Иранның жетістіктері (34)
Ақп 19, 2020 16:41 Asia/Almaty
Емдік туризм. Иран тарихында қол жеткізілген жетістіктер көп. Олардың барлығы Ислам революциясынан кейінгі 40 жылда орын алды.
Ислам революциясына дейін шетелдік азаматтар Иранды емделуге баратын ел ретінде қарастырмаған. Ал негізі емдік туризм – әлемдегі туризмнің ең маңызды тармақтарының бірі. Ислам революциясынан кейін Иран үкіметі алғаш рет ирандық дәрігерлердің біліктілігі мен елдің медициналық жетістіктерін назарға ала отырып, Иранды ислам елдерінің азаматтары емделу үшін таңдайтын мемлекетке айналдыруға шешім қабылдады. Бұл жоба х.қ.ж.с.б. 1382 жылы басталды. Бұл салада бәсекелестіктің ауыр болғаны соншалықты, х.қ.ж.с.б. 1391 жылға дейін тек 30 мың адам ғана Иранға емделуге келген. Алайда елде медицина ғылымы дамығаннан кейін х.қ.ж.с.б. 1394 жылы бірінші рет елге емделу мақсатында келген туристердің саны 200 мыңға жетті. Жақын болашақта бұл сан 1 млн адамға жетіп, 7 млрд доллар табыс әкеледі деп болжануда.
Тегтер