Маусым 04, 2019 23:14 Asia/Almaty

«Сад» сүресі, 5-11 аяттарының тәпсірі

«Сад» сүресінің 5-7 аяттарының тәпсірі:

 

«أَجَعَلَ الْآلِهَةَ إِلَـهًا وَاحِدًا إِنَّ هَـذَا لَشَیْءٌ عُجَابٌ»، «وَانطَلَقَ الْمَلَأُ مِنْهُمْ أَنِ امْشُوا وَاصْبِرُوا عَلَى آلِهَتِکُمْ  إِنَّ هَـذَا لَشَیْءٌ یُرَادُ»، «مَا سَمِعْنَا بِهَـذَا فِی الْمِلَّةِ الْآخِرَةِ إِنْ هَـذَا إِلَّا اخْتِلَاقٌ»

 

“Тәңірлерді бір-ақ Құдай қыла ма? Әрине, бұл тым таңғажайып нәрсе.” (5) Олардың бастықтары келіп: “Жүріңдер, өз тәңірлеріңде сабыр ете тұрыңдар. Сөз жоқ, бұл бір мақсатты нәрсе.” (6)

“Тіпті бұны біз өзге дінде естіген емеспіз. Бұл мүлде бір жасанды жол.” (7)

 

 

Өткен бағдарламада Мекке мүшіріктерінің үлкендері ислам пайғамбарының сөздерін естігенімен, қабылдауға әзір болмағанын, басқалардың хазіреттің соңынан еруіне тосқауыл жасау үшін пайғамбарды жәдігөй, сиқыршы деп атағанын айттық.

 

Осы аяттар былай дейді: "Олар адамдарға «Сендердің көптеген құдайларың бар. Әрбір іс үшін солардың біріне жүгінесіңдер. Бірақ, бұл пайғамбар барлық құдайларыңды тартып алып, олардың орнын алмастырмақ. Көрінбейді, оны көре де, сезе де алмайсыңдар.  

Егер мақсаттарыңа жеткілерің келсе, пұтқа табынушылыққа табандылық танытып, пұттарыңнан қол үзбеңдер. Мына адамның таңқаларлық сөздеріне құлақ қоймаңдар. Себебі, бұл – бұрын-соңды айтылмаған сөз. Бұрынғылардың табыну туралы бізге үйреткен жолдары мен тәсілдері  – осындай. Біз олардың табыну тәсілдерінен мұндай дінді көрмейміз» десті.

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

 

  1. Пайғамбарлардың маңызды міндеті – жалған құдайларды теріске шығарып, бір Құдайды дәлелдеу. Бұл іс мүшіріктер мен кәпірлер үшін тосын көрінді.
  2. Егер адамдар әкелерінің тәсілімен өмір сүргісі келсе, оларға бұрынғы сенімдерінен бас тартып, өмірлеріндегі жаңа жол мен дінді қабылдау қиын әрі адам сенгісіз көрінеді.
  3. Кәпірлердің басшылары хақ жайлы күмән тудырып, бүлік тудырады. Олар теріс, адастыратын жарнамаларымен адамдардың хақ сөз айтылатын қоғамдарда жиналуынa тосқауыл жасайды.

 

 

 

«Сад» сүресінің 8 аяты:

 

«أَأُنزِلَ عَلَیْهِ الذِّکْرُ مِن بَیْنِنَا  بَلْ هُمْ فِی شَکٍّ مِّن ذِکْرِی  بَل لَّمَّا یَذُوقُوا عَذَابِ»

 

 

“Арамыздан осыған ғана үгіт түсірілді ме?,- (десті). Олай емес, олар Менің үгітімнен күдіктенуде. Әрине олар азабымды татқан жоқ. (8)

 

Мекке мүшіріктері ислам пайғамбарының шынайылығына күмән келтіріп, мынадай сылтау айтты: «Құрайыштардың осыншама үлкені болғанына қарамастан, не байлығы, не аты мен дәрежесі жоқ жетімге Алланың уәхиі түсуінің себебі не? Егер Құдай біреуге періштелерін түсіргісі келгенде Құрайыштың үлкендері арасынан атақты, ықпалға ие, өте бай адамды таңдауы керек». 

Бұл сөздің барлық нәрсені материалдық өлшемдермен бағамдайтын, көбірек байлық пен билікке ие адамды қоғамға жетекшілік етуге лайық санайтын дүниеқұмарлардың қисыны екендігі айқын.

Илаһи жетекшілік – рухани іс. Оның қажетігі пәк рух пен сау фитратқа иелікте.

Сол себепті Құдай тиісті шарттарға кімнің ие екенін, кімге пайғамбарлық міндетті жүктеп, оны орындайтынын жақсы біледі.

Аяттың жалғасы былай дейді: «Қырсықтық немесе қызғаныштан хақты қабылдауға әзір еместер Алланың жазасының дәмін татып, хақты теріске шығарудың салдарын көреді».

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

 

1.Хақты теріске шығарып, оны қабылдамаудың себептеріне қызғаныш пен өзін артық санау жатады. Кейде адам өзін артық санау арқылы басқалар иені өзінің хақы санап, сол хаққа жету жолында өзін ұпайға иемін деп ойлауы мүмкін.

2. Күдік-күмән – табиғи сезім. Күдіктенген кезде адам ақиқат анықталып, күдік-күмән сейілу үшін оны зерттеуі керек.    

3.Алайда, бір нәрсеге күдіктенген кезде оны теріске шығаруға болмайды.

 

«Сад» сүресінің 9-11 аяттары:

 

 

«أَمْ عِندَهُمْ خَزَائِنُ رَحْمَةِ رَبِّکَ الْعَزِیزِ الْوَهَّابِ»، «أَمْ لَهُم مُّلْکُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَیْنَهُمَا فَلْیَرْتَقُوا فِی الْأَسْبَابِ»، «جُندٌ مَّا هُنَالِکَ مَهْزُومٌ مِّنَ الْأَحْزَابِ»     

 

 

(Мұхаммед Ғ.С.) немесе өте үстем, аса жомарт Раббыңның мәрхаметінің қазынасы олардың қасында ма? (9)

 

Не көктер мен жердің әрі арасындағылардың иелігі олардікі ме? Ендеше, ыңғайын тауып, көтеріліп көрсін. (10)

 

(Олар) мұнда соққы жеген рулардан бір қол. (11)

                                               

       Бұл аяттар алдыңғы аяттардың жалғасында ислам пайғамбарына уәхидің түскенін теріске шығарушыларға былай дейді: «Құдай олар қалаған адамға пайғамбарлық үкімін беретіндей немесе қаламаған адамнан пайғамбарлық міндетті қайтарып алатындай пайғамбарларды анықтау жауапкершілігін оларға жүктеп пе?». 

Кейбір адамдар қандай өзімшіл?! Олар өздерін барлық нәрсені білетіндей, барлық нәрсені анықтау күшіне ие сияқты санайды. Тіпті, Құдайдың орнына міндет анықтауға, илаһи үкімдер мен бұйрықтар туралы пікір білдіріп, қайсы дұрыс, қайсы бұрыс деуге дейін барады.

Аяттардың жалғасы пайғамбар мен мұсылмандарға: «Мүшіріктердің жөнсіз сөздеріне бола осалдыққа салынбаңдар. Себебі, бұлар – әртүрлі топтар арасынан шыққан азғана топ. Бұлар хаққа қарсы тұрып, пайғамбарлардың хақ талап еткен үндерін өшіруде табысқа жете алмаған» дейді.

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

 

1.Адамдарға пайғамбарлар арқылы жетекшілік ету – илаһи кең рақымның көрінісі.

2.Адамдар үшін заң жүйесі жаратылыс жүйесінің Жаратушысы әрі әлем істерінің басқарушысы Құдайдың қолында.

3.Хақпен қарсыласатын топтар сырттай билікке ие сияқты көрінгенімен соңында жеңіледі.