Маусым 29, 2019 20:52 Asia/Almaty

«Зүмәр» сүресі, 7-8 аяттарының тәпсірі

«Зүмәр» сүресінің 7 аяты:

 

«إِن تَکْفُرُوا فَإِنَّ اللَّـهَ غَنِیٌّ عَنکُمْ وَلَا یَرْضَى لِعِبَادِهِ الْکُفْرَ وَإِن تَشْکُرُوا یَرْضَهُ لَکُمْ  وَلَا تَزِرُ وَازِرَةٌ وِزْرَ أُخْرَى ثُمَّ إِلَى رَبِّکُم مَّرْجِعُکُمْ فَیُنَبِّئُکُم بِمَا کُنتُمْ تَعْمَلُونَ إِنَّهُ عَلِیمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ»

 

 

Егер қарсы келсеңдер, сонда Алла сендерден мұңсыз. Құлдарының қарсылығын ұнатпайды. Егер шүкірлік етсеңдер, сендерге разы болады. Ешбір күнәһар басқаның күнәсын көтермейді. Сосын қайтар жерлері Раббылары жақ. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді. Өйткені, Алла көкіректегілерді толық біледі. (7)

 

Алдыңғы бағдарламада Құран Кәрім Құдайдың адам мен төртаяқтыларды жаратудағы нығметтерін баяндады. 

Осы аят шүкір айту тақырыбына тоқталып: «Кейбір адамдар нығметтерді Құдайдан санап, барлық жағдайда шүкіршіл келеді. Бірақ кейбір адамдар нығметтерді байқамай пайдаланады. Егер нығметтерге көңіл аударса да оларды Құдай тарапынан деп ойламайды. Олар қолдарындағы нығметтерді өздерінің талпыныстарының нәтижесі санап, сол себепті шүкір айтуды ойламайды» дейді.  Шын мәнінде Құдай адамдардың шүкір айтуы мен алғысын қажет етпейді. Егер дүниедегі адамдардың барлығы күпіршілік жасап, Құдайды теріске шығарса да немесе шүкірсіздік білдірсе де оған еш айырмашылығы жоқ. Себебі, Құдай біздің шүкіршілігімізді айтпағанда, бар болғанымызды да қажет етпейді.

Құдайдың пенделерін нығметтерін шүкір айтуға міндеттеуі адамдардың алғысына мұқтаждығын білдірмейді. Оның себебі шүкір айту рухы адамдардың ахлақтық және рухани дамуына себеп болады. Сол себепті Құран Құдайға шүкір айту бұйрығымен қатар «Лұқпан» сүресінің 14 аятында: «Әке-шешенің еңбегіне де шүкіршілік білдіріңдер» дейді. Аяттың жалғасы адамның қарым-қатынасындағы жалпы бір принципке тоқталып: «Әрбір адам істеген істерінің жауапкершілігін қабылдап, жауап беруі керек. Ешбір адамның өз істерінің жауапкершілігін басқаларға артып, жауапкершілік жүгінен жалтаруға хақысы жоқ. Себебі, Құдай қияметте біреудің күнәсін басқаның иығына артпайды. Адамдардың ойларына қатысты өзінің ғылымы және олардан байқалған қатынастар негізінде әділ үкім шығарады»» дейді.

 

Осы аяттан үйренетініміз:

 

  1. Намаз бен ораза сияқты діни бұйрықтар Құдайдың біздің ғибадатымызға деген қажеттілігін білдірмейді. Керісінше, мұғалім оқушылардың ғылыми тұрғыдан дамуы үшін оларға тапсырмалар мен жаттығулар беретіндей, Құдайдың бұйрықтары да адамдардың рухани тұрғыдан кемелдене түсуі үшін беріледі.
  2. Құдай пенделерімен әділет негізінде қатынас жасайды. Соңында әр адам өз істерінің я сауабын, я жазасын алады. Сол себепті қияметте қауымдық, нәсілдік, отбасылық және тағы басқа байланыстар іске жарамайды.
  3. Құдай біздің ниеттеріміз бен түрткілерімізден жақсы хабардар. Сондықтан істерімізді сол негізде есептейді.

 

 

 «Зүмәр» сүресінің 8 аяты:

 

«وَإِذَا مَسَّ الْإِنسَانَ ضُرٌّ دَعَا رَبَّهُ مُنِیبًا إِلَیْهِ ثُمَّ إِذَا خَوَّلَهُ نِعْمَةً مِّنْهُ نَسِیَ مَا کَانَ یَدْعُو إِلَیْهِ مِن قَبْلُ وَجَعَلَ لِلَّـهِ أَندَادًا لِّیُضِلَّ عَن سَبِیلِهِ  قُلْ تَمَتَّعْ بِکُفْرِکَ قَلِیلًا  إِنَّکَ مِنْ أَصْحَابِ النَّارِ»

 

 

Қашан адам баласына бір таршылық келсе, Раббына жалбарынып, Оған бейім ынта байқатады. Сосын қашан Алла оған бір игілік берсе, бұрынғы Оған жалбарынғанын ұмытады да, жолынан адастыру үшін Аллаға теңдес жасайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Қарсылығыңмен біраз мәз бола тұр. Сөз жоқ сен тозақтықсың” де. (8)

 

 

Адамның шүкіршілігі мен шүкірсіздігі туралы сөз болған алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Кейбір адамдар науқасқа шалдығу немесе қаржы жағынан тапшылыққа ұшырау сияқты өмірде қиындықтарға душар болғанда Құдайға қатты жалынып, жалбарынады. Олар Құдайдан мәселелерін шешуді өтінеді. Егер қиындықтары күнә салдарынан немесе қапылдықтан болса, өздерін кешіруді сұрайды.

 

Бірақ сол адамдар қиындықтары шешілгенде немесе Құдай тарапынан оларға жаңа нығмет берілген кезде Құдай мен нығметтерді және шешілген бұрынғы мәселелерін ұмытып, дүниелік істеріне айналады. Олардың кейде дүниеге салынатындықтары сондай, Құдайды толығымен естен шығарып, басқаларды өздерінің өмірінде әсерлі рөлге ие деп ойлайды. Сол себепті Құдайдың орнына басқаларды шақырып, өзге адамдардың да тура жолдан таюына себеп болады" дейді.

Осы аяттан үйренетініміз:

 

  1. Төтенше жағдайларда келетін кезеңдік, маусымдық имандарда адам тек өмірінің бір кезеңінде ғана Құдайды еске алады. Бірақ өмірінің басым бөлігінде Құдайды ұмытады. Мұндай иман сындарсыз.
  2. Өмірдегі қиындықтар адамға машақат әкелгенімен ол үшін пайдасы да бар.

Қиындықтардың маңызды пайдаларына адамды қапылдық ұйқысынан оятып, оның көңілін жаратылыс пен қияметке аударуын атау керек.

3. Қапыл адамдар бақуаттылық пен тыныштыққа жеткен кезде бұрынғы қиындықтары мен соларды шешудегі Құдайдың рөлін естен шығарады.

4. Бұл дүниедегі кез келген жетістік шынайы бақыттың белгісі емес. Дүниедегі нығметтерден көп пайда көретін кәпірлер қаншама. Алайда бұл дүниедегі нығметтер ақыреттегімен салыстырғанда өте аз.