Маусым 02, 2019 21:33 Asia/Almaty

Саффат» сүресі, 174-182 аяттарының тәпсірі

«Саффат» сүресі, 174-177 аяттарының тәпсірі

 

 

«فَتَوَلَّ عَنْهُمْ حَتَّى حِینٍ»، «وَأَبْصِرْهُمْ فَسَوْفَ یُبْصِرُونَ»، «أَفَبِعَذَابِنَا یَسْتَعْجِلُونَ»، «فَإِذَا نَزَلَ بِسَاحَتِهِمْ فَسَاءَ صَبَاحُ الْمُنذَرِینَ»

 

(Мұхаммед Ғ.С.) сонда олардан бір мезгілге дейін бет бұра тұр. (174)

Оларды көре тұр, олар да жақында көреді. (175)

Олар азабымыздың жедел келуін қалай ма? (176)

Қораларына (азап) түскен кезде ескерту берілгендердің таңы нендей жаман. (177)

 

Алдыңғы бағдарламада хақтың жалғанды, пайғамбардың серіктерінің кәпірлер мен дінді теріске шығарушыларды жеңетіні айтылды. Бұл аяттар соның жалғасында ислам пайғамбарына былай дейді: «Кәпірлер мен мүшіріктер жөнге келіп, оралуы үшін немесе Құдай олардың есебін өзі беріп, оларға азабын жіберуі үшін олардан біраз уақыт сырт айналып, өз жөндеріне қоя бер. Олар жақында істерінің салдарын көреді. Иманды адамдар да олардың жеңілістері мен қорлыққа ұшырағанын байқайтын болады». Алайда кәпірлер әрдайым келеке етіп, сенімсіздікпен: «Сендер уәде еткен азап қашан келеді?» дейді. Олар азаптың түсуін асыға күтетін сынды. Азап түскен кезде ақиқатты түсінгенімен ешбір пайдасы болмайды.

  

Осы аяттардан үйренетініміз:

 

1.Қарсылық немесе қоқан-лоққы ретінде қарсыластардан теріс айналып, оларды жөндеріне жіберу – пайғамбарлардың тәсілдерінің бірі. Қырсық, қыңыр адамдарды тәрбиелеп, түзету жолында ақылдары кіріп, хақ жолына оралуы үшін оларды кейде біраз уақытқа өз жөндеріне қоя беру керек.

2. Қарсыластардан сырт айналу уақытша әрі қисын негізінде болуы керек. Қырсық, қыңыр, адасқан адамдардың түзеліп, қайтып оралуы үшін жолды жаппау керек.

3.Дінді мойындамайтындар мен қырсық дұшпандар басқаларға сабақ болу үшін осы дүниеде жеңілістің ащы тәмін татады. Мүміндер де олардың ащы тағдырларын көреді.  

 

«Саффат» сүресінің 178-182 аяттары:

 

«وَتَوَلَّ عَنْهُمْ حَتَّى حِینٍ»، «وَأَبْصِرْ فَسَوْفَ یُبْصِرُونَ»، «سُبْحَانَ رَبِّکَ رَبِّ الْعِزَّةِ عَمَّا یَصِفُونَ»، «وَسَلَامٌ عَلَى الْمُرْسَلِینَ»، «وَالْحَمْدُ لِلَّـهِ رَبِّ الْعَالَمِینَ» 

 

Сонда олардан бір уаққа дейін аулақ бол. (178)

Тағы оларды байқай тұр. Жақында олар көреді. (179)

Қастерлі Раббың олардың сипаттағандарынан пәк. (180)

Елшілерге сәлем! (181)

Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Алла (Т.) ға лайық. (182)

 

 

Алдыңғы тақырыпты қуаттау үшін Құран ислам пайғамбары мен иманды адамдарға: «Хақтың алдында қырсығып, хақты қабылдауға әзір еместерді біраз уақытқа өз жөндеріне қоя беріп, Құдайдың олардың істерінің жазасын беруін күтіңдер» дейді.

«Саффат» сүресінің соңғы аяттары былай дейді: «Ғиззат пен құдірет – сенің Пәруәрдігеріңе тән. Соңында иман иелері құрметке бөленеді. Кәпірлер мен мүшіріктер қорлықтың дәмін татады.

Егер иман иелері Құдайға тәуекел етіп, тек оған ғана арқа сүйесе, Құдайдың оларды кәпірлердің алдында жеңіске жеткізетініне сенімді болсын. Әлсіздік пен қауқарсыздықтан ада Құдай қалаған ісін жүзеге асырады.

Тарихи деректерге сәйкес, Құдай елшілерін үнемі қорғап, оларға жәрдемдесіп, өзінің сәлемін жолдап, панасына алды. Сондықтан әлемнің басқарушысы, ғиззат пен ұлылық иесі Құдайды мадақтап, мақтау керек».

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Қырсықтарды жазалау туралы Құдайдың уәдесі – міндетті әрі кесімді. Оған қатысты күмәндануға болмайды.

2.Мәңгілік ғиззат Пәруәрдігерге тән. Құдайдың құлы да – ғазиз, әрі мәңгілік.

3.Тек әлемдіктердің Пәруәрдігері ғана мадақтауға лайық. Өйткені, ол – жаратылыс әлемінің  басқарушысы, барлық кемелдік пен сұлулықтың мәйегі.