830-шы бөлім, «Сад» сүресінің 44-48 аяттары
«Сад» сүресінің 44-48 аяттарының тәпсірі
«Сад» сүресінің 44 аяты:
«وَخُذْ بِیَدِکَ ضِغْثًا فَاضْرِب بِّهِ وَلَا تَحْنَثْ إِنَّا وَجَدْنَاهُ صَابِرًا نِّعْمَ الْعَبْدُ إِنَّهُ أَوَّابٌ»
“Қолыңа бір топ ши алып, сонымен бір ұр. Сертіңнен қайтпа!” Шынында оны сабырлы көрдік. Ол не деген жақсы құл. Өйткені ол, өте бойсұнушы. (44)
Алдыңғы бағдарламада хазірет Айюб туралы айтқанда Құдайдың оны ауыр науқасқа шалдықтырып, байлығы мен перзенттерін алып сынағанын, сол қиындықтарда оның әрдайым сабырлы, шүкіршіл болғанын айттық.
Рауаяттар былай дейді: «Хазірет Айюбтың зайыбы оның науқастығының барлық кезеңінде жалғыз қалдырмай, үнемі қасында болды. Науқас жұбайына қараудан шаршаған бір күні шайтанның азғыруына түсіп: «Құдай Айюбты ұмытқан сияқты. Ол қиындықтардан құтылу үшін Құдайдан басқаны іздеуі керек» деген сөз айтты. Хазірет Айюб бұл сөзге қатты ашуланып, орнынан тұрған кезде әйелін жазалауға серт берді. Бірақ, Айюб Алланың мейірімімен тағатын тауысқан аурудан айыққанда қиындықтар мен ауырған кездегі әйелінің жанкештілігі мен қасынан табылғаны үшін оны жазалау райынан қайтты.
Осы аят былай дейді: «Құдай Айюбқа: «Құдайдың атымен серт бердің. Құдайдың атының құрметі сақталуы үшін берген сертіңді бұзба. Ол кешірімге лайық болғандықтан қураған бидайдың бір дестесі сияқты нәрсені алып, әйеліңді ақырын ұр. Сол кезде сертіңді де сақтайсың әрі оған зиян келмейді».
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Қияметте Құдай адамның ізгіліктері үшін оның жамандықтарының жазасын азайтатыны сияқты осы дүниеде де ізгілік иелерін жазалауда жақсы істері үшін оларға жеңілдік беруді тапсырады.
2. Құдайдың есімі құрметке ие. Сол себепті Құдайдың атымен берілген серт бұзылмауы керек.
3.Пайғамбармен жақын туыс болу заңды іске асыруға бөгет болмайды.
«Сад» сүресінің 45-48 аяттары:
«وَاذْکُرْ عِبَادَنَا إِبْرَاهِیمَ وَإِسْحَاقَ وَیَعْقُوبَ أُولِی الْأَیْدِی وَالْأَبْصَارِ»، «إِنَّا أَخْلَصْنَاهُم بِخَالِصَةٍ ذِکْرَى الدَّارِ»، «وَإِنَّهُمْ عِندَنَا لَمِنَ الْمُصْطَفَیْنَ الْأَخْیَارِ»، «وَاذْکُرْ إِسْمَاعِیلَ وَالْیَسَعَ وَذَا الْکِفْلِ وَکُلٌّ مِّنَ الْأَخْیَارِ»
(Мұхаммед Ғ.С.) құлымыз Ыбырайым, Ысхақ және Яғқұп (Ғ.С.) ты есіңе ал. Олар мықты да қырағы еді. (45)
Расында Біз оларды нағыз ақыретті еске алуға арнадық. (46)
Сөз жоқ, олар, қасымызда таңдаулы игі-жақсылардан. (47)
(Мұхаммед Р.С.) Ысмайыл, Ілияс және Зүлкәфіл (Ғ.С.) ді де есіңе ал. Барлығы жақсылардан еді. (48)
Бұрынғы пайғамбарлардың өмірлерін баяндаған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар алты илаһи пайғамбар туралы қысқаша баяндап: «Олар Құдайдың пәк пенделері болды. Құдай да оларды күнә мен рухани ластықтардан тазалап, оларды тазалықтың ең биік дәрежесіне жеткізді» дейді.
Осы аяттарда сілтеме жасалған пайғамбарлардың алғашқы ерекшелігі олардың Құдайдың құлы болуында. Пайғамбарлар құлшылық етудің арқасында осындай дәрежеге жеткен. Олар тек Құдайға құлшылық етуде ғана емес, сонымен қатар өмірдің барлық істерінде шынайы түрде Құдайдың бұйрығына мойынсұнды. Олардың қатынастары өмір бойы өздерінің талап-тілектерінің соңынан жүгіріп, егер қалауларына қарсы іс жасалса, жиіркеніш және ренішпен бетпе-бет келетін қарапайым адамдарға толығымен қарсы болды.
Илаһи ерлер әрдайым Құдайдың қалауын өздерінің қалауларынан артық санап, оны ықыласпен орындап, мақтан тұтады.
Бұл деңгейге жету талпыныс пен күрескерлікті қажет етеді. Мұндай адамдар пайғамбарлыққа лайық деп танылып, ізгілер мен таңдаулыларға айналады.
Құлшылықпен қатар Құдай пайғамбарларды ғылым мен көрегендік иелері санайды. Міндетті анықтауда түсінімпаздық пен мықты көзқарас және міндеттерін ілгерілетуде өзі мен ізбасарларының мүмкіндіктерін пайдалану – илаһи ерлердің келесі ерекшеліктері.
Осы аяттар қиямет күні мен адамның дүниеге тәуелдіктен босаудағы рөлін еске салып, пайғамбарларды «ізгі жақсылар» деп бірнеше рет атады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
- Бұрынғы қауымдар мен пайғамбарлардың өмірлерін зерттеп, зерделеу мен Алланың елшілерін құрметтеу – Құранның адамдарды тәрбиелеу мен дамытудағы тәсілдерінің бірі.
- Пайғамбарлардың кемелдіктерінің бастауы – құлшылық. Сол себепті, Құдайдың алдындағы риясыздық олардың басқа кемелдіктерінен бұрын айтылады. Басқаша айтқанда, пайғамбарлар Құдайға құлшылықтың арқасында осындай жоғары дәрежеге жетті.
- Дүние талап ету мен ақыретке үнемі көңіл аудару адамның дүниелік ластықтардан тазалануына негіз әзірлеп, оған көрегендік пен сұңғылалық сыйлайды.