Сәу 08, 2020 13:58 Asia/Almaty

ХХ ғасырда Батыс зерттеулерінде Құран Кәрім маңызды діни шығарма, Пайғамбар (с.ғ.с.) илаһи тұлға ретінде зерттелді.

Әлем надандық, қараңғылық пен ақыл-ойдың құлдырауына тап болған кезде ұлы адам шығып, адамзат үшін жаңа дін ұсынды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) ақыл мен парасатқа негізделген тағылымдарымен надандық пен ырымшылдыққа табынуға қарсы шықты. Хазірет сөзі, амалы мен мінез-құлқы тұрғысынан теңдессіз адам болды. Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзін естіген әр адам хазіретке ғашық болатын. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) қараңғылықта күндей жарқырады. Құран Кәрім хазіретті былай деп таныстырды: «Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын, сондай-ақ оларға Кітап, даналық үйрететін бір Пайғамбар жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді». («Жұма» сүресі, 2-ші аят). Дұшпандық пен қаскүнемдік еуропалық өркениетте  әрдайым байқалып, әлі жалғасып келеді. Бұрыннан келе жатқан теріс үгіт-насихат ғалымдарға Исламның бай мәдениеті мен мұсылмандардың өмір салтымен бейтарап түрде танысу мүмкіндігін берген жоқ. Осылайша кекшілдік пен дұшпандық әр ғасырда ерекшелікке ие болып, оның негізгі табиғатын, яғни исламофобияны көрсетті.  ХХ ғасырда шындыққа жанаспайтын материалдардың таралуы және «Шайтан аяттар» сияқты кітаптың жарық көруі Ислам мен Пайғамбарға (с.ғ.с.) қарсы агрессия толқынын арттырды. Бірақ хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) өмірі мен бейнесіне көптеген ғалымдар құрмет білдірді. ХХ ғасырда Ислам туралы нақты ақпарат алу үшін жақсы кеңістік орнатылған жағдайда шығыстанушылардың  Пайғамбар мен Құран жөніндегі зерттеулері өткен кезеңнен   ерекшелене бастап, Батыс зерттеулерінде Құран Кәрім маңызды діни шығарма, Пайғамбар (с.ғ.с.) илаһи тұлға ретінде зерттелді.

Иван Алексеевич Бунин – 1933 жылы әдебиет саласында Нобель сыйлығына ие болған орыс жазушысы, ақын. Бунин исламдық шығысқа көп көңіл бөлген әдебиетшілердің бірі. Ол өз зерттеулерінде Ислам діні мен ислам мәдениетіне ерекше назар аударып, Шығысқа қызығушылық білдіріп, ислам әлеміне, атап айтқанда Мысыр, Палестина, Иордания, Сирия, Ливан және Алжирге сапар шекті. Жазушының ислам елдеріне сапар шегуі,  Құран, Исламның мәдениеті және тарихымен таныс болуы өлеңдеріне әсерін тигізіп, бүгінде Ресей мен әлем әдебиетінің бай қоры саналады. Ол Құран аяттары мен шығыстық түсініктерден шабыт алған өлеңдер жазды. Өлеңдердің тақырыптары Исламға, қасиетті пайғамбар мен ислам үмбетіне деген ерекше құрметті көрсетеді. Буниннің шығармаларында Ислам пайғамбарының өмірі, діни өлеңдер, қажылық, намаз және қасиетті жерлер туралы айтылды. Бунин өз өлеңдерінде ислам үмбетін нәпсімен және бөгделердің дұшпандығымен күресуге, оларға бағынбауға шақырды. 

Орыс шығыстанушы илаһи пайғамбарлардың өміріне көңіл бөліп, хазірет Ибраһимның дастанын өлеңмен баяндап,  ай мен жұлдыздарға бағынуды дұрыс емес деді. Бунин 1903 жылғы өлеңдерінің брінде ислам пайғамбарының Меккеге көшуін жырлады. Бунин Пайғамбардың Исламға шақыру жолындағы қиындықтары мен алаңдаушылықтарын «Тәубе» сүресінің 40-41-ші аяттарын пайдаланып, баяндады.

 

ҚУҒЫНДАҒЫ МҰХАММЕД

 

Намазшамда періштелер жүр ұшып,
Қанат қағып жапан дала, тау үсті.
Бұлақтар да ақпай қалды-ау күлісіп,
Естілгеннен оның зары дауысты.

Жалаң аяқ, ашып қойып кеудесін,
Отыр құмда, мың орайды сөзін мұң:
«Бірілгенмін иен түз бен шөлге шын,
Өзім сүйген барлық жаннан безіндім».

Періштелер айтты сонда: «Түңілген
Жараспайды пайғамбарға айбынды».
Жауап берді ол күйінішті күбірмен:
«Мен жартасқа шағып едім қайғымды».


 

 

Бунинның пікірінше, тек табиғат ғана адам өміріне бақыт әкеледі. Оның өлеңдерінде табиғаттың әдемі пейзаждары өте шебер және көркем суреттелген. «Хоманың көлеңкесі» әңгімесінде ол Құран аяттарын әлем туралы ой-пікірлерін білдіру үшін қолданып, Иранның ұлы ақыны Сағдидің өлеңдерінен шабыт алып, адамдарды жаратылыстың құпиялары туралы ойлануға шақырды. Бунин өзінен бұрынғылар әшкерелей алмаған  жаңа  пікірлерді ұсынды. Сонымен қатар, орыс ақындарының ешқайсысы Иван Бунин сияқты исламдық-шығыстық өлең жазған жоқ. Өзімен Құран алып жүру және оны оқу ол үшін қажеттілік болды. Ол барлық сапарында А.Николаевтың Құран аудармасын  өзімен алып жүретін. Бунинның әйелі жұбайының Ислам дінін жақсы көргені туралы: «Ислам оның болмысында қалыптасқан болатын»,- деген болатын.

«Пайғамбардың өлімі дастаны» – Бунин шығармаларының бірі. Бұл философиялық-мистикалық дастан. Ол «Бисмиләһир-раһманир-раһман» деп басталады. Бунин бұл шығармасында оқырманды Алланы тануға және өмірдің шындығын іздеуге шақырды. Ол: «Біз Алланы көрмедік және көрмейміз. Бірақ көзіміздің көрмеуіне күннің көзі кінәлі емес»,- деді.  Расында, Бунин  шығармаларын «Мейірімді және рақымды Жаратушының атымен бастаймыз» деп бастады.

Буниннің мұсылмандардың қасиеттері мен салт-дәстүрлерін білуі де маңызды. Өлеңдерінде мұсылмандар үшін  жасыл  түстің қасиеттілігі туралы айтты. «Пайғамбардың ұлты» өлеңінде ол мұсылман үмбетіне жүгінді. Мұсылмандар пайғамбар мен оның ұрпағының рәмізі мен нышаны жасыл түс деп санайды. Пайғамбар арқылы мұсылмандарға жеткен намаз міндеті Бунинды ерекше қызықтырды. Ол намазға тұрған адамдар туралы өлең жазды. 

Иван Бунин өзінің әртүрлі еңбегінде әрдайым адамның тағдыры мен оның сенімдеріне алаңдайтынын көрсетті. Сондықтан ол әртүрлі діндердің ізбасарларын діни және моральдық принциптер мен стандарттарды біріктіру мен қолдауға шақырды. Ол отанынан жырақтығы мен  өмірінің қиын жағдайына қарамастан,   дін мен адамгершіліктен бас тартпай, өмірінің соңғы сәтіне дейін табанды болды.

 

 

 

 

Тегтер