Маусым 01, 2020 18:41 Asia/Almaty

ХХ ғасырдағы Батыс қоғамының саяси-әлеуметтік жағдайы ойшылдарды діндерге, әсіресе Исламға көзқарасын қайта қарастыруға мәжбүрледі.

Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – қырағы адамдарды өзіне қаратып, оларды дұрыс жолға нұсқаған нұр. Бұл нұр уақыт өтіп, кедергілер жолдан алынған сайын одан сайын таралып, адамдар жүректерден орын тапты. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) баршаны, тіпті оның пайғамбарлығынан хабарсыздарды да ол туралы айту мен жазуға мәжбүрлеп, мұғалім, басшы, қаһарман, бір сөзбен айтқанда «кемел адам» деп атауға мәжбүрледі.  

Батыстың ғылыми дамуымен танымал болған ХІХ ғасырда батыс ойшылдарының көбі адамзаттың мәселелерін  эмпирикалық білім арқылы шешуге талпынды. Бұл жолда философия сынды ғылым қияметті тану және басқа түсініктер эмпирикалық білім арқылы зерттелді. ХХ ғасырдағы Батыс қоғамының саяси-әлеуметтік жағдайы ойшылдарды діндерге, әсіресе Исламға деген көзқарасын  қайта қарастыруға мәжбүрледі.  Бұл зерттеулер кейде ғылыми тұрғыдан, кейде империализмнің талаптарын қамтамасыз ету негізінде жүргізілді.

 

Исламтану

Лев Толстой (1828-1910 ж.ж.) Исламның ұлық пайғамбары туралы мұқият және бейтарап зерттеулер жүргізіп, хазіреттің кемелдігіне таңғалған әйгілі орыс әдебиетшісі. Ол «Мұхаммад – Алланың елшісі» деген кітабында: «Сөзсіз, Ислам пайғамбары әлемдегі ең үлкен ағартушы. Ол адамзат қоғамына зор қызмет етті. Ешбір қарапайым адам осындай ғажап іс атқарып, тиімді нәтижеге қол жеткізе алмайды. Сондықтан, Ислам пайғамбары әр түрлі құрмет пен қастерлеуге лайық. Сөзсіз, Мұхаммедтің (с.ғ.с) шариғаты оның ақыл және хикметпен сәйкестігі үшін болашақта әлемді қамтиды»,- деп жазды.

«Соғыс және бейбітшілік» үздік туындының авторы Лев Толстой Исламның ұлық пайғамбарына деген ерекше ерік-жігерімен өз өз шығармасында Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистерінің біріне сүйеніп: «Пайғамбардан иманның жоғары дәрежесі не?» деп сұраған кезде Пайғамбар: «Халықпен өзін қалай қатынас орнатқанды қалайтындай қатынас орнат. Басқалармен өзін қаламайтындай қатынас орнатпа»,- деп жауап берді»,- деп жазды.

Лев Толстой өз достары және жақындарымен Ислам діні мен Алла елшісі туралы сөйлесетін. Толстойдың Ислам дінін үздік дін ретінде қабылдауына Пайғамбар және хазіреттің дінімен танысуы болды.  Л.Толстой: «Мұхаммад (с.ғ.с.) мәңгілік пайғамбар ретінде хазірет Исадан жоғары. Ол адамды осал санамайды және Алланың мәртебесіне жеткізбейді, өзін де Аллаға жақындатпайды. Мұсылмандардың Алладан басқа Құдайы жоқ. Мұхаммад (с.ғ.с.) олардың пайғамбары. Бұл мәселенің сыры мен құпиясы жоқ»,- деп жазды. Толстойдан: «Қайсысы артығырақ? Христиан діні ме, әлде Ислам ба?»- деп сұраған кезде: «Мен үшін Мұхаммадтың (с.ғ.с) жолында болу кресті мадақтаудан маңыздырақ. Осы салыстыруда мен Ислам дінін таңдаймын. Егер адамдар шындықты таңдау құқығына ие болғанда, кез келген православ адам бір Алла мен Оның Пайғамбарын қабылдайтын еді»,- деген.

 

 

Толстойдың Алла елшісіне деген қызығушылығы «Мұхаммадтың (с.ғ.с.) хадистері» деген кішкентай кітаптан анық көрінеді. Ол бұл кітабында Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзін жинақтап, «Мұхаммадтың (с.ғ.с.) сөздері» деп басып шығарды. Профессор Тельма Хоршидоғлу Алиев бұл кітап туралы: «Толстой бұл кітабымен орыс оқырмандарын Алла елшісі туралы хадистермен таныстырды. Яғни, бұл кітап өз оқырмандарын діни ой-пікір, исламдық тәрбие және ахлақпен таныстырды. Бұл жерде хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) илаһи сенімінің сарқылмас құдыреті туралы Толстойдың шыңдығы қатты әсер етті»,- деді. Толстойдың жазбалары оның Ислам мен Пайғамбарға (с.ғ.с.) деген махаббатын көрсетеді. Толстойдың көзқарасынша, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) басқалар мен Аллаға деген махаббат, оптимизм, ізгілік, әділет, шындық пен әлемдік қоғамдағы басқа мәселелерді шешуді қарастырады. Терең ойлардан туындаған бұл сөздер кез келген адамды қызықтыруға жеткілікті.

 

 

Лев Толстой

 

Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) сөздерінің негіздерінің бірі әділет талап етуі Толстойдың ойына әсер етті. Толстой қоғамдық әділетке шақыру үшін Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистеріне сүйеніп: «Алла елшісі: «Залым және мазлұм бауырларыңа көмектесіңдер», - деді. Сол кезде «Уа, Алланың елшісі! Егер бауырымыз мазлұм болса, оған көмектесеміз, ал егер ол залым болса, қалай көмектесеміз?» - деген сұрақ естілді. Пайғамбар: «Оны зұлымдық пен зорлық-зомбылықтан алыстатсаңдар, көмектескен боласыңдар»,- деп жауап берді»,- деп жазды.  Пайғамбардың (с.ғ.с.) махаббат, жақсылық жасау және мұқтаждар мен жақындарға көмектесуге шақыруы Толстойды қызықтырды. Толстойдың хаттарының арасында аналардың бірінің оған перзентінің мұсылман болғаны туралы ақылдасуы жөніндегі хат бар. Елена Толстойға жазған хатында перзенттерінің Ислам дініне енуінің алдын алатын жол іздеп: «Менің екі ұлымның бірі – студент, екіншісі – офицер. Олар христиандар, бірақ олар өз дінінен шығып, Исламға еніп, мұсылмандарды қолдағысы келеді. Мен не істей аламын?»- деп жазды. Толстой бұл әйелдің перзенттерінің Исламға бет бұруын мадақтап,  Елена Ефсимова Вакилава ханымға былай деп жауап жазды: «Адам ең үздік жаратылыс иесі ретінде ішкі ғажайып қабілеттерімен жалпының құрметін,  өмір жолы мен тәсілін таңдауға лайық. Осы бағытта аспандық діндер адам мен оның шарапатын қорғау үшін үндес болып, қисық жолға қарсы тұрып, қолайлы шешім жолын ұсынады. Діндер ортақ рухани және ахлақтық қағидаларымен ахлақтық жол нұсқау мен адами  құндылықтардың бағалы қорына ие. Дегенмен, қай дін бәрінен де жан-жақты және ауытқушылық пен бұрмалаудан аман қалған?». Толстой өз хатында Ислам дінін мадақтап, бұл діннің адамды ғиззат пен дұрыс өмір сүру жолына жеткізетінін қуаттады.

 

Толстой хатының жалғасында:  «Перзенттеріңнің осы аспандық пікір жолында қызмет атқарып  отырғаны үшін оларға қосыламын және оларды шын жүректен құттықтаймын. Қазір осы жолдарды сізге жазып отырған кісі – христиан. Көп жылдардан бері христиандықтың тағылымдарына дағдылансам да, Ислам діні мен Мұхаммадтың тағылымдары барлық ерекшеліктері және сыртқы көрінісімен христиандықтан әлдеқайда толық әрі бағалы. Ислам дінінің сыртқы ерекшеліктерін христиандықпен салыстыруға болмайды. Мысалы, әр адам үшін Ислам мен христиан діні арасынан біреуін таңдап, сол бойынша Құдайға табынуға  мүмкіндік болғанда, бәрінен бұрын  бірнеше Құдайға еру мүмкін еместігі туралы ойлануы тиіс. Табынушылықтағы көп түрлілік діндердің негізгі тағылымдарына қайшы келеді. Қарсы тарапта Ислам діні тұрады. Онда тек бір Құдайға ғана табынады. Осы бір дәлелдің  өзі Исламның христиандықтан артықшылығына себеп болады. Әлбетте, ақыл есі дұрыс әр адам осы таңдауда міндетті түрде өзге дінді емес, Исламды таңдайтын болады. Ислам дініндегі тұлғалардың басында хазірет Мұхаммад (с.ғ.с) бар.  Оның тағылымдарынан барлық киелі діндердің  тағылымдары көрінеді және христиан дініндегі көптеген ақиқаттармен бағыттас әрі жақын. Өйткені илаһи діндердің негізі – Алла. Діндердің тағылымдары адамдарды Аллаға иман келтіруге жігерлендіреді»,- деп жазды.  

 

 

Тегтер