Қаң 05, 2020 16:53 Asia/Almaty

Адамның болмысындағы табиғи түйсіктердің бірі – жыныстық түйсік. Осы қуатты түйсіктің маңыздылығы мен рөлі адамзат ұрпағыын жалғастырумен қоса, адамдардың рухы мен психикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

Адам болмысындағы табиғи түйсіктердің бірі – жыныстық түйсік.  Осы қуатты түйсіктің маңыздылығы мен рөлі адамзат ұрпағын жалғастырумен қоса, адамдардың рухы мен психикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Адамзат тарихында үйленіп, отбасын құру осы түйсікті бақылауда ұстап, оны тежеуге мүмкіндік берген. Жанұя әйел мен еркектің орны мен беделін сақтаумен қоса, қоғамда оларды орынсыз жыныстық қозулардан қорғап, психикалық денсаулықтарын сақтайды. Алайда өткен бірнеше онжылдық барысында Батыс елдері осы салада жаңа құбылыстарды бастан өткерді. "Революция" деп аталатын жыныстық еркіндік құбылысы 20 ғасырдың 60-80 жылдарында жыныстық қатынастардың дәстүрлі жүйесін түйткілге ұшыратумен басталды. Бұл қозғалыс жыныстық қағидаларға көптеген өзгеріс енгізді. Отбасынан тыс жерде жыныстық қатынасқа түсуге қызығушылықтың артуы, халық алдында жалаңаштану, жыныстық ауытқушылық, соның ішінде гомосексуализм мен басқа да жыныстық құмарлық түрлері, жүктілікке қарсы дәрілер ішу және түсік тастатудың заңдастырылуы – осының барлығы аталмыш революцияда индивидуалдық еркіндік туының астында орын алды. Сонымен жарты ғасырдан аса жыныстық еркіндік Батыс елдеріне не берді?

Америкалық тілші Суалин Бродер АҚШ-тағы жыныстық  революцияның салдарлары жайлы сипаттамасында: "Жыныстық революцияның басталғанына 50 жылдан аса уақыт өтті. Бірге тұру «үйлену» деген мағына берген, балалар ата-анасымен бірге тұрған заман қазір 40 жасқа толмаған бірде-бір америкалықтың есінде жоқ. Шындығында бұл революция апат болды. 1950 жылдары америкалықтардың жыныстық  әдет-ғұрыптары аяқ асты етілгенге дейін АҚШ-та тек 2 жыныстық ауру тіркелген. Ал қазір елде 24-тен аса жыныстық  ауру бар",-деп жазды.

 

Батыста жыныстық еркіндіктің салдарлары қоғамдарда тек жыныстық  аурулар түрінің артуымен ғана шектелмеді. Жыныстық еркіндіктің қоғамдарға таңған ең ащы салдары жанұялардың күйреуі болды. Батыс елдерінде ажырасу санының жоғары болуы бір жағынан қоғамда жалғыз басты әйелдер мен тастанды балалардың көбеюіне алып келсе, басқа жағынан жыныстық ауытқушылықтың артуына әкеліп соқтырды.

Жыныстық қорлау, тиісу, көзге шөп салу, жыныстық сауда осындай ауытқушылықтардың қатарына жатады. ЮНИСЕФ-тің мәлімдеуінше, әлемде 2 млн-нан аса бала жыныстық нарықта теріс мақсатта пайдаланылады. Адам контрабандасы – осындай нарықты сақтаудың белсенді жолдарының бірі. International Labuor Office мәліметі бойынша адам контрабандасының жылдық табысы 30 млрд доллардан асады. Бұл табыстың жартысы индустриалды елдерге тиесілі. Осындай жағдайда адам контрабандасы құрбандарының төрттен үш бөлігі – әйелдер. БҰҰ-ның Есірткі заттар мен қылмыстар департаментінің  зерттеулер бөлімінің директоры Анжела Мей 2016 жылдың мәліметтерін сараптауда: "Қыздар көбінесе жыныстық құлдық үшін  саудаға салынады",-деді. Айта кету керек, әйелдерді контрабандалық жолмен  Америка мен Батыс Еуропаға көп жібереді.

Батыстағы жыныстық еркіндіктің келесі бір салдары – батыстық әйелдер арасында түсік жасату статистикасының артуы. 1973 жылы АҚШ-тың Жоғары соты түсік жасату құқығын бекіткеннен кейін 50 млн-нан аса эмбрион дүниеге келмес бұрын өлтірілді. Егер түсіктердің барлығын, соның ішінде арнайы дәрілер арқылы жасалған түсіктерді назарға алсақ, жылына АҚШ-та 1 млн-нан аса түсік жасалады. Зерттеулер көрсеткендей, түсіктің 86 пайызы өз тыныштығын ойлау және жүктіліктің қиындықтарынан арылу үшін жасалады. Шын мәнінде бүгінде АҚШ-та өмірінің басында бір адамның жанын алу таңдау, еркіндіктің белгісі, адам құқығының бірі бөлігі саналады.

 

 

Бүгінде Батыс елдеріндегі жыныстық еркіндіктің салдарлары мұнымен шектелмейді. Бұдан бұрын CNN-де "Дисней гомосексуал принцессаны көрсетуге дайын ба?" атты мақала жарияланды. Бұл мақаланың авторы  Сали Куһен "Frozen" аннимациясындағы екі қыз шахзаданың үйленуі туралы жазды. Мультфильм таратылғаннан кейін  бірнеше америкалық азамат сын айтып, наразылық білдірді. Олар гомосексуализмнің анимацияда таралуына қарсылық білдірді. Куһеннің мақаласы анимацияда гомосексуализмнің таралғаны туралы уәждерді растай түсті. Жазушы осы анимацияға қолдау білдіріп, Батыста жанұяның жаңа бір түрінің, яғни ата-анасы бір жыныстан болатын жанұяның қалыптасқанына тоқталып, осы жыныстық ауытқушылықты 21 ғасырда АҚШ-та орын алған жаңа бір құбылыс деп таныстырды. Куһен осы анимацияны қолдайтынын түсіндіріп: "Қалай болғанда да, осындай жанұя АҚШ-та қалыптасып келеді. Демек, балалар мұндай жанұя да болатынын білуі тиіс",-деп жазды.

Бүгінде Батыс елдерінің көбінде, соның ішінде Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италияда біржынысты неке заңдастырылған. АҚШ пен Ұлыбритания сияқты Батыс елдерінде қоғамдағы осындай адамдарға қызмет көрсету түрі таңданыс тудырады. Мысалы, Ұлыбританияда халықтың 1,5 пайызын гомосексуалдар құрайды.  Бұл елде 2004 жылдан бастап біржынысты жұптар дәстүрлі жұптардың құқықтары мен артықшылықтарына ие. Батыс жүйесі осы жыныстық  ауытқушылықты кәдімгі бір әлеуметтік құбылыс ретінде көрсетуге талпыныс жасап жатыр. Мысалы, америкалықтар мен британдықтардың паспорттарынан ата-ананың аты өшіріліп, оның орнына бірінші ата-ана, екінші ата-ана деген белгі қою, балалар үйлеріне біржынысты жұптарға бала беруге қысым жасау, шіркеуден діни ережелер бойынша біржынысты жұптардың некесін қиюды сұрау, әлеуметтік ұйымдар тарапынан мұқтаж жандар ретінде біржыныстыларға қаржылай көмек көрсету.

Батыс үкіметтерінің біржынысты жұптардың некелерін қолдауы жалпыхалықтық стратегиялық саясатқа байланысты жүзеге асырылып отырған сыңайлы. Батыстың мәдениет қалыптастырушы органы  да осы салада әртүрлі қалыптарда өз тыңдармандарына осы ерсі құбылысты табиғи іс деп қабылдатуға талпынып жатыр. Өйткені егер адам құқығы мен гуманистік көзқарасқа осыншалықты қолдау көрсетілсе, неліктен психикалық, қоғамдық немесе физиологиялық себептерден адамдық болмысынан алшақтаған және емделуді қажет ететін адамдарға көңіл бөлінбейді? Керісінше, осындай ауытқушылықты ынталандырып, жарнамалап, қолдап, қалыпты нәрсе деп көрсету арқылы ауру адамдарды ақлаққа қарсы жыныстық  ауытқушылыққа одан ары итермелеп жатыр.

 

 

Жарты ғасырдан аса уақыт бұрын Батыста басталған жыныстық революцияны батыс адамы еркіндік туы астында жыныстық әралуандық, балаларға тиісу және гомосексуализм түрінде тәжірибеден өткізді. Бүгінде жыныстық жүгенсіздік адамды жануарлармен қатынасқа түсуге жеткізді. Жануарлармен үйлену – гедонизм мектебі аясында сипатталған жиіркенішті құбылыс. Бұл да заманауи адам тап болған жыныстық ауытқушылықтың қатарына жатады. Бүгінде Батыс елдерінде жануарлармен үйлену мәселесі күшейіп барады.

Бірақ бұл жүгенсіз адамның жыныстық құмарлығының соңғы шегі емес. Психологтар Батыс елдерінде жыныстық ауытқушылықтың 15 түрі барын айтады. Еркіндік атымен жыныстық сезімді бақылаусыз қанағаттандырған жағдайда адамның жыныстық істерге құштарлығы төмендеп, одан туындайтын салдарлардан құтылады деген сылтаумен басталған қозғалыс бүгінде Батыс қоғамының негіздерін нысанаға алып отыр. Қазіргі таңда Батыс өркениеті бетке алған жол адамның табиғатымен үйлеспейді. Сол себепті жақсы нәтиже бермейді. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің айтуынша, "Руханилықтың иісі мұрындарына бармаған дамыған әрі өркениетті қоғамдарда ақлақтық жабайылық күн сайын артып келеді. Бұл жабайылық бүгінгі Батыс өркениетін құрдымға жеткізеді".