кемсітушіліктер мен әділетсіздік пен зорлық-зомбылықтың күн сайын арту бір жақтан, хазірет Мәһдидің (ғ.с.) ғайып кезеңінің ұзаққа созылуы басқа жақтан діни және саяси қырағылыққа ие, діни сенімдеріне табанды шамалы топтан басқа адамдардың иманын әлсіретті. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) сөзінің соңында: "Перзентімнің ғайып кезеңі Алла Тағала имандарын қорғағандардан басқа адамдар күдік-күмәнге берілетіндей қте ұзаққа созылады",- деген. Имам Садықтың (ғ.с.) айтуы бойынша имам Мәһди (ғ.с.) пайғамбарлардың жолы мен сүнетінің жалғасы саналатын өз жолын сипаттау үшін Қағбаның қабырғасына сүйеніп: "Уа, халайық! Хабардар болыңдар. Хазірет Адам мен хазірет Шистің жүзін көргілерің келсе, ол – менмін. Хазірет Нұх пен перзентін көргілерің келсе, мен – Нұх пен Самның өзімін. Хазірет Ибраһим мен хазірет Исмаилды көргілерің келсе, мен – сол Ибраһим мен Исмаилмын.  Хазірет Мұса мен Ешуаны көргісі келгендер, мен – солардың өздерімін. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен хазірет Әлиді (ғ.с.) көргісі келгендер, мен – Мұхаммад (с.ғ.с.) пен Әлидің (ғ.с.) өзімін. Имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейнді (ғ.с.) көргісі келгендер, мен – Хасан (ғ.с.) мен Хусейннің (ғ.с.) өзімін. Басқа пәк имамдардың (ғ.с.) жүзін көргісі келгендер, мен – сол пәк имамдардың жүзімін. Менің шақыруымды қабылдаңдар. Өйткені, мен осы кезге дейін естіген және естімеген нәрселерің туралы білемін. Қасиетті кітаптарды оқитындар менің сөздерімді тыңдауы керек",- дейді. Содан соң хазірет Мәһди (ғ.с.) илаһи пайғамбарларға жіберілген Кітаптардың үзінділерін оқып, Құран аяттарын оқиды. Сол кезде қырағы және хабардар Құранды білетіндер: "Алламен ант етеміз, бұл – Пайғамбарға (с.ғ.с.) жіберілген Құранның өзі. Оның тіпті бір қәрпі кемімеген немесе орны өзгермеген; оның еш жеріне өзгеріс енгізілмеген",- дейді.

 

Егер хазірет Мәһди (ғ.с.) рауаятта айтылғандай Алла елшісі (с.ғ.с.) мен пәк имамдардың (ғ.с.) жолын жалғастырушы болса, халық пен хазірет Мәһдидің (ғ.с.) қысқа және ұзақ мерзімді жасырын кездерінде қалай қарым-қатынас орнатылады; хазірет Мәһди (ғ.с.) қоғамды басқару міндетін қалай атқарады деген сұрақтар туындайды.  Хазірет Мәһди (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбары мен пәк имамдардың мақсаттары мен армандарын іске асыру үшін қоғамның имаматы мен велаятын өз міндетіне алады. Бірақ, оған дейінгі имамдардың Әмави және Аббаси биліктерінің менмен басшыларының қолынан қаза болған ащы тәжірибелеріне назар аудару арқылы шындықтың жалғандықты жеңу үшін Алла Тағаланың хазіретті жасырып, аман алып қалғаны белгілі болады. Халық үшін ол бұлттардың тасасында көрінбей қалған күннің көзі секілді. Хазірет Мәһди (ғ.с.) төрт жылға созылған қысқа мерзімді ғайып кезінде бірінен соң бірі төрт арнайы өкілін сайлап, бүкіл халықпен, әсіресе шиіттермен қарым-қатынас орнатты. Осман бен Саид Омари, Мұхаммад  бен Салман бен Саид Омари, Хосейн бен Рух Ноубахти және Әли бен Мұхаммад Самари хазіреттің төрт өкілі болды.

 

 

Бұл төрт адам хазірет Мәһдимен (ғ.с.) байланысты болып, халықтың наным-сенім, ахлақ, қоғамдық, мәдени және саяси тұрғыларындағы  барлық қажеттіліктері туралы хазіретпен пікір алмасып, адамдарға қисынды жауаптарын жеткізген. Бірақ, жағдай өзгеріп, жаңа қоқан-лоққылар пайда болып, бұл кезеңнің жалғасуы мүмкін болмай, ұзақ мерзімді ғайып кезеңі басталды. Бұл кезеңді қысқа мерзімдік ғайып кезеңмен салыстыруға болмайды. Сондықтан шарықтау мен құлдырауларға толы кезеңде адамзат қоғамының, әсіресе ислам әлемінің міндеті не деген сұрақ туады. Хазірет Мәһди (ғ.с.). "Барлық кезеңде біз туралы хабардар дінтанушыларға барыңдар. Олар менің дәлелім,  мен олар үшін Алланың дәлелімін» деген болатын. Хазіреттің ғайып кезеңінде шешімді қате қабылдамау үшін және адаспау үшін хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) қасиетті Ислам діні туралы терең білімге ие және қырағы дінтанушыларға барып, олардың пәтуаларына сай әрекет ету керек. Жаңа оқиғалар дегеніміз не?

Тек фикх жаңалықтары ғана ма, әлде қоғамдық, мәдени, саяси және экономикалық тұрғылардағы барлық оқиғалар ма? Ислам республикасы жүйесінің іргетасын қалаушы имам Хомейни: "Егер тек фикх мәселелері ғана болғанда, Алла елшісі кітабын жазып, баршаның жұмысын жеңілдетіп кететін еді. Оның ойы әлемде орын алып жатқан саяси, қоғамдық және күнделікті оқиғалар туралы болды. Кейбір дінтанушылар  адамзат қоғамы бетпе-бет келетін саяси, экономикалық, мәдени және өнер мәселелерімен айналыспай, тек фикх пен шариғат мәселелерімен ғана шектеліп, қазіргі әлемнің оқиғаларына ешбір жауапкершілігі жоқ сияқты қатынас жасайды. Имам Хомейни бұл ұстанымды қабылдамай, өзінің тарихи жолдауында: "Заман мен мекен – иджиһадтың екі маңызды факторы. Бұрынғы үкімет, саясат, қоғам мен экономика жағдайларының өзгеруіне байланысты мәселенің үкімі де өзгеруі мүмкін. Сондықтан мұджтахед өз заманының мәселелеріне немқұрайдылық таныта алмайды. Бір мұджтаһед зерек және қырағы болып, қоғамды басқару қабілетіне ие болуы керек. Яғни тақуа, сопы, ниеті таза болуымен бірге басқарушы да болуы керек",- деді.

 

 

Имам Хомейни Ислам революциясына дейін велаят-е факих – діни басқару туралы тақырыпты баяндап, Ислам революциясының жеңісінен кейінгі өзінің басшылығы кезінде идеясын іске асырды. Факих – билік басындағы саяси және ислам мәселелері бойынша қырағылыққа ие дінтанушы. Ислам республикасының іргетасын қалаушы өзінің тарихи жолдауының келесі бір бөлімінде: "Кітаптар мен ғұламалардың ішінде қалатын тақырыптар әлемдіктерге танылмай қалады; діндарлар барлық мәселелерге қатыспаса, қиындықтарды шешумен айналыспаса, қоғамды басқару үшін иджихадтың жеткіліксіз екенін түсінбейді. Діни орталықтар мен діндарлар  қоғам келешегінің ой-пікірлері мен қажеттіліктері туралы біліп, болатын оқиғадан әрқашан бірнеше қадам алда болуы керек. Адамзат қоғамы өз мәселелерін шешу үшін Исламның жаңа мәселелерін қажет ететін болады. Сондықтан қазір осы тақырып туралы ойлану керек» деген.                                                                 

 

 

                                                          

 

Тегтер