814-ші бөлім, «Саффат» сүресінің 106-113 аяттары
«Саффат» сүресі, 106-113 аяттарының тәпсірі
«Саффат» сүресінің 106-108 аяттары:
«إِنَّ هَـذَا لَهُوَ الْبَلَاءُ الْمُبِینُ»، «وَفَدَیْنَاهُ بِذِبْحٍ عَظِیمٍ»، «وَتَرَکْنَا عَلَیْهِ فِی الْآخِرِینَ»
Шын мәнінде бұл бір ашық сынақ еді. (106) Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. (107) Кейінгі нәсілдерде оған (жақсы даңқ) қалдырдық. (108)
Алдыңғы бағдарламада Ыбырайым мен Ысмайыл илаһи бұйрықты орындауға әзір болғанда Құдайдың: «Уа, Ыбырайым! Сен түсінде берілген аянды кем-кетіксіз орындадың. Міндетіңді орындау жолында аянып, қалған жоқсың» деген үні естілгені айтылды.
Осы аяттар былай дейді: «Құдайдың Ысмайылды әкесінің қолымен бауыздау дегендегі мақсаты Ысмайылдың қанын әкесінің қолымен төгу емес, Ыбырайымды сынау болды. Бұл Ыбырайым Құдайдың бұйрығын орындау жолында өзінің сүйікті перзентін қиятын, қимайтыны белгілі болу үшін керек болды.
Шын мәнінде, Құдай Ыбырайымның өз перзентінің басын кескенін емес, одан бас тартуын қалады. Олар өздерінің әзірліктерін жариялаған кезде Құдай бұл сүннет тарих бойы сақталу үшін Ыбырайымға Ысмайылдың орнына үлкен қошқарды құрбандыққа шалуға бұйрық берді. Сонымен қатар Құдайдың үйінің зияратшылары мен Меккеде қажылық рәсіміне қатысушылар Мина жерінде Ыбырайым мен Ысмайылды еске алып, Құдай жолында құрбандық шалуы үшін жасалды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Баладан көңіл суытып, әкелік және перзенттік сезімдерден бас тарту – Ыбырайым мен Ысмайыл осы сынақтан абыроймен шыққан ең қиын илаһи сынақтардың бірі.
2. Құдай жолында құрбандық шалу – жыл сайын Құрбан айтта Мекке мен ислам елдерінің басқа жерлерінде орындалатын ыбырайымдық сүннеттердің бірі.
2.Соңдарынан жақсы сүннеттер қалдыратын адамдар бар. Сол себепті олардың есімдері болашақ ұрпақтың жадында мәңгілікке қалады.
«Саффат» сүресінің 109-111 аяттары:
«سَلَامٌ عَلَى إِبْرَاهِیمَ»، «کَذَلِکَ نَجْزِی الْمُحْسِنِینَ»، «إِنَّهُ مِنْ عِبَادِنَا الْمُؤْمِنِینَ»
Ыбырайым (Ғ.С) ға сәлем. (109) Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз. (110)
Өйткені, ол сенген құлдарымыздан еді. (111)
Хазірет Ыбырайым перзентін бауызда деген бұйрыққа мойынсұнушылық танытқаннан кейінгі илаһи ерекше мейірімінің көрсеткіші болған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар илаһи сәлемнің тарих бойында хазіретке жолданатынын баяндап: «Бұл мейірім мен рақым тек хазірет Ыбырайымға ғана қатысты емес. Кімде-кім өзінің мал-жаны мен қымбаттысын Құдай жолында құрбан етсе, илаһи сый мен сауапқа бөленеді» дейді.
Иманды әрі Құдай жолында құлшылық ететін адам хазірет Ыбырайым секілді Құдайдың мейірімі мен сәлеміне бөленеді. Бұл іс тарих бойы мәңгі жалғасады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Құдай Құранда пайғамбарларына сәлем жолдаған. Бірақ, ислам пайғамбарына қатысты айтар болсақ, һәм Құдай, һәм періштелері ол хазіретке сәлем мен салауат жолдайды. Құдай иман адмдарына да әрдайым пайғамбарға сәлем мен салауат жолдауды тапсырған.
2. Кез келген ізгі істің осы дүние мен ақыретте Алланың сыйы мен сауабы болады. Алланың жаза мен сауап жүйесі – кездейсоқтық емес, заң мен айқын сүннетке ие.
«Саффат» сүресінің 112-113 аяттары:
«وَبَشَّرْنَاهُ بِإِسْحَاقَ نَبِیًّا مِّنَ الصَّالِحِینَ»، «وَبَارَکْنَا عَلَیْهِ وَعَلَى إِسْحَاقَ وَمِن ذُرِّیَّتِهِمَا مُحْسِنٌ وَظَالِمٌ لِّنَفْسِهِ مُبِینٌ»
Оны пайғамбарлардың ізгілерінен Ысхақпен сүйіншіледік. (112) Өзіне де, Ысхақ (Ғ.С) қа да береке бердік. Сондай-ақ, екеуінің ұрпақтарынан жақсы болғандар да өздеріне ашық зұлымдық еткендер де бар. (113)
Құран алдыңғы аяттарда Ыбырайымның перзенті Ысмайылға сілтеме жасап, Ысмайылды сабырлы, төзімді жасөспірім деп атады. Бірақ, осы аяттар хазірет Ыбырайымның келесі баласы Ысқақтың пайғамбар болатынын әкесіне сүйіншіледі.
Ол да басқа пайғамбарлар сияқты өз заманындағы салих пайғамбарлардың бірі болды. Сол себепті оған илаһи мейірім мен рақым берілді. Құран оны «береке» деп атады. Барлық нәрсенің берекесі: өмір мен тұрмыстағы, ұрпақтың, ой мен діндегі береке. Себебі, береке – мәңгілік игілік. Мәңгілік жақсылықтардың бірі мынада: Исраил қауымының пайғамбарлары Ысхақтың ұрпағынан, ислам пайғамбары Ысмайыл ұрпағынан болған.
Аяттардың соңында: «Бірақ, Ысхақ пайғамбардың перзенттерінің бәрі ізгі адамдар болған жоқ. Олардың бір тобы залым, күнәһар болған. Пәк тегіне қарамастан бұрыс таңдау жасап, заңсыз жолды бетке алу – адамның ерік-жігері мен еркінің қажеттілігі" деп айтылған.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Пайғамбарлардың әулетінде де имансыз адамдар болуы мүмкін. Пайғамбарлармен немесе пәк, салих адамдармен отбасылық туыстық ол адамдардың жетекшілік жолына түскенін білдірмейді. Әкесі Құдайдың дәргейінің таңдаулысы болғанымен, баласы Хақ жолынан теріс айналған болуы ықтимал.
2.Хазірет Ысмайылдың перзенттері мен ұрпағы туралы дұғасы Ысмайыл мен Ысхақ пен келесі ұрпағының илаһи мейірімге бөленуі үшін негіз қалады. Біз де әрдайым перзенттеріміз бен олардың болашақ ұрпағының дұрыс болуы үшін дұға тілейік.