844-бөлім, «Зүмәр» сүресінің 24-28 аяттары
«Зүмәр» сүресінің 24-28 аяттарының тәпсірі
«Зүмәр» сүресінің 24 аяты:
«أَفَمَن یَتَّقِی بِوَجْهِهِ سُوءَ الْعَذَابِ یَوْمَ الْقِیَامَةِ وَقِیلَ لِلظَّالِمِینَ ذُوقُوا مَا کُنتُمْ تَکْسِبُونَ»
Қиямет күні жүзін жаман азаптан қоруға тырысқан кісі қандай? Залымдарға: “Істегендеріңнің жазасын татыңдар” делінеді. (24),
Алдыңғы бағдарламадағы соңғы аятта бірі жетекшілікке алынып, екіншісі адасқан екі топқа сілтеме жасалды. Осы аят та алдыңғы аяттардың жалғасында екі топты салыстырып, солардың істерінің қияметтегі нәтижесі мен салдарларын баяндайды: «Өз жүзімен илаһи ауыр азаптан өзін алыстатын адам сол күні толық қауіпсіздік пен тыныштыққа бөленетін адам сияқты ма?
Сол күні тозақтық залымдардың жағдайлары мен халдері өз жүздерімен өздерін қорғайтындай қиын болады. Себебі, олар қол-аяқтары байланып, шынжырланған күй кешеді», - дейді.
Тозақта күнәһардың денесінің барлық мүшесі отта күйетінімен, бетті жеке түрде атауы оның дене мүшелері арасында маңыздылығына байланысты. Оның үстіне адамдар бет-жүздері арқылы танылады. Сонымен қатар, беттің күюі дененің басқа мүшелерінен ауыр әрі қатты болады.
Аяттың жалғасы былай дейді: «Күнәһарларға қияметте: «Өздеріңнің дүниедегі істеріңнің салдарларының дәмін татыңдар. Істерің сендерге қандай жаман салдар келтіргенін көріңдер», - дейді.
Бұл аят: «Істеріңнің жазасының дәмін татыңдар» демей, тамақты жаман пісіретін аспазға: «Не пісіргеніңді өзің жеп көр!» дейтін сияқты «Істеріңнің дәмін татыңдар», - дейді.
Істің салдарларын көріп, солармен қияметте бетпе-бет келу – діни мәдениетте «істің көрінісі» деп аталатынның нағыз өзі. Яғни, күнәһар өз ісінің көрінісін қияметте көріп, дәмін татады. Күнәсі болмаса, Құдай адамды жазаламайды.
Осы аяттан үйренетініміз:
- Тозақтың жазасы мен азабы – адамның осы дүниедегі істерінің салдары. Олар қияметте күйдіретін от түрінде көрінеді.
- Адам қияметте осы дүниеде істеген істерінің салдарларын көреді.
«Зүмәр» сүресінің 25-26 аяттары:
«کَذَّبَ الَّذِینَ مِن قَبْلِهِمْ فَأَتَاهُمُ الْعَذَابُ مِنْ حَیْثُ لَا یَشْعُرُونَ»، «فَأَذَاقَهُمُ اللَّـهُ الْخِزْیَ فِی الْحَیَاةِ الدُّنْیَا وَلَعَذَابُ الْآخِرَةِ أَکْبَرُ لَوْ کَانُوا یَعْلَمُونَ»
Олардан бұрынғылар да жасынға шығарған. Сонда оларға күтпеген жерден апат келген. (25)
Егер олар білген болса, Алла оларға дүние тіршілігінің қорлығын тарттырған. Әрине, ақырет азабы тағы зор. (26)
Бұл аят кәпірлердің осы дүниедегі жағдайын баяндап: «Тарихта пайғамбарлар мен олардың аспандық тағылымдарын теріске шығарған адамдарға осы дүниеде де илаһи азап түсті.
Олардың кейбіреуі азапты көздерімен көрсе, кейбіреуіне оның материалдық емес салдарлары тиді.
Айтатын жайт, кейбір азаптардың физикалық қырлары бар. Оның мысалына Нұх пен Луттың қауымдары мен Перғауын мен Қарун сияқты адамдардың азаптары жатады.
Бірақ, кейбір азаптар психикалық аспектіге ие. Мысалы, бүгінгі дамыған қоғамдар барлық мүмкіндікке ие болғанына қарамастан, күйзеліс – кең тараған кеселдердің бірі. Себебі, Құдай мен руханилықтан алшақтайтын адамды бұл дүниеде ештеңе қанағаттандырмайды, ол ештеңеге риза болмай, біраз уақыттан соң бойкүйездікке душар болады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Күнәһарлардың істерінің салдарларының бір бөлігі осы дүниеде, қалғаны ақыретте көрінеді.
2.Азаптардың кейбіреуі физикалық, кейбіреуі психикалық аспектілерге ие.
3. Осы дүниеде көрінетін кейбір жазалармен салыстырғанда қияметтің жазасы ауыр, әрі үздіксіз.
4. Құдай залымдар мен күнәһарларды жазалауда ерікті. Оларды күтпеген жерден, тосын жолдар арқылы жазалайды.
«Зүмәр» сүресінің 27-28 аяттары:
«وَلَقَدْ ضَرَبْنَا لِلنَّاسِ فِی هَـذَا الْقُرْآنِ مِن کُلِّ مَثَلٍ لَّعَلَّهُمْ یَتَذَکَّرُونَ»، «قُرْآنًا عَرَبِیًّا غَیْرَ ذِی عِوَجٍ لَّعَلَّهُمْ یَتَّقُونَ»
Расында, Біз бұл Құранды адам баласына әр түрлі мысалды олар үгіт алу үшін келтірдік. (27)
Бұл – мүлтіксіз арапша Құран. Әрине, олар сақсынар. (28)
Бұл аяттар Құранның ерекшеліктері туралы тақырыпқа оралып, аспандық кітаптың жан-жақтылығы туралы былай дейді: «Адамдарға жетекшілік етуді мақсат ететін кітапта олардың бақытында рөл атқаратын нәрселер жазылған. Шын мәнінде, Құран – әрдайым жарқырап, жолды көрсететін жетекшілік нұры.
Жаратылыс жүйесін танып, оның құпиялары мен ғажайыптарына көңіл аудару, өмір жолын дұрыс өткеру үшін мықты да анық заңдар, ізгілердің тамаша тағдыры, зұлымдар мен қырсықтардың жаман салдары, өлімнен кейінгі әлем, қияметтің үлкен соты, – осы тақырыптар мен адамның бақыты, сонымен қатар олар ақылға келіп, қапылдық ұйқысынан оянуы үшін қажет басқа да мәліметтер Құранда айтылған дәлелді үлгілер мен мысалдар. Құран – шешендікке толы, анық, тартымды кітап; аяттары ырғақты, анықтамалары түсінікті. Бұл кітап ешқандай бұрмалаушылыққа ұшырамаған. Оның тақырыптарынан ешқандай қайшылық табылмайды. Сөз соңында айтарымыз, Құранның осынша ерекшелікпен түсірілуінің мақсаты – бой тартып, сақсынатын адамдарды күнәлар мен жаман істерден тыю.
Осы аяттардан үйренетіміз:
1.Құран – адамға қажеттінің бәрін жинақтап, ештеңені назардан тыс қалдырмаған жан-жақты, кемел кітап.
2. Кейде тәмсіл мен салыстыру адамдарға дәлелден артық әсер етеді. Сол себепті Құран адамға уағыз айтқанда тәмсіл тілін көп қолданған.
3. Құран – тілі анық, түсінікті, шешендікке толы кітап. Бұл кітапқа ешқандай түзету жасалмаған, бұрмаланбаған.