Maм 11, 2019 19:44 Asia/Almaty

«Саффат» сүресінің 1-6 аяттарының тәпсірі

«Иасин» сүресінің аяқталуымен бұл бағдарламада Меккеде түскен «Саффат» сүресін бастаймыз. Бұл – Құран Кәрімнің 37-ші сүресі.

Бұл сүреде меккелік басқа сүрелер сияқты діни ахкамдар мен нұсқаулар емес, сенімдік тақырыптар көбірек қуатталып, шерк пен күпіршілікпен күрескен алдыңғы пайғамбарлар, әсіресе хазірет Ибраһимнің пұттарды қиратуы баяндалып, жындар мен періштелерге қатысты бұрыс наным-сенімдер айыпталған.

«Саффат» сүресінің 1-5 аяттары:

 

«بِسْمِ اللَّـهِ الرَّحْمَـنِ الرَّحِیمِ

«وَالصَّافَّاتِ صَفًّا»، «فَالزَّاجِرَاتِ زَجْرًا»، «فَالتَّالِیَاتِ ذِکْرًا»، «إِنَّ إِلَـهَکُمْ لَوَاحِدٌ»، «رَّبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَیْنَهُمَا وَرَبُّ الْمَشَارِقِ»

 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Сап-сап тұрушы (періштелерге) серт (1);

Күнәлардан қатаң тыюшы (періштелерге) серт (2)

Үгіт оқушы (періштелерге) серт (3)

Құдай біреу (4)

Көктер мен жердің әрі араларындағылардың және шығыс жақтардың Раббы (5).

 

Бұл сүре адамның назарын аудару үшін бірнеше сертпен басталады. Құдайдың серт беруді қажет етпейтіні белгілі. Иманды адамдар оның сөзін сертсіз қабылдайды. Бірақ, илаһи серт – серт берілетін тақырыптың ұлылығы мен маңыздылығының белгісі, әрі соған назар аударту үшін қажет.

Құдай осы аяттарда аспандық уәһилерді пайғамбарларға жария етуде рөл атқаратын, пайғамбарлар уәһиді толық әрі дұрыс алып, халыққа жеткізуі үшін адамдар мен шайтандардың илаһи уәһиге кез келген ықпал етуі мен араласушылығы және қол сұғушылығынан тосатын періштелердің тобымен серт береді.  

Періштелердің бұл тобының бірінші ерекшелігіне Құдай соның ұлылығымен ант берген жүйелі саптардағы қозғалысы жатады.

Адамдардың періштелердің тәртібі мен жүйесін түсінуі үшін оларға қатысты тәжірибе-танымы жоқ. Бірақ періштелердің сап түзеуі тәртіп пен төтенше дайындықтарын көрсетеді. Себебі, әскери күштердің саптары әскерилер үшін тәртіптің факторы әрі олардың қолбасшыларының бұйрықтарын орындауға әзірлігіне себеп болады.

Періштелер жүйелі саптарда илаһи бұйрықтарды орындауға әзір тұрады. Олар жолда кездесетін кез келген кедергіні жойып, илаһи бұйрықты орындайды. Осы серттерден кейін Құран Кәрім былай дейді: «Аспандар мен жердің және барлық жаратылыстың Пәруәрдігері – бір Құдай. Оның ешбір серігі жоқ. Не періштелер, не жындар немесе ешбір басқа тіршілік иесі жаратылыстың жаратылуы мен басқарылуында рөл атқармайды. Ол – Жаратушы ғана емес, ол барлық тіршілік иелерінің істерін басқарушы. Оларға үстемдік ететін жүйе Құдайдың қолында».

Осы аяттарда сілтеме жасалған келесі жайтқа жер бетінде көптеген шығыстың бар екендігі жатады. Яғни, күн әр күні әртүрлі уақыт пен әртүрлі жерде алдыңғы күннен өзгеше аралықта шығады. Осындай күнделікті өзгерістер жүйелі әрі толығымен нақты есепке негізделген. Күн мен жер үшін белгілі бір ось белгіленген. Олардың әрқайсы өзіне тән жылдамдықпен қозғалады. Жердің әртүрлі жерінде көптеген шығыстар мен батыстардың болуы – осындай жүйелі қозғалыстардың нәтижесі.

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Істердегі жүйелілік – дін қуаттайтын құндылықтардың бірі. Ол бірліктің, күш-құдірет пен істің жылдамдығының факторы.  
  2. Межелі бағытта әрдайым кедергілер болады. Соларды жоюға күш салып, мақсаттан айнымау керек.
  3. Құдай – һәм әлемнің Жаратушысы, һәм жаратылыс істерінің басқарушысы.
  4. Жаратылыстың барлығы бір Құдайдың басшылығында. Жер мен аспан және әлемнің басқа жаратылыс иелері арасындағы үндестік – Құдайдың жалғыз екендігінің ең жақсы белгісі.

 

«Саффат» сүресінің 6 аяты: 

 

«إِنَّا زَیَّنَّا السَّمَاءَ الدُّنْیَا بِزِینَةٍ الْکَوَاکِبِ»

 

Рас, дүние көгін жұлдыздармен безендірдік. (6)

Алдыңғы аяттарда аспандар мен жер Пәруәрдігерінің жалғыз екені қуатталудың жалғасында осы аят былай дейді: «Сіздерге ең жақын аспанды жұлдыздармен әшекейледік». Расында, халқының саны көп, қым-қуат қалалардағы өмір бүгінгі адамның көшелер мен үйлердің және дүкендер мен қаланың басқа жерлерінің самаладай жарықтығына байланысты түнде жұлдыздарды көрмеуіне себеп болды. Бірақ далалар мен ауылдарда қараңғы түндердегі әдемі аспан адамды ұлылығымен қайран қалдырады.

Құдай осы аятта жұлдыздарды мерекелерде жағатын шамшырақтарға теңеген сияқты. Жұлдыздардың көбісі өте алыс қашықтықтықтардан жымыңдап, бір жанып, бір өшеді, кейбіреуі тұрақты түрде жанып тұрады.

Осы аяттан үйренетініміз:

  1. Әшекей мен сұлулықты жақсы көру – адамның ішкі болмысындағы қалауы. Сол себепті табиғи көріністердің әшекейлері мен сұлулықтарын пайдалануды Құран қуаттайды.
  2. Аспан мен жұлдыздардың сұлулығы – әлемді жаратқан Пәруәрдігердің құдіреті мен ұлылығының белгісі.
  3. Аспан мен жұлдыздарға көңіл аударып, оларды тану үшін зерттеу жүргізу – ислам дінінің ойшылдары мен данышпандары әрдайым қуаттаған ғылымның бір саласы.