825-ші бөлім, «Сад» сүресінің 20-25 аяттары
«Сад» сүресі, 20-25 аяттарының тәпсірі
«Сад» сүресінің 20 аяты
«وَشَدَدْنَا مُلْکَهُ وَآتَیْنَاهُ الْحِکْمَةَ وَفَصْلَ الْخِطَابِ»
Оның патшалығын күшейтіп, оған даналық, сондай-ақ, дауға билік айту қабілетін бердік. (20)
Алдыңғы бағдарламада хазірет Дәуіт туралы айттық. Хазірет Дәуіт – Пәруәрдігерімен көп мүнәжат еткен, Құдайды пәктегенде таулар мен аспандағы құстар онымен үндескен пайғамбар. Осы аяттар былай дейді: «Құдай хазірет Дәуітке барлық пайғамбарларға берген хикметпен қоса билік ету мен төрелік жасауды да берді». Басқаша айтқанда, хазірет Дәуіт – пайғамбарлық пен басшылықққа қатар ие болған пайғамбарлардың бірі. Бұл дін мен саясаттың бірге бола алатынын, пайғамбарлардың Алланың жолдауын жеткізуге ғана жауапты еместігін, керісінше, мүмкін жерде Алланың бұйрықтарын қоғамда орындау міндетін мойындарына да алатынын көрсетеді. Олар ғибадатханалар мен мешіттерде отырған жоқ, я болмаса, ақыл-кеңес берумен ғана шектелмеген. Қажет жағдайда басшы ретінде ел басқарған, төрелік етіп, үкім шығарған.
Осы аяттан үйренетініміз:
- Құдай мен адамдардың құқықтары сақталуы үшін билік хикмет пен әділет негізінде болуы керек.
- Билік пен үкімет салих, илаһи ерлердің қолында болған жағдайда ғана заңды болады.
«Сад» сүресінің 21-25 аяттары:
«وَهَلْ أَتَاکَ نَبَأُ الْخَصْمِ إِذْ تَسَوَّرُوا الْمِحْرَابَ»، «إِذْ دَخَلُوا عَلَى دَاوُودَ فَفَزِعَ مِنْهُمْ قَالُوا لَا تَخَفْ خَصْمَانِ بَغَى بَعْضُنَا عَلَى بَعْضٍ فَاحْکُم بَیْنَنَا بِالْحَقِّ وَلَا تُشْطِطْ وَاهْدِنَا إِلَى سَوَاءِ الصِّرَاطِ»،
«إِنَّ هَـذَا أَخِی لَهُ تِسْعٌ وَتِسْعُونَ نَعْجَةً وَلِیَ نَعْجَةٌ وَاحِدَةٌ فَقَالَ أَکْفِلْنِیهَا وَعَزَّنِی فِی الْخِطَابِ»،
«قَالَ لَقَدْ ظَلَمَکَ بِسُؤَالِ نَعْجَتِکَ إِلَى نِعَاجِهِ وَإِنَّ کَثِیرًا مِّنَ الْخُلَطَاءِ لَیَبْغِی بَعْضُهُمْ عَلَى بَعْضٍ إِلَّا الَّذِینَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَقَلِیلٌ مَّا هُمْ وَظَنَّ دَاوُودُ أَنَّمَا فَتَنَّاهُ فَاسْتَغْفَرَ رَبَّهُ وَخَرَّ رَاکِعًا وَأَنَابَ»، «فَغَفَرْنَا لَهُ ذَلِکَ وَإِنَّ لَهُ عِندَنَا لَزُلْفَى وَحُسْنَ مَآبٍ»
Саған даушының хабары келді ме? Сол уақытта дуалдан асып бөлмеге кіріп келген еді. (21)
Олар Дәуіт (Ғ.С) ке кірген сәтте, сонда олардан абыржып қалды. Олар: “Қорықпа, бір-біріне өктемдік еткен екі даушымыз. Арамызға туралықпен билік қыл. Шатаспа да бізді тура жолға сал” деді. (22)
“Рас, мына туысымның тоқсан тоғыз саулығы бар еді де менің бір саулығым бар еді. Сонда да ол “Оны маған тапсыр” деп, сөз бойынша өзіме өктемдік істеді.” (23)
Дәуіт (Ғ.С.): “Шынында сенің саулығыңды өз саулықтарыңның үстіне сұраумен саған зұлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болғандардың көбі, әрине бір-біріне қаралық істейді. Бірақ иман келтіріп, турашылдық істегендер басқа. Олар азғантай” деді. Дәуіт (Ғ.С.) шын мәнінде өзін сынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп, сәждеге жығылып, бой ұсынды. (24)
Сонда оны жарылқадық. Шәксіз оның Біздің қасымызда әлбетте жақындығы, көркем келешегі бар. (25)
Алдыңғы аятта Құдайдың хазірет Дәуітке төрелік етуді сыйлағанын айттық. Осы аяттар екі адамның хазірет Дәуітке келіп, хазіреттен олардың арасында әділ төрелік сұрағаны туралы оқиғаға сілтеме жасайды.
Олардың келу тәсілі де қалыпты болған жоқ. Олар Дәуіттің оққағарлары қалаған уақытта хазіретке келуге рұқсат етпейтінін білді. Сол себепті Дәуіт намаз бен мүнәжат уақытында ғибадат етіп жатқан кезде михрабтың қабырғасынан артынан шығып, күтпеген жерден хазіреттің жанында пайда болды. Бұл әрекеттері Дәуіттің қорқып, олардың ниеттері жаман, оны өлтіруге келді екен деп ойлауына себеп болды. Алайда олар: «Уа, Дәуіт! Қорықпа! Біз дауласып жүрміз. Сенен төрелік сұрап келдік» деді. Олардың тосыннан кіріп келуі Дәуіттің төрелік сұраушының сөзін естіген соң айыпталушының жауабын естімей жатып, асығыстықпен оны зұлымдық жасады, хақысы жоқты сұрады деп үкім шығаруына себеп болды. Айыпталушы да ләм-мим деген жоқ, қарсыласпай, екеуі тез кетіп қалды.
Олар кеткен соң Дәуіт төрелік әдебін дұрыс орындамағанын түсініп, айыпталушының сөзін естімей жатып, оған қарсы үкім шығарғанын білді. Сол себепті Құдайдың алдында тәубеге келді. Құдай оның тәубесін қабылдады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Дауласушы, пікір қайшылығына ие тараптар қазыдан хақ пен әділет негізінде төрелік жасауды сұрауы керек. Әр тараптың қазыға қысым жасап, оның мүддесіне үкім шығаруды сұрағаны жарамайды.
2.Қоғамда әділет орнату – халықты тура жолға нұсқайтын және оларды әсірешілдік пен бұрыс жолға түсуден сақтайтын фактор.
3. Адам – ашкөз, шектен тыс талап етуші. Ол дүниенің байлығы мен ләззатына ешқашан тоймайды. Сондықтан әдетте байлар басқалардан көбірек байлыққа ие болуды қалайды.
3. Төрелік ету үшін тыныш кеңістік пен жағдай керек. Көңілі алып-ұшып, сезімге берілген күйде төрелік жасауға болмайды. Ондай жағдай төреліктегі асығыстық пен сасқалақтауға себеп болады. Соңы өкінішке де ұласады.
4. Дұрыс экономика иман мен түзу ғамалдың арқасында орнайды. Егер қоғам адамдары Құдайға иман келтірмесе, көбірек пайда табу үшін бір-бірінің құқықтарын зая етуі мүмкін.