Сәу 29, 2020 18:02 Asia/Almaty
  • Иран: Хадже тауы (85)

Систан мен Белуджистан облысындағы Заболь қаласының оңтүстігінен 30 км жердегі Хадже тауы Һамун көлінің ортасында орналасқан.

Бұл тау қара базальт тастарынан түзілген. Тауда бір үлкен ғимарат, отхана, екі кірпіш қамал, ескі жолдардың қалдықтары, әртүрлі дуалдар, тас қабірлер және бірнеше исламдық зиярат орны бар.  Таудың көне атауы – Ушида. Орта парсы тілінде «мәңгілік» деген мағына береді. Герман археологы Эрнест Херцфельд бұл кешенді «саз кірпіштен жасалған Тахт-е Джамшид (Персеполис)» деп атаған. Кешенді 1916 жылы ағылшын археологы Оруэлл Стейн ашты.

 

 

Хадже тауы
Хадже тауындағы сарайлардың қалдығы
Ашканилер мен Сасанилер заманынан қалған сарайлардың қалдықтары
Хадже тауы – Иранның саз кірпіштен салынған Персеполисі
Хадже тауында жүздеген жыл бұрын салынған ғимараттың қалдықтары
Хадже тауы