Қаз 25, 2019 08:49 Asia/Almaty

Бағдарламамыздың бүгінгі бөлімін Батыстың өмір туралы көзқарасынан туындаған кейбір келеңсіздіктерді талдауға арнаймыз.

 

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеиді толғандыратын тақырыптардың бірі – исламдық өмір салты және ислам әлемінде батыстың өмір салтының таралуынан туындаған келеңсіздіктер тақырыбы. Аятолла Хаменеи өткен жылдары жасаған баяндамаларында осы тақырыпқа тоқталған. Хазірет ИИР-дағы өмірдің жаңа тарауының жаршысы болған "Революцияның екінші қадамы" атты баяндамасында Батыс өмір салтының ақлақтық, экономикалық, діни және саяси салдарларын орны толмас зиян деп атап, бұған қатты көңіл бөлу қажеттігін айтты. "Батыстың өмір салты" атты бағдарламамыздың бүгінгі бөлімін Батыстың өмірге қатысты көзқарасынан туындаған кейбір келеңсіздіктерді талдауға арнаймыз. 

 

Урбанизация – заманауи сипаттамада Ренессанс пен Батыста индустриалды революция болғаннан кейін қалыптасқан құбылыстардың бірі. Индустриалды революцияға дейін қалалар  шіркеу сияқты діни орталықтардың айналасында салынған, бірақ Батыста капиталистік жүйе  қалыптасқан соң сауда-экономика орталықтары қалалық қатынастардың өзегіне айналды. Уақыт өте келе материалдық мүмкіндіктер осы қалаларда шоғырланды. Ірі тұрғын-үй кешендері мен  зеңгір үйлер салынды. Бизнеспен айналысып, ойын-сауық құрып, көңіл көтеруге жағдай жасалды.  Телефон, теледидар, ғаламтор және спутниктік байланыс сияқты заманауи мүмкіндіктер Батыс азаматтарының ықтиярына берілді. Бүгінде капиталистік елдерде бір қалада өмірдің материалдық артықшылықтарының бәрі бар. Оның тартымдылықтары адамды сиқырлап тастайды. Бірақ осындай қарбалас жағдайда өмірдің мәні сақталды ма?

Батыстың заманауи қалалары тұрғындарының өміріне әсерлерін бағалайтын болсақ, көптеген мүмкіндіктердің барына қарамастан, халық қалаларда әдетте тыныштық пен бақыт сезінбейді. Француз қоғамтанушысы Генри Лафор сияқты қоғамтанушылардың айтуынша, Батыстың күнделікті қалалық өмірінде жасырын бөтендік бар. Ол шынайы қажеттіліктердің орнын алмастырған жалған қажеттіліктер, асыра тұтынушылық пен табыс қууды сынап: "Капиталистік қаладағы күнделікті өмір іш пыстыратын қайталамалы әрекетке айналды. Адамдар мұндай қоғамда өздерінің әрбір күнін маңызсыз санайды; шынайы таным мен адамдыққа негізделген қоғамға жетуден қол үзіп, кез келген жасампаздық пен  гүлденуден шет қалады",-деді.

Осы кезеңде Батыс адамының өмір стилінде өзгеріс болды деп айтуға болады. Қаладағы дағдарыстар осыдан бастау алады. Қала қалыптасуының 7 мың жылдық тарихында алғаш рет жаңа құбылыспен бетпе-бет келіп отырмыз. Оны "даму ауруы" деп  атайды. Психикалық ауытқушылықтар Батыста урбанизацияның қарқындауы, өзгерістердің жылдамдығы мен әлеуметтік қатынастардың қалыбымен тікелей байланысты болып отыр. Германияның Мангейн қаласындағы психикалық денсаулық орталығының директоры Андреас Майер-Линденберг: "Қала тұрғындар саны артқан сайын психикалық ауруларға шалдыққан адамдардың саны да арта түседі",-деп ескерту жасады. Оның пайымдауынша, бұл аурулардың таралу аясына тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отыр.

 

Өмірдегі айқай-шу, абыр-сабыр мен қарбалас батыстық мегаполистерде қобалжыған кеңістік қалыптастырды. Қазіргі сырттай модерн әлемде жиналысқа кеш келу, әуежайдағы рейстен қалу, тыйым салынған жерге мотоцикл қою, полицияның келуі және халық алдында сөз сөйлеу – осының барлығы адамдардың бойында қобалжу сезімін тудырады. Мұндай алаңдаушылық Батыс адамының өміріне тамыр жайып, оның бір бөлігіне айналып кеткен сияқты. Ол кез келген күнделікті байланыстар мен оқиғалардан көрініс табуы мүмкін.

60 жыл бұрын әлем тұрғындарының үштен бірі үлкен қалаларда өмір сүрген. Қазір әлем тұрғындарының екіден бірі мегаполистерде өмір сүреді. Мамандардың болжауынша, қалалық тұрғындар саны 2050 жылы 70 пайызға жетеді. Зерттеушілер заманауи қалалардағы өмір индивидуализм мен эгоизмді арттырып, адамның оқшаулана түсуіне соқтырады деп санайды. Индивидулизм мен қоғамнан қашқақтау – Батыс өмір салтының салдарлары. Технология адамдардың өз қажеттігін қамтамасыз ету үшін тікелей байланыс орнатпай, бір-бірімен азырақ араласуға жеткізді.

 

Батыс адамы барлық дамыған байланыс құралына ие болып отырғанына қарамастан, тарихтағы ең жалғыз адам болып табылады.

Бүгінде Батыста адамдар қарсы тарапты жақыннан көрмей-ақ интернеттің көмегімен өте күрделі мәмілелер мен сауда жасайды, ең маңызды және соңғы  ғылыми теорияларды үйреніп, пікір алмасады, бірақ ешқашан бір-бірін көрмейді. Сыныпқа бармай, виртуалды оқу құралдары арқылы сабақ оқудан бастап, жұмысқа бармай-ақ кеңселік жұмыстарды атқару батыс адамдарының өз тұрғыластарымен қарым-қатынасын күннен күнге азайтты. Батыстың қазіргі қоғамында адамдарды машина мен технологиялар байланыстырып отыр. Технологиялар адам өміріне көбірек енген сайын оның индивидуализмі мен жасырын жалғыздығы арта түседі.

Ұлыбританиядағы Психикалық денсаулық қауымдастығы бір есебінде технологиялардың адамдар арасындағы қарым-қатынастың орнын алмастыра алмайтынын айтып: "Ұлыбританияда он адамның біреуі көбіне жалғыздық сезінеді. Жалғыз өмір сүретін, ұзақ уақыт бойы жұмыс жасап, бір-бірін сирек көретін адамдардың саны артып бара жатыр",-деп мәлімдеді. The Times газетінде шыққан осы есеп бойынша, жауап берушілердің жартысынан көбі "Адамдар бұрынғыдан бетер оқшауланып, бір-бірінен алшақтап кетті" деп санайды. Бұл мәселе егде жастағы адамдар тобымен шектелмейді.

Жалғыздық пен оқшаулықтың басқа да жағымсыз салдарлары бар. Gallup сауалнама институтының жаңа зерттеулері көрсеткендей, америкалықтардың жартысынан астамы 2018 жылы күнде қатты қобалжуды бастан өткерген. Бұл оларды әлемдегі күйзеліске ең көп шалдыққан халықтардың қатарына қосты. Өткен жылы әлемнің 140-тан аса елінде 151 мың адамның қатысуымен өткен зерттеуде АҚШ халқының 55 пайызының күнде бүлдіргі күйзелісті бастан өткергені, олардың ашулану және алаңдау деңгейінің соңғы он жылда ең жоғары көрсеткішке жеткені анықталды.

 

 

Қобалжу күйзеліске қозғау салады. Тұрақты қиындық саналатын күйзеліспен салыстырғанда қобалжу – адамның рухы мен психикалық денсаулығына әсер ететін уақытша сезім. Бүгінде қоғамдағы әртүрлі адамдар арасында психикалық аурулардың пайда болуының ең маңызды факторы – қобалжудың артуы. Ол әлеуметтік қысымдардың артуынан туындайды. Осыдан біраз бұрын британдық The Independent газеті психикалық ауруларға, әсіресе күйзеліс пен қобалжуға шалдығып, осы елдің ауруханаларында қаралғандар  санының соңғы онжылдықта 28 пайызға артқанын хабарлады. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, 2018 жылы қызметкерлер мен жұмысшылар ауруының 44 пайызын күйзеліс пен қобалжу құраған. Осындай жағдайда бұл көрсеткіш өткен 10 жылда 35 пайыз болған. Британдық ересек адамдардың жартысы қазіргі модернизацияланған өмірдегі қобалжудың жоғары деңгейі  адамдардың жеке өмірінің барлық қырына теріс әсер етеді деп санайды.

Көлікпен ұзақ жол жүру, қозғалыссыз ұзақ отыру, сырттан тамақ ішуге бейімделу инфаркт пен инсульт сияқты аурулардың артуына, 2-ші типтегі диабеттің айтарлықтай артуына себеп болды. Әлемде диабетке шалдыққан 145 млн адамның үштен екісі қалада өмір сүреді.

Ми және жүйке жүйелерінің маманы доктор сейіт Масуд Набави MS ауруын қалада өмір сүру салдарынан туындаған ауру және заманауи өмір салтының салдары деп есептейді. Өйткені адамның өмір салты модернизациялана түскен сайын оның технологиялық өнімдерді қолдануы артады. Сондықтан қобалжу мен қайшылық та көбейеді.