822-ші бөлім, «Сад» сүресінің 1-4 аяттары
«Сад» сүресі, 1-4 аяттарының тәпсірі
«Саффат» сүресінің аяқталуымен осы бағдарламада «Сад» сүресін бастаймыз. Бұл 88 аяттан тұратын Құран Кәрімнің 38-ші сүресі.
«Сад» сүресінің 1-2 аяттары:
«ص وَالْقُرْآنِ ذِی الذِّکْرِ»، «بَلِ الَّذِینَ کَفَرُوا فِی عِزَّةٍ وَشِقَاقٍ»
Сад. Үгіт толы Құранға серт. (1)
Әрине қарсы болғандар, дандайсып, тартысуда. (2)
Бұл сүре де Құранның басқа 28 сүресі сияқты жеке қаріптермен басталған. Бұрын «Бақара» сүресінің бірінші аятын түсіндіргенде әдетте бұл қаріптерден кейін Құранның ұлылығы баяндалатынын айтқан болатынбыз. Себебі, Құран – барлық адамдардың ықтиярындағы әліппенің қәріптерімен жазылғанына қарамастан ол сияқтыны ешбір адам әкеле алмаған, әкеле алмайтын мұғжиза.
Бұл сүре де «Сад» қарпінен кейін Құранды сипаттап: «Бұл кітап – бастан-аяқ зікір мен ескерту» дейді.
Айтатын жайт, адамдар ақиқаттардың көбін өздерінің Құдай берген пәк болмыстары арқылы білгенімен, қапылдықтары мен ішкі нәпсілік тілектері немесе сыртқы факторлар адамдардың оны ұмытуына себеп болады. Бірақ, Құран оқып, оның аяттарының мазмұнына көңіл бөлу адамның қапылдықтан шығып, ескертілуіне себеп болады. Сонымен қатар адам діни тағылымдар негізінде қабылдаған ақиқаттарды қияметтің болатыны сияқты ұмытуы мүмкін. Сол себепті Құран аяттарының көбі өлімнен кейін адамның басынан өтетінді әртүрлі байланыстармен оның есіне салады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
- Құдайдың Құранмен серт беруі – бұл кітаптың ұлылығы мен оның шынайылығының белгісі.
- Құран Кәрім адамның ұйқыдағы ұжданын оятып, ұмытқан білімдерін есіне салады.
- Құран адамдарға ескерту мен жетекшілік жасау үшін түсірілген. Алайда адамдардың бір тобы тәкәппарлық пен қырсықтықтарына бола хақты қабылдауға әзір емес.
«Сад» сүресінің 3-4 аяттары:
«کَمْ أَهْلَکْنَا مِن قَبْلِهِم مِّن قَرْنٍ فَنَادَوا وَّلَاتَ حِینَ مَنَاصٍ»، «وَعَجِبُوا أَن جَاءَهُم مُّنذِرٌ مِّنْهُمْ وَقَالَ الْکَافِرُونَ هَـذَا سَاحِرٌ کَذَّابٌ»
Олардан бұрын қаншалаған нәсілді жоқ еттік. Сонда олар ойбайлады да; бірақ құтылар заман емес еді. (3)
Олар өздерінен бір ескертуші келгеніне таңырқады да қарсы болғандар: “Бұл бір сиқыршы, барып тұрған суайт” деді. (4)
Құран аяттарын алғашқы болып Меккенің мүшіріктері естіді. Осы аяттар оларға ескерту жасап, егер басқа халықтардың жаман тағдырларына назар аударса, олардың әрқайсының шерк пен күпіршілікке салынғандықтан Алланың қаһары мен ашуына ұшырағанын, қашатын, құтылатын еш жол таппағанын көретінін ескертеді. Аяттардың жалғасы былай дейді: «Бірақ, пайғамбар Құран аяттарын мүшіріктерге оқып, оларға ескерту жасаған кезде олар бұрынғы қауымдардың тағдырларынан ғибрат алудың, аяттар жайлы ойланып, жетекшілік жолын табудың орнына хазіретті сиқыршы, жәдігөй деп атады".
Рауаяттарда Құрайыш басшыларының исламның ардақты пайғамбарының ағасы Әбу Талебке барып: «Сенің немере інің біздің жастарымызды адастырып, құдайларымызға да күдік-күмән келтірді. Егер ол атақ пен байлыққа қол жеткізуді көздесе, бірақ, егер өзінің осы сөздерінен қайтатын болса, оны Құрайыштың ең бай адамына айналдырамыз» деп айтқан сөздері сақталған.
Әбу Талеб мүшіріктердің сөзін пайғамбарға жеткізгенде хазірет былай деген: «Егер олар күнді оң қолыма, айды сол қолыма қондырса да ешқашан райымнан қайтпаймын».
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Күпіршілік пен шерк қырсықтық пен қыңырлық негізінде болса, адамның осы дүниедегі өліміне де себеп болады. Алланың құдіреті мен ерік-жігеріне қарсы ешқандай шара жоқ. Алланың қаһарынан бұрын өкініп, тәубеге келген дұрыс. Одан кейінгі ештеңенің пайдасы болмайды.
2. Адамдардың арасындағы ортақ қажеттіліктер мен ерекшеліктерге көңіл аударып, олар үшін жақсы үлгі мен өнеге болу үшін пайғамбарлар адамдардың арасынан таңдалуы керек.
3. Қорлық пен жала жабу – кәпірлердің иман иелерімен қарсыласу үшін ең кең тараған тәсілдерінің бірі. Олар Құдайдың пайамбарларын жәдігөй, өтірікші деп атағанда пайғамбарлардың ізбасарлары да кез келген тіл тигізу және жаламен бетпе-бет келуге дайын болуы керек.