Иран: Аташкуһ (89)
Maм 31, 2020 14:43 Asia/Almaty
Аташкуһ (Тәшкуһ) – Хузистан облысының табиғи ғажайыптарының бірі. Ондағы ұңғымалардан суық судың орнына ыстық от шығып жатады.
Бұл таңғажайып құбылыс Рамһормоз ауданының шығысындағы Маматин ауылынан 6 км жерде орналасқан. Геологтардың айтуынша, Аташкуһта жалындаған от жер қыртысындағы күкірт пен табиғи газдың тереңнен жер бетіне шығуына байланысты. Көмірсутекті газдар жердің әртүрлі қатпарларынан өтіп, жер бетіндегі кез келген тесік пен саңылаудан шығып, жанады. Газдың жануы түнде ерекше көрініс тудырады.