853-ші бөлім, «Зүмәр» сүресінің 64-70 аяттары
«Зүмәр» сүресі, 64-70 аяттарының тәпсірі
«Зүмәр» сүресінің 64-66 аяттары
«قُلْ أَفَغَیْرَ اللَّـهِ تَأْمُرُونِّی أَعْبُدُ أَیُّهَا الْجَاهِلُونَ»، «وَلَقَدْ أُوحِیَ إِلَیْکَ وَإِلَى الَّذِینَ مِن قَبْلِکَ لَئِنْ أَشْرَکْتَ لَیَحْبَطَنَّ عَمَلُکَ وَلَتَکُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِینَ»، «بَلِ اللَّـهَ فَاعْبُدْ وَکُن مِّنَ الشَّاکِرِینَ»
(Мұхаммед): “Маған Алладан басқаға құлшылық қылуды бұйырасыңдар ма? Әй, надандар!”,- де. (64)
Расында саған да сенен бұрынғыларға да: “Егер Аллаға ортақ қоссаң әлбетте амалың жойылып, анық зиянға ұшыраушылардан боласың” деп уахи етілді. (65)
Жоқ олай емес, Аллаға ғана құлшылық қыл. Және шүкірлік етушілерден бол. (66)
Алдыңғы бағдарламаларда тоухид пен шерк туралы сөз болды. Осы аяттар соның жалғасында: «Мүшіріктер мен пұтқа табынушылар әртүрлі сылтаулармен пұттарын құрметтеп, соларға ғибадат етуге көндіруге тырысты. Олар: «Сен де біздің пұттарымыздың алдына сәжде жасасаң, біз де сенің Құдайыңның алдында намаз оқып, сәжде жасауға әзірміз» дегені айтылды.
Құдай осы аяттарда қатаң екпінмен: «Мұндай сөздер мен орынсыз өтініштер олардың жәһілдіктері мен надандықтарынан туындаған. Себебі адамдарды Құдайға табынуға, шерк пен пұтқа табынушылықтан бас тартуға шақыратын пайғамбар мүшіріктерді қатарына тарту үшін олардың пұттарының алдында қалай тағзым етуі керек?» дейді.
Аяттардың жалғасы былай дейді: «Уа, пайғамбар! Оларға «Мен тек бір Құдайға ғана табынамын. Ешбір жағдайда сендердің пұттарыңның алдында тағзым етпеймін. Себебі тоухид пен шерк мәміле жасайтын тақырыптар емес. Шеркке ыңғай білдіретін адамның жақсы істері жойылады. Егер ол адам Құдайдың пайғамбары болса міндетті түрде оның жазасы ауыр, қатаң болады. Себебі басқалардың адасуына себеп болады» де».
Шәксіз, ғамалдардың қабылдануының шарты таухид негізіне деген сенімде. Онсыз ешбір ғамал қабылданбайды. Шерк салдарынан адамның ғамлдарының сыйы жойылады. Шерк адамның ғамалдарын өртеп, жойып жіберетін от сияқты.
Осы аяттардан үйренетініміз:
Құдайдан басқа кез келген нәрсеге табыну адамның ақылсыздығы мен надандығының белгісі. Тіпті ол сырттай өте білімді көрінсе де.
Тоухид пен бір Құдайға табынушылық - иманды адамдардың шегі. Ешқандай жағдайда онымен мәміле жасамайды.
Дұшпандар қарапайым адамдарды айтпағанда пайғамбардың өзін тура жолдан тайдыруға әрекет жасайды.
Құдайға ғибадат ету - мейірімді Пәруәрдігердің нығметтеріне шүкіршілік білдірудің бір түрі.
«Зүмәр» сүресінің 67 аяты:
«وَمَا قَدَرُوا اللَّـهَ حَقَّ قَدْرِهِ وَالْأَرْضُ جَمِیعًا قَبْضَتُهُ یَوْمَ الْقِیَامَةِ وَالسَّمَاوَاتُ مَطْوِیَّاتٌ بِیَمِینِهِ سُبْحَانَهُ وَتَعَالَى عَمَّا یُشْرِکُونَ»
Олар Алланы шын мәнінде қадірлей алмады. Негізінде қиямет күні жер бүтіндей Оның уысында. Және көктерде оң қолымен бүктеледі. Ол олардың қосқан ортақтарынан пәк. Әрі жоғары. (67)
Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят былай дейді: «Құдайдың пайғамбарына осындай жөнсіз ұсыныс жасаған мүшіріктер одан өздерінің пұттарына құрмет көрсетуді сұрады. Шын мәнінде олар Құдайдың мәртебесін танымай, оның есімін төмендеткендері сондай пұттармен бір деңгейде деп ойлады. Шынтуайтында, шерктің себебі Құдай туралы дұрыс мағрифаттың жоқтығында. Құдай - барлық мақұлықтың жаратушысы. Әлем істерінің тізгіні оның қолында. Барлық тіршілік өздерінің жалғастықтары үшін оның ғылымдарын меңгеруге мұқтаж.
Қияметте аспандар мен жердің барлығы Құдайдың құдіретінің билігінде болады. Барша қиямет әлемінде ешкім мен еш нәрсенің Құдайдан басқа құдірет пен ықтияр иесі болмайтынын, құтқарылу мен қиындықтарды шешетін кілттің оның құдіретті қолында болатынын, Құдайдың ұлылығы мен оның тіршілік әлеміндегі абсолютті үстемдігін білуі керек.
Иә, Құдай кез келген шерктен пәк. Бірақ мүшіріктер бұл ақиқатты түсінген кезде оралу жолы жабық болады.
Осы аяттан үйренетініміз:
Шерк - Құдайдың қадірін түсінбеу мен Оның құдіреті мен ғылымына көңіл бөлмеудің белгісі.
Үлкен аспан жаратушысы Құдайдың алдында соншалықты кішкентай әрі түкке тұрғысыз. Құдайдың құдіретті қолында оралған қағаздай көрінеді.
«Зүмәр» сүресінің 68-70 аяттары:
«وَنُفِخَ فِی الصُّورِ فَصَعِقَ مَن فِی السَّمَاوَاتِ وَمَن فِی الْأَرْضِ إِلَّا مَن شَاءَ اللَّـهُ ثُمَّ نُفِخَ فِیهِ أُخْرَى فَإِذَا هُمْ قِیَامٌ یَنظُرُونَ»، «وَأَشْرَقَتِ الْأَرْضُ بِنُورِ رَبِّهَا وَوُضِعَ الْکِتَابُ وَجِیءَ بِالنَّبِیِّینَ وَالشُّهَدَاءِ وَقُضِیَ بَیْنَهُم بِالْحَقِّ وَهُمْ لَا یُظْلَمُونَ»، «وَوُفِّیَتْ کُلُّ نَفْسٍ مَّا عَمِلَتْ وَهُوَ أَعْلَمُ بِمَا یَفْعَلُونَ»
Сүр үрілгенде Алланың қалағанынан басқа көктердегі жан иелері, жердегі жан иелері жығылып өледі. Бірақ Алланың қалағандары қалады. Сосын екінші рет сүр үріледі де сонда олар тұрған бойда қарап қалады. (68)
Жер жүзі Раббының нұрымен жарық болады. Кітап (амал дәптер ортаға) қойылады. Пайғамбарлар, куәлер келтіріледі. Олардың араларына ақиқат бойынша үкім етіледі. Олар әділітсіздікке ұшырамайды. (69)
Әркімге не істегені толық төленеді. Алла олардың не істегендерін жақсы біледі. (70)
Алдыңғы аяттарда қияметтегі Құдайдың құдіретін еске салғаннан кейін осы аяттар дүниенің аяқталу тәсілі мен қияметтің басталуына сілтеме жасап: «Аспандық қатты бір дабыспен барлық тіршілк өледі. Біраз уақытта кейін келесі бір қатты дабыспен барша тіріліп, түрегеліп, өз істерінің есебін күтеді» дейді.
Басқаша айтқанда, Алланың бір бұйрығы және еркімен аспан мен жерде ештеңе тірі қалмай, бәрі өледі.
Оның келесі бір бұйрығымен өлгендердің барлығы тіріліп, қияметтің сотына жиналады. Құдай қалағанын ажалдан алып қала алады. Бірақ бұл Жебірейіл, Исрафил мен Мекаил сияқты періштелерге қатысты емес.
Сол күні адамдардың барлығы қайтадан тіріліп, жер Пәруәрдігердің нұрымен жарқырып, ақиқат нұрының үстемдік ететіні сондай ештеңені теріске шығару мүмкін емес болады. Перделер түріліп, адамдардың жақсылығы мен жамандықтары әшкере болады.
Адамның көз алдында ешқандай перде қалмайды. Алланың нұры арқылы барлық нәрсе айқындалады.
Сол күні ғамал кітабын алға қойып, оны тексереді. Ол кітапта адамның ірілі-ұсақты істері жинақталған. Пайғамбарлар мен куәгерлерді сол күні шақырады. Адамдардың арасында әділдікпен төрелік жасалады. Оларға зұлымдық жасалмайды.
Құдай басқарып, жер әділет нұрымен жарқырап, пайғамбарлар мен куәлер қатысатын сотта хақтан басқа төрелік жасалмайды.
Ондай сотта зәрредей зұлымдық пен әділетсіздіктің орын алу мүмкіндігі жоқ. Әр адам өз істерінің нәтижелері және салдарларымен еш кем кетіксіз бетпе бет келеді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
Барлық тіршіліктің, соның ішінде адамдардың өмірі мен өлімі Алланың ерік-жігерімен байланысты. Кез келген сәтте тіршіліктен мақұрым етіп, өмір сыйлай алады.
Бұл әлемнің аяқталуы мен қияметтің жетуі біртіндеп емес, тұтқиылдан келеді.
Қияметтің соты ғамал дәптері мен куәгерлердің қатысуымен өтеді. Ол жерде адамдардың істеріне әділет пен хақ негізінде төрелік жасалады.
Бұл әлемде куәлердің бір тобы біздің істеріміз бен әрекеттерімізді бақылайды. Біздің істерімізді періштелер жазып отырады. Пайғамбарлар мен куәлер де біздің істерімізден хабардар.