Қаз 08, 2019 10:18 Asia/Almaty

«Ғафир» сүресінің 1-6 аяттарының тәпсірі

«Зүмәр» сүресінің аяқталуымен осы бағдарламада «Ғафир» сүресін бастаймыз.

Бұл сүренің 85 аяты бар. Меккеде түсірілген. Меккелік басқа сүрелер сияқты аяттарының көбі тоухид, набоват пен қиямет-қайым сияқты сенім мәселелеріне арналған.

 

Осы сүренің үшінші аятында Құдай «Ғафир» яғни күнәларды кешіруші деп сипатталғандықтан осы сүре «Ғафир» деп аталған.

 

Сүренің шамамен шамамен жиырма аяты Перғауын отбасының бір мүмінінің оқиғасын баяндағандықтан «Мүмін» деп те аталады.

 

«Ғафир» сүресінің 1-3 аяттары:

«حم»، «تَنزِیلُ الْکِتَابِ مِنَ اللَّـهِ الْعَزِیزِ الْعَلِیمِ»، «غَافِرِ الذَّنبِ وَقَابِلِ التَّوْبِ شَدِیدِ الْعِقَابِ ذِی الطَّوْلِ لَا إِلَـهَ إِلَّا هُوَ إِلَیْهِ الْمَصِیرُ»

 

Ха Мим. (1)

Кітаптың түсірілуі, өте үстем, аса білуші Алла тарапынан. (2)

Күнәны жарылқаушы, тәубені қабыл етуші, азабы да қатты және кеңшілік иесі. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Әрі қайтар орын Сол жақ. (3)

 

 

 

Бұл сүре Құранның басқа 28 сүресі сияқты жеке әріптерден басталған.

 

Келесі аят Құдайды һәм сүйіншілеудің мәйегі, һәм ескертудің себебі илаһи сипаттардың бесеуімен баяндап, бір жағынан егер тәубеге келсеңдер Құдай сендердің күнәларыңды кешіреді деп күнәһарларға үміт сыйлайтын.

Басқа жақтан оларға егер илаһи бұйрықтардың кеңістігін бұзатын күнәларыңда табандап тұрып алсаңдар, ауыр жаза күтіп тұр дейді. Аяттардың жалғасы нығметтері баршаны қамтитын тек бір Құдай ғана ғибадат етіп, табынуға лайық, одан басқа ешкім де, ештеңе де табынуға лайық емес деген жайтты қуаттайды.

Өлген соң барша ол жаққа қайтумен бірге оның алдында жауап беруі керек.

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

 

Құран – адамның түсінігі деңгейінде түсірілген Ұлы Құдайдың сөзі.

Құран – Құдайдың шексіз ғылымының көрінісі. Сол себепті еш қисын онымен қарсыласа алмайды.

Құранға жармасу осы дүниедегі мұсылмандардың ғиззаты мен күш құдіретінің мәйегі бола алады. Өйткені Құран ғазиз әрі дана Құдай тарапынан түсірілген.

Кітап жаратылыс пен ақыретті тану үшін, адам кемелдік жолы мен Құдайға жақындау жолын тауып, оны өткеру үшін түсірілген.

 

«Ғафур» сүресінің 4-6 аяттары:

 

«مَا یُجَادِلُ فِی آیَاتِ اللَّـهِ إِلَّا الَّذِینَ کَفَرُوا فَلَا یَغْرُرْکَ تَقَلُّبُهُمْ فِی الْبِلَادِ»، «کَذَّبَتْ قَبْلَهُمْ قَوْمُ نُوحٍ وَالْأَحْزَابُ مِن بَعْدِهِمْ وَهَمَّتْ کُلُّ أُمَّةٍ بِرَسُولِهِمْ لِیَأْخُذُوهُ وَجَادَلُوا بِالْبَاطِلِ لِیُدْحِضُوا بِهِ الْحَقَّ فَأَخَذْتُهُمْ فَکَیْفَ کَانَ عِقَابِ»، «وَکَذَلِکَ حَقَّتْ کَلِمَتُ رَبِّکَ عَلَى الَّذِینَ کَفَرُوا أَنَّهُمْ أَصْحَابُ النَّارِ»

 

 

Алланың аяттары турасында қарсы болғандар ғана тартысады. (Мұхаммед Ғ.С.) сені, олардың мемлекеттерде кезіп жүрулері алдамасын. (4)

Олардан бұрында Нұх (Ғ.С.) тың елі әрі одан кейінгі топтар да жасынға шығарған болатын. Әр үммет өз елшілерін қолға алуға бел байлады. Сондай-ақ ақиқатты бос нәрселер арқылы құлатуға тырысты. Сондықтан оларды қолға алдым. Жазаландыруым қалай екен? (5)

Осылайша қарсы болушыларға байланысты Раббыңның сөзі шындыққа айналды. Сөз жоқ, олар тозақтық. (6)

 

 

Бұл аяттар ислам пайғамбары мен исламның басындағы мұсылмандар мен келесі ұрпақты жұбатып, егер сендердің діндеріңе біреулер қарсы шықса, хақпен жауласып, оны жойғысы келсе, үмітсіздік пен торығуға немесе әлсіздікке салынбаңдар дейді.

 

Себебі тарих бойында кәпірлер мен қарсыластар илаһи діндердің ізбасарларымен ғана емес, сонымен қатар Құдайдың пайғамбарларымен де жауласып, хақ жолдан тайдыру үшін оларға қастандықтар жобалаған.

Бүгін де зұлым, үстемшіл мемлекеттер конференциялар өткізу, саяси барыс-келістер мен әскери маневрлері, бір-бірімен коалиция құрып, күштерін көрсетіп, әлем халықтарын өздерінен қорқытпақ болады. Бірақ мүміндер дұшпанның қойылымдары мен күш көрсетуіне алданбауы керек.

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

 

Хақпен айтысып, тартысудың тамыры күпіршілікте. Хаққа қарсы шығудан абай болайық. Дүниелік талаптарымыз үшін хақпен тәжікелеспейік.

Барша иман келтіреді деп күтпейік. Басқалардың күпіршіліктері мен теріске шығаруы да бізді өз жолымызда әлсіретпесін, үмітімізді үзбесін.

Күпіршілердің басшылары хақты әлсіретіп, мұсылмандарды қорқыту үшін көптеген әрекеттерге барады. Алайда иман иелері мұндай у-шудан қорықпасын. Олар дұшпандардың алдауына түсуден сақ болғаны жөн. Табандылық танытуы керек.

Хаққа қарсы ағымдар илаһи періштелерді теріске шығарып, оларға қастандық ұйымдастырады. Олар әртүрлі тәсілдермен хаққа теріс жарнама жасайды. Ондағы мақсаттары оны әлсіретіп, тамырымен жою.

Илаһи сүннеттердің бірі жауластық іздейтін қырсық кәпірлерді жазалада. Олар хақ пен әділет негізінде жазаланады.