833-ші бөлім, «Сад» сүресінің 67-74 аяттары
«Сад» сүресі, 67-74 аяттарының тәпсірі
«Сад» сүресінің 67-70 аяттары:
«قُلْ هُوَ نَبَأٌ عَظِیمٌ»، «أَنتُمْ عَنْهُ مُعْرِضُونَ»، «مَا کَانَ لِیَ مِنْ عِلْمٍ بِالْمَلَإِ الْأَعْلَى إِذْ یَخْتَصِمُونَ»، «إِن یُوحَى إِلَیَّ إِلَّا أَنَّمَا أَنَا نَذِیرٌ مُّبِینٌ»
“Бұл бір ірі хабар” де: (67)
“Сендер Одан бет бұрсаңдар.” (68)
“Жоғары әлемдегілердің тартыспаларынан мәліметім жоқ еді.” (69)
“Шын мәнінде ашық бір ескертуші болғандығынан ғана маған уахи етілуде” (де). (70)
Өткен бірнеше бағадарламада қарастырған аяттарда жұмақ пен тозақ және жұмақтықтар мен тозақтықтардың жағдайы сөз болды.
Осы аяттар былай дейді: «Бұлар – ғайып істері. Уәхисіз оларды танитын жол жоқ. Бұл уәхи пайғамбарға түскеннен кейін Құран түрінде жазбаша түсірілді». Сол себепті басында: «Уа, пайғамбар! Мүшіріктерге айт: «Бұл Құран – сендер Құдайға деген күпірліктерің арқылы одан теріс айналған және менің сөзімді естуге әзір болмаған, ол туралы ойланғыларың келмеген үлкен хабар. Мен бұл хабарды өзімнен айтпаймын. Бұлардың барлығы болашақ пен сендерді күтіп тұрған келешек туралы айтуым үшін маған уәхи етілді. Мен өзімнің ғайып ілімім жоқ. Құдай уәхи етпесе, сендер сияқты ғайып ісінен менің де еш хабарым жоқ. Адамды жарату кезіндегі періштелердің дауласу оқиғасынан хабарым жоқ болған. Одан мені Құдай хабардар етті» дейді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
- Сенім істерінде халықтың қабылдауы, теріс айналуы мен қарсыласуы сол ой-пікірдің растығы немесе жалғандығының белгісі емес.
- Пайғамбарлардың ғайып істерінен хабардарлығының дереккөзі – Пәруәрдігердің уәхиі. Шәксіз, пайғамбарлардың уәхи істерінен ғылымы мен хабардарлығы абсолютті емес, Құдай оларға уәхи ететін мөлшерде.
«Сад» сүресінің 71-72 аяттары:
«إِذْ قَالَ رَبُّکَ لِلْمَلَائِکَةِ إِنِّی خَالِقٌ بَشَرًا مِّن طِینٍ»، «فَإِذَا سَوَّیْتُهُ وَنَفَخْتُ فِیهِ مِن رُّوحِی فَقَعُوا لَهُ سَاجِدِینَ»
Сол уақытта Раббың періштелерге: “Мен балшықтан бір адам жаратамын” деген. (71)
“Қашан оны жасап, оған рухымнан үрлеген сәтте оған сәждеге жығылыңдар” (делінді). (72)
Періштелердің маңызды бір тақырып туралы сұхбаттарына тоқталған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: «Бұл сұхбат Адамды жарату туралы болды. Жағдай былай болған: «Құдай Адамды жарату кезінде мәселені періштелермен ортаға салып, былай деді: «Мен су мен топырақтан басқа жануарлар мен хайуандардан қатты айырмашылығы бар, оған өз демімді үрлейтін жаңа тіршілік иесін жаратуды мақсат еттім. Сондықтан оның алдында сәждеге жығылып, оның өздеріңнен артықшылығын қабылдаңдар».
Адамның денесінің су мен топырақтан жаратылғаны анық. Сол себепті оның қорегі тікелей немесе жанама түрде топырақтан өсіп шыққан, сумен суғарылған шөптермен қамтамасыз етіледі.
Адамның денесінің топырақтан жаратылуымен қатар Алланың рухына да иелігі адамның ұлылығы мен оның жаратылыс жүйесіндегі ерекше мәртебесінің белгісі. Өйткені, аманатшылық – Құдай оның болмысына қалаған қасиет.
Адамның бойына илаһи рухтың үрленуі деген Құдайдан бір нәрсе бөлініп, адамға қосылды дегенді білдірмейді. Бұл жерде адамның рухы тамырының топырақ емес, жоғары әлемнен екендігі. Басқаша айтқанда, адам соны қабылдау мүмкіндігіне ие болғандықтан оған сыйланған илаһи сипаттардың бір бөлігі.
Мәселен, Құдай ғылым, құдірет, рақым мен ықтияр, ерік-жігер сияқты сипаттарды да адамның мүмкіндігіне қарай оған сыйлады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
- Періштелер Адамнан бұрын жаратылған. Себебі, Құдай адамнан бұрын періштелермен сөйлесті. Бірақ, жаратылысына байланысты адам періштелерден жоғары мәртебеге ие.
- Адам екі қырлы жаратылыс: материалды және рухани. Періштелер адамның физикалық ерекшеліктеріне емес, рухани қыры мен илаһи деміне байланысты сәжде етті.
- Құдайдың бұйрығымен болмаса, Құдайдан басқаның алдында сәжде етуге болмайды. Адамға сәжде етуге Құдай бұйырғандықтан ол Адамның алдындағы емес, Құдайдың алдындағы құлшылық.
«Сад» сүресінің 73-74 аяттары:
«فَسَجَدَ الْمَلَائِکَةُ کُلُّهُمْ أَجْمَعُونَ»، «إِلَّا إِبْلِیسَ اسْتَکْبَرَ وَکَانَ مِنَ الْکَافِرِینَ»
Сонда періштелердің бәрі түгел сәжде қылды. (73)
Бірақ, Ібіліс сәжде етпей тәкаппарланып, қарсылардан болды. (74)
Құран аяттарына сәйкес, періштелер – мойынсұнғыш, бұйрыққа бағынатын жаратылыс иелері. Олар ешуақытта Құдайдың бұйрықтарынан бұлтармайды. Сол себепті Құдай Адамға табыныңдар деп бұйырған соң барлығы еш кідірместен Адамның алдында бас иіп, Құдайдың бұйрығына моыйнсұнды.
Бірақ, бұйрыққа тек Ібіліс қана бағынбады. Ол тәкәппарлық пен менмендігіне байланысты адамның алдында бас имей, өзін адамнан артық әрі жоғары санады. Ібілістің бұйрықтан жалтаруы оның жеткен биігінен құлап, бүлікшіл кәпірлердің қатарына енуіне себеп болды.
Егер Ібілістің де заты періштелермен бірдей болғанда бұйрықтан бұлтармас еді. Оның сол әрекеті Ібілістің періште болмағанын көрсетеді. Құранның басқа аяттарында да оның жын болғаны айтылған. Себебі, жынға да адам сияқты қырсығу мен бүлік шығару деген сипаттар тән. Рауаяттарда Ібілістің Құдайға көп ғибадат еткендіктен періштелердің қатарына енгені, сол себепті оған да Құдайдың адамға сәжде етуге бұйырғаны айтылған.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Адам тіпті егер өмірін дұрыс өткізген болса да тәкәппарлық пен менмендік оның құлдырауының факторы бола алады.
2. Жақсылардың ортасында болудың жалғыз өзі құтылудың факторы емес. Шын мәнінде, әрбір адам құтылу үшін жақсы болуға талпынуы керек.
3. Тарихта пайғамбарлар мен Құдайдың әулиелерінің перзенттері мен жақындарының хақ жолынан тайып, бейбастақтық пен құрдымның сәкісінен құлаған жайттары көптеп кездеседі.