Ақп 22, 2020 20:44 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде 13

Имам Хомейнидің Иранның мәдени, саяси және ғылыми маңызды институттарының бірі, университет және қоғамның маңызды және ықпалды топтарының бірі, академиялық орта туралы көзқарастарымен таныстырамыз.

 

Иранда университеттер тек ғылым мен ой-пікір және зерттеу орталықтары ғана, олар өткен ғасырдағы қоғамның саяси өзгерістерінің негізгі бағыттарының бірі болды. Бұл университеттер Ислам революциясының жеңісіне маңызды әсерін тигізді, сондықтан олар имам Хомейнимен жақын қатынаста болды.  Имам  университет және оның филиалдары, профессор мен студентке  назар аудару қажет деп білді. Бұл маңыздылықтың бірінші өлшемі мен бағыты ғылым мен білімнің, әсіресе имам Хомейнидің зияткерлік жүйесіндегі университеттерде оқытылатын жаңа ғылымдар мен ғылымдармен байланысты.

Имам Хомейни

Имам Хомейни  белгілі   ислам ғылымдары ғұламасы болып, ижтихад құдіретіне ие болған. Алайда, университеттерде Батыстың ғылымдары  оқытылып,   дәстүрлі салаға және ондағы ғылымдарға қайшы болып, дағдарысқа тіреді. Сондықтан имам Хомейнидің әйгілі ғұлама ретіндегі ұстанымы өте маңызды. Діни көздеріне сүйене және пайдалы ғылым түсінігін түсіндіре отырып, имам Хомейни діни және академиялық ғылымдардың қарама-қайшылығын тоқтатты. Бұл кісі  жаңа ғылымды зерттеуді пайдалы деп біліп, егер оны үйретушілердің мақсаты мен ниеті илаһи құндылықтарды таратып, адамдарға қызмет ету болса, олар Құдай алдында діни тұрғыдан қорғалатын болады деп көрсетті. Имам бұл туралы: «Ғылымдар мүлдем екі дүниеге бөлінеді, олардың мақсаттары дүниелік мақсаттарға жету болып табылады, ал екіншісі – ақыретке байланысты ғылымдар, олардың мақсаты илаһи дәрежеге жету. Алла Тағала ғылымды ғибадаттардың бірі деп білді. Ешбір дін Ислам діні сынды ғылымды бағаламады. Құран әртүрлі жерлерде ілім мен әлемді сипаттап, ғылымға назар аударуды қуаттады. Ғылым арқылы адам дүние мен ақыреттің бақытына жете алады»,- деді.

Имам Хомейни студенттер ортасынды

Имам Хомейнидің діни және заманауи ғылымдарды үйлесімді түсіндіруі және ғылымдардың құндылығын оның иелерінің ниетіне байланыстыруы идеалды әлемнің өлшемдері мен аспектілерін анықтау саласында міндеттеме мен тәжірибенің маңыздылығын қуаттады. Ол ғылым мен иманның үйлесімдігін жеке және қоғамдық бақыт үшін қажет деп біліп, имансыз ғылымды көптеген қатыгездіктердің және  ғылымның тақуалықпен бірге болуын  көптеген қайырымдылық пен жақсылықтардың қайнар көзі санады.  Имам: «Егер  ғылымның бақыттың қайнары болуына күмәнденсек, бұл үлкен қателік. Кейде ғылым көптеген қатыгездіктердің  көзі болуы мүмкін»,- деді. ып табылады. Имам Хомейни әртүрлі кезеңдерде діни ғұламалар мен университеттік таптарға ғылым мен руханияттың бір жақ болуын білім алумен бірге нәпсіні тазарту үшін қажет деп біліп: «Мырзалар білім алуға талпынғандай, ахлақ, амал, наным-сенім салаларында да талпынулары керек. Өйткені ғылым амалсыз және имансыз болса, көбінде зиян келтіреді.

Имам Хомейнидің университеттер мен академиялық орталаға деген көзқарасының тағы бір аспектісі - бұл жоғары оқу орталар, студенттер мен профессорлардың рөлі мен ықпалының елдің  дамуына жол ашуға бағытталғаны. Имамның пікірінше, бұл маңызды мақсатқа жету үшін Алладан қорқатын және тақуа адамдарды тәрбиелеу арқылы қоғамның рухани кеңістігінің сау дамуына жағдай жасау болып табылады. Басқаша айтқанда, имам Хомейнидің көзқарасынша адамды рухани тұрғыдан тәрбиелеместен миссияны орындау мүмкін емес. Аллаға иман келтіру мен Алладан қорқу академиялық жүйенің өнімдерінде нақты көрініс табуы керек. Сондықтан профессорлар мен ұстаздардың ахлағы мен наным-сенімі,  профессорлық-оқытушылық құрамның белсенділігі мен мамандылығы   мақсаттарға жету үшін қажеттілік болып табылады.

Ислам революциясының негізін қалаушысы өз-өзіне сенім артып, өзінің ғылыми жетістіктеріне сүйенуді   тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қажет деп санап, бұл үдерістегі университтер мен академиялық ортаның рөлі мен үлесін қуаттады. Имам: «Бізді шетелге тәуелді ететін университеттке қарсымыз. Бізге тәуелділіктен шығарып, бізді, бүкіл елемізді тәуелсіз ететін университеттер керек»,- деді.  Имам Хомейнидің пікірінше, елдің тәуелсіздікке жетуі  университеттер мен академиялық орталарға, олардың ғылыми құдыретінің нығаюына байланысты деп біліп, ұстаздар мен студенттердің ғылыми жұмыстары қоғамның қажеттілігі және келешегіне сай болуы қажет.

Имамның университеттер мен академиялық орта туралы ойының үшінші жағы олардың әлеуметтік міндеттілігі мен саяси жауапкершілігіне байланысты.  Ол академиялық ортаны басшылар мен халықтың жұмысы мен шешімдерін қадағалайтын қоғамның қырағы және хабардар бақылаушы ғалымдары деп санады.  Имам Хомейни академиялық ортадағы осындай рухтың нығаюын Ислам революциясындағы рөлін білдіреді деп деп тауып,  өз сөзінде профессорлар мен студенттердің халықты ақпараттандыру және Пехлеви диктаторлық режимінің басып-жаншуын әшкерелеуіне ерекше тоқталды. Имам Хомейни университеттерді әлемдік үстемдікке қарсы тұру саласындағы  ұлттық қарсыласуды күшейтуге көмектесетін мәдени және әлеуметтік платформалар деп білді. Имам Хомейни академиялық ортаны елдің саяси мәселелеріне тартуды Ислам революциясының мақсаттарына жету үшін маңызды деп санап былай деді: «Моджтахед өз тағдырына араласқандай академиялық орта және әр студент өзінің жеке тағдырына араласуы керек және академик пен студенттің, мектеп пен діни оқу орындары арасында ешқандай айырмашылықтың жоқ екенін білуі керек».