Қаз 11, 2019 19:52 Asia/Almaty

Бұл бағдарламалар топтамасында шығыстанушылардың Алланың елшісі (с.ғ.с.) туралы пікірлеріне тоқталып, олардың көзқарастарының өзгеруіне шолу жасаймыз.

Батыс елдері әртүрлі жерлерге, соның ішінде Шығысқа енген кезде олардың кейбір ойшылдары Шығыс мәдениетімен танысуға ынта білдірді. Бұл талпыныстардың арқасында "Шығыстану" деген ғылым пайда болды. Шығыстанушыларды басынан бастап қызықтырған тақырып соңғы илаһи пайғамбар – Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафаны  (с.ғ.с.) танып-білу болды. Бұл мәселе кейде ағат пікірлермен бетпе бет келгенімен көбінде Ислам пайғамбары мен Ислам дінін мойындаумен аяқталды.

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа  (с.ғ.с.) –  адамзатты  дұрыс жолға нұсқау үшін жіберілген және  хазіреттің өзі мен дінінің келуімен  әлем өзгерген соңғы илаһи пайғамбар. Ол адамгершілік пен тақуалыққа маңыз беріп, бауырластық, бейбітшілік пен достықтың хабарын жеткізген Шығыстан шыққан пайғамбар болды. Оның бірінші  "Құтқарылу үшін Алладан басқа Құдай жоқ" деп айтыңдар деген сөзі адамзатқа бағытталып, әлемнің өзгеруі мен соңғы пайғамбар туралы дұрыс және бұрыс зерттеулердің басталуына себеп болды.

 

 

 

Батыс елдері әртүрлі жерлерге, соның ішінде Шығысқа енген кезде олардың кейбір ойшылдары Шығыс мәдениетімен танысуға ынта білдірді. Бұл талпыныстардың арқасында "Шығыстану" деген ғылым пайда болды.

Шығыстану – Шығыс халықтары, олардың ғылымдары мен әдет-ғұрыптары жөнінде зерттеу жүргізетін ғылым. Басқаша айтқанда, Шығыс жерлері туралы зерттейтін немесе сабақ беретін қоғамтанушы, тілтанушы және тағы басқа ұқсас мамандар шығыстанушы саналады. Сондықтан, шығыстанушылар –   Шығыс пен оның мәселелері, мәдениеті мен тарихы туралы ғылыми немесе қызығушылығымен немесе саяси, әскери, экономикалық, мәдени мақсаттарда жазғандар немес сөз сөйлегендер. Оларды Шығысты немесе оның бір бөлігін тануға қатысты ортақ мақсат біріктіреді. Олардың зерттеу жүргізетін ортақ тақырыптарының бірі – Исламның ұлық пайғамбары.

Шығыс Азия шекарасынан асып, тіпті Африканың көп бөліктеріне таралады. Шығыс мәдениеті рухани құндылықтардың материалдық өмірден жоғарылығы мен өмірдің мағналығын қуаттап, жаратылған жүйедегі адамның орнын анықтады. Шығыс өркениеттерінің көне тарихына жасаған шолу дін мен руханияттың Шығыс мәдениеттері бірлігінің факторы, ал илаһи пайғамбарлардың тарих бойында адамзат үшін ұсынған мәңгі тағылымдарының Шығыс өркениеттерінің негізі саналатынын көрсетті.

 

Шығыс идеологиясы ислам әлеміне ерекше көңіл бөліп, дін мен оның тамырларын танып білуге талпынуымен бірге Исламды барлық салада дағдарысқа тіреді. Батыс Исламның күш-қуатын Батыстағы Андолусияда байқады. Ислам басынан бастап, мүмін христиандардың пікірінше таңырқататын оқиға және үлкен бедғат саналды. Сондықтан Еуропа өркениеті тарихының кейбір ғылыми тұлғалары Исламның құдыретінен қатер сезіп, мүмкіндіктеріне қарай Ислам мен оның Пайғамбарына (с.ғ.с.) қарсы үгіт жүргізіп, Алла елшісіне (с.ғ.с.) тіл тигізіп, құрметсіздік білдірді. Тіпті кейін Исламға деген көзқарасын өзгерткен Вальтер сынды әйгілі адам Ислам пайғамбарына қарсы пьеса жазып, Франция сахнасына шығарды. Осы жағымсыз және фанатикалық көзқарас кең таралып, «Мұхаммад Еуропада» кітабының авторы кітаптың кіріспесінде: «Еуропалық жазушылардың басым көпшілігінің шығармаларында Мұхаммад моральдық кемшіліктерге ие адам ретінде бейнеленген»,- деп жазды.

Батыс Исламның ғиззатын төмендету үшін, сондай-ақ исламдық қоғам ойшылдарының ой-пікірін бұзу үшін оның әйгілі тұлғаларының бейнесін жаман көрсетуге талпынды. Бұл салада еуропалық Ислам зерттеушілерінің әртүрлі топтары Алла елшісіне түрлі ұстаным білдірді.

Тігісін жатқызып айтқанда шығыстанушылардың көпшілігі шығыстық түпнұсқа ғылымдарға қол жеткізе алмады немесе оны түсіне алмады. Сондықтан, батыстықтар Шығыс мәдениеті мен өркениетін кемел емес, кемшіндіктерге ие деп сипаттап, Шығыстан қате бейне қалыптастырды.  Алғашқы шығыстанушылардың зерттеулерінен қате болжамдар мен мәліметтерді байқаймыз.

Дегенмен ойшылдар тобы әсіресе 19 ғасырда шынайы зерттеулер жүргізді.

Өкінішке орай, ғылыми шығыстану анық және жасырын түрде саяси мақсаттарға шырмалып, тіпті кейбір шығыстанушылар бұл жағдайды сынаушылардың қатарына енді. Аннемари Шиммель шіркеу иелерінің әсіресе Исламға деген қарым-қатынасының сапасы туралы: «Христиан діні кездестірген барлық діннің ішінде Ислам діні – ең дұрыс түсінілмеген және қатты шабуылмен  бетпе-бет келген дін. Ортағасырлық рауаятшылардың Ислам діні   мен оның пайғамбары Мұхаммад туралы   бейнесі шын мәнінде бұрмаланған. Бұл бұрмалау кейде шегіне жеткені сондай Батыста   көбінесе Магомет деп жазылатын хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Құдайдың бір түрі саналып, табынуға келгенде алтын мүсіндері аталды»,- деді.

 

Аннемари Шиммель

Пұтқа табынушылықтың тіпті кішкентай белгісін де қабылдамайтын және Пайғамбары (с.ғ.с.) өзін Алланың пендесі деп санайтын дінді сонша бұрмалау Ислам дінін дұрыс түсінбеудің салдары болар.  1143-1616 ж.ж. аралығында Құран мен араб тілін үйренуге талпынған ойшылдар саны санаулы болды. Аннемари Шиммель шығыстанушылар тобының 16-17 ғасырлардағы еңбектері туралы: «Мен олардың (Ислам дінін толық емес деп санайтындардың) арасында Құранды зерттегендер санаулы және бұл кітапты оқығандардың арасында оның сөздері мен сөйлемдерінің дұрыс мағынасын табуға талпынғандардың саны өте аз деп ойлаймын»,- деп жазды.

1842 жылы неміс шығыстанушы Густав Вейль хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) өмірін сыртқы оқиғалар мен тарихи шындықтардан бөлек баяндауға талпынды. Одан кейінгі онжылдықтарда Уильям Мьюир мен Алоис Шпрингер және Дэвид Марголиус хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) бейнесін теріс көрсеткісі келді. Олар болмысында тарих бойындағы пайғамбарлардың бүкіл қадір-қасиеті жинақталған хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) жүзін бұрмалады.

Неміс исламтанушы Карл Генрих Беккер: «Біз Мұхаммадты (с.ғ.с.) қиял тұрғысынан көрсету үшін көптеген нәрсені қостық. Бірақ ол туралы шындық жазатындай, сонша мәліметіміз жоқ»,- деп мойындаған болатын. Ислам тарихы туралы көптеген зерттеу жасаған, тіпті мұсылман еместердің сынына ілінген шығыстанушылардың бірі – Анри Ламменс. Христиан ғалым Джордж Джордак бұл бельгиялық пастордың пікіріне өкініш білдіріп, мұндай шығарманы ғылыми ой-пікірге қайшы деп санады.

 

Джордж Джордак

Уақыт өте келе, көзқарастар біршама әділ болып, дұрыс зерттеулер жүргізілгенімен, Пайғамбардың жолы мен тағылымдарын   дұрыс түсінуге Батыста ешқандай әрекет жасалмады. Ренессанс дәуіріндегі ғылыми және техникалық жетістіктердің арқасында пайда болған  қазіргі Еуропа  Пайғамбардың ұлы және рухани тұлғасымен қақтығысты тоқтата алмады; Исламның таралуына қатысты қорқыныш пен алаңдаушылықты азайта алмады. Алайда хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) нұр сынды әлемнің қараңғылығында жарқырап, адамгершілік, адам құқығы және азаттық жолдауларын жеткізіп, тарих бойында бүкіл адамдардың тәрбиешісі болып, баршаны өзіне қарай тартты.  Соңында  шығыстанушылар да оның өзі мен тағылымдарының ұлылығын мойындады. Шиммель ханым бұл туралы: «Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жарқырыған шырақ. Ол – әлемнің қараңғылығын нұрландырып, халықты айналасына жинайтын жарық»,- деп жазды.

 

 

 

Тегтер