Шіл 19, 2019 22:11 Asia/Almaty

«Зүмәр» сүресі, 54-58 аяттарының тәпсірі

«Зүмәр» сүресінің 54-55 аяттары:
 

«وَأَنِیبُوا إِلَى رَبِّکُمْ وَأَسْلِمُوا لَهُ مِن قَبْلِ أَن یَأْتِیَکُمُ الْعَذَابُ ثُمَّ لَا تُنصَرُونَ»، «وَاتَّبِعُوا أَحْسَنَ مَا أُنزِلَ إِلَیْکُم مِّن رَّبِّکُم مِّن قَبْلِ أَن یَأْتِیَکُمُ الْعَذَابُ بَغْتَةً وَأَنتُمْ لَا تَشْعُرُونَ»

 

 

“Өздеріңе апат келуден бұрын Раббыларыңа қайтыңдар, Оған бой ұсыныңдар. Кейін жәрдем көре алмайсыңдар.” (54)

“Сендерге кенеттен, хабарсыз азап келуден бұрын өздеріңе түсірілген жақсы нәрсеге еріңдер!”. (55)

 

 

Алдыңғы бағдарламада Құдайдың барлық пендесін қамтитын илаһи кешірім мен рақым туралы сөз болды. Осы аяттар илаһи кең рақымға ие болу үшін екі ғамалдың, яғни, күнәға қатысты  тәубеге келіп, Құдай жаққа оралу мен илаһи жоғары тағылымдарды ұстану қажеттігін қуаттайды.

 

Аяттар Құдайдың мейірімі мен рақымына үміттендірумен қатар илаһи қаһар мен жазаны да ескертіп: "Егер күнә жасаудан қол үзбей, жалғастырсаңдар, азапқа душар боласыңдар",- деп баса айтады.  

Тұтқиылдан жететін дүниелік азаптар мен өлімнен кейін күнәһарларды қамтитын, ешкім оларды құтқара алмайтын ақыреттің азаптары өте ауыр.

 

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

 

  1. Нағыз тәубенің белгісі Құдайдың бұйрықтарына шын жүректен бойұсынуда.
  2. Тәубеге келуді кешіктірмейік. Өмірлік мұрсат қысқа әрі өмірдің қашан аяқталатыны белгісіз.
  3. Тәубеге келіп, Құдайға шын жүректен мойынсұнумен қатар түзу ғамал да лазым.
  4. Жақсы іс өте көп, бірақ адамның ғұмыры мен мүмкіндігі шектеулі. Сол себепті басымдылықтарға мән беріп, ең жақсы істі таңдау керек.

 

«Зүмәр» сүресінің 56 аяты:

 

 

« أَن تَقُولَ نَفْسٌ یَا حَسْرَتَى عَلَى مَا فَرَّطتُ فِی جَنبِ اللَّـهِ وَإِن کُنتُ لَمِنَ السَّاخِرِینَ»

 

Біреудің: “Алла туралы кемшілік еткенім және мазақтаушы болғаным үшін маған қандай өкініш” дейтін (күнді еске алыңдар). (56)

 

 

Құранның кейбір аяттарында айтылған ақыреттің ең маңызды ерекшеліктерінің біріне адамдардың осы дүниедегі мүмкіндіктерді пайдаланбағаны үшін өкінуі жатады. Қияметтің келесі атауларының бірі – «қасірет» күні.

 

Адам махшар алаңына енген кезде мән бермеушілігі мен өзінің теріс іс-әрекеттерін ештеңе емес деуінің салдарын көзімен көріп, жанайқайы аспанға жетіп, ауыр қайғы терең өкінішпен араласып, жүрегін ауыртады.   

 

Қияметте күнәһарлар Құдайдың аяттары мен пайғамбарларын келеке еткені үшін өкінеді. Себебі олардың адасушылықтары мен бұрмалаушылықтарының негізгі себебі Хақтың Құран аяттары мен илаһи елшілерін мазақтағаны болды.

Жалпы, адамдардың барлығы қияметте өкініп: «Шіркін, бұл дүниеге оралып, ақырет үшін лайық қор жинасақ ғой» деп армандайды. Алайда, не пайда? Қайтар жол болмайды.

Бірақ дін үлемдерінің бірқатары басқа адамдардан көбірек өкінеді. Себебі олар өздерінің білімдерін іске жаратпаған. Қияметте адамдар Құдай жолында риясыздықпен жасаған істерінің құнды екенін түсінеді.

 

Олар осы дүниедегі істерінің сырттай қайырлы, инфақ болғанымен, екіжүзділік пен сырт көз үшін жасалғандықтан қияметке, ақыретке жетпей, қалып қойғаны туралы ақиқатты түсінеді.

 

1.Осы дүниеде Құдай жолында ізгілік жасауда қаншалықты тартыншақтасақ, ақыретте өкініп, қасірет шегеміз.

2.Қиямет – өзіне қатысты мойындау мен өзінің өткеніне өкінетін күн.

3. Құран аяттары мен илаһи ахкамдарды келеке еткендер қияметте істеріне өкінеді. Алайда кеш өкінудің еш пайдасы болмайды.

 

«Зүмәр» сүресінің 57-58 аяттары:

 

«أَوْ تَقُولَ لَوْ أَنَّ اللَّـهَ هَدَانِی لَکُنتُ مِنَ الْمُتَّقِینَ»، «أَوْ تَقُولَ حِینَ تَرَى الْعَذَابَ لَوْ أَنَّ لِی کَرَّةً فَأَکُونَ مِنَ الْمُحْسِنِینَ»

 

Немесе: “Егер Алла мені тура жолға салса еді, әрине мен тақуалардан болар едім” (дейтұғын). (57)

Не олар азапты көрген сәтте: “Әттеген-ай! Маған қайта қайту болса еді, сонда жақсылық істеушілерден болар едім” (дейтұғын күннен сақтаныңдар). (58)

 

Адамдардың қияметтегі өкініші мен қайғысы туралы алдыңғы аяттың жалғасында осы аяттар тозақтықтардың жағдайын баяндап: «Ол қайырлы істі көп жасағандықтан жұмаққа бара жатқандарды көргенде солардың қатарында болып, жұмақ пен шексіз илаһи нығметтерге жол табуды армандайды»,- дейді.  

 

Олар: «Егер Құдай маған жетекшілік еткенде мен де жұмақтықтар сияқты дүниеде күнәдан алшақ болып, тақуалардың қатарында болар едім»,- дейді. Күнәһар мұндай сөзімен өзін ақтауға талпыныс жасайды.

Олар азаппен бетпе-бет келгенде көзі тозақтың күйдіретін отына түсіп, осы дүниеге оралып, бұрынғы жаман істерінің орнын жақсы істермен толтырып, ізгілердің қатарына қосылу үшін рұқсат берілгенін армандайды.

 

Құдай адамдардың барлығына жол нұсқау үшін пайғамбарларын жіберді. Жетекшілікке түспесе адам өзі қаламаған болып тұр. Оның ақыреттегі осы дүниеге оралу туралы арманы жүзеге асатын іс емес.

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

 

1.Қияметте тақуалықтың маңызы мен құны белгілі болады. Шындығында, қияметте іске жарайтын байлық пен атақ-даңқ, билік емес, тақуалық

2.Егер адам илаһи жетекшілікке ермей, басқа жолмен кетсе, ақыретте оның құтқарылуына себеп қалмайды.

3. Қияметте күнәһарлар тақуалардың жағдайына қызығып, солар сияқты болуды армандайды.

4. Тақуалық пен ізгілік – адамды қияметте құтқаратын екі фактор.