Маусым 18, 2020 19:50 Asia/Almaty
  • Имам Хомейни мектебінде 17

Әйелдер Ислам революциясының жеңіске жетуінде маңызды рөл атқарды. Имам Хомейни әйелдердің рөлін қуаттады, тіпті кейбір жайттарда әйелдердің рөлін ерлерден жоғары деп бағалады.

 

Ислам революциясының көсемі имам Хомейни халықтың діни және ұлттық құндылықтарын жаңғыртып, әйелдердің рөлін көтеріп, олардың саяси-әлеуметтік салаларға шынайы әрі белсенді қатысуы үшін жағдай тудырды. Имам Хомейни әйелдердің Ислам революциясына дейінгі саяси үстем жүйеде айырылған абыройы мен беделін қайтарып, көтеруге талпынды. Имам әйелдерді құрметтеп, хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қасиетті туған күнін «Әйелдер күні» деп атады.

 

Ислам рволюциясы ағымындағы әйелдер

Әйелдер Ислам революциясының жеңіске жетуінде маңызды рөл атқарды. Имам Хомейни әйелдердің рөлін қуаттап, тіпті кейбір жайттарда әйелдердің рөлі ерлерден жоғары деп бағалады. Имамның пікірінше, дәл осы әйелдер өздерінің құрбандықтары мен батылдықтары арқылы ер адамдарды жігерлендіріп, революцияшылдардың бірлігі мен ынтымағына себеп болды. Ислам революциясы азаттық пен әлеуметтік әділет талап етіп, әйелдердің саяси құқықтарын қайтарған жүйенің құрылуына әкелді. Әйелдердің рөлі тек революцияшыл қозғалысқа қатысумен шектелмеді. Үстемшіл жүйенің соңы қоғамның әртүрлі, атап айтқанда саяси және әлеуметтік салаларындағы әйелдердің белсенділігі мен маңызды рөлінің басталуы болды. Ислам республикасы жүйесінің орнатылуымен әйелдер революцияның жеңісімен иеленген азаттық және өзіне деген сеніміне сүйеніп, қоғамның бүкіл салаларында жұмыс істейтін болды. Имам Хомейни бұл туралы: «Бүгін исламдық қозғалыстың берекесімен әйел қоғамның әсерлі мүшесі болып, жоғары деңгейге жетті. Батыл әйелдер ерлерді Иранды құруға жігерлендіруімен бірге өздері де ғылым мен мәдениет салаларында белсенді жұмысқа кірісті. Қазір мәдени және ғылыми салаларға мұсылман әйелдер қатыспаған қала мен ауыл табылмайды. Исламдық қозғалыс исламның берекесімен қоғамдағы әйел мен ердің рөлін өзгертті. Бүгін ислам республикасында әйел ерлермен бірге елді құруға қатысуда. Бұл әйелдер мен ерлердің азаттығын білдіреді. Шах кезінде олардың азаттығы қамау мен азап-қорлық болды»,- деді.

 

Фаһиме Ахмади Дастджерди – ирандық ұшқыш әйел

Әйелдер үшін Ислам революциясының маңызды жетістіктерінің бірі шынайы азаттыққа ие болуы болды. Имам Хомейни исламдық қозғалыс кезіндегі исламдық үкіметтегі әйелдердің рөлі туралы сұрақ қойған адамдарға: «Ислам республикасы әйелдердің үкімет жұмысына белсенді қатысуына жағдай жасайды»,- деп жауап берді. Имам Al-Ahram мен Orp An Japan тілшілерінің бұл саладағы сұрағына: «Ислам – әйелдер азаттығын қолдамақ түгілі, өзі барлық саладағы әйел азаттығының негізін қалаушы. Істердің көбіне қатысу әйелдердің өз еркі. Азаттық – шахтың қалағаны емес»,- деді. Ислам республикасындағы әйелдердің жағдайы туралы сұрағына әйелдің азаттығы үшін қоғамдық хиджабты сақтау қажеттігіне тоқталып: «Үкіметтегі әйелдер жағдайы әйелдері мен ерлері азаттықтан айрылған біздің кезеңімізден керісінше азат адамның жағдайына сай. Бірақ мүддеге қайшы азғын жұмыс жасауға ешкім рұқсат бермейді»,- деді.

 

Әйелдердің қорғаныс соғысқа қатысуы

Ислам революциясының жеңісінен кейін әйелдер маңызды рөл атқарған әлеуметтік салалардың бірі олардың құрылыс күресіне қатысуы болды.  Құрылыс күресі имам Хомейнидің бұйрығымен алыс орналасқан аймақтардағы кедейшілікті жою мақсатында құрылды.  Имам Хомейнидің құрылыс күресін құру бұйрығынан кейін әйелдер ерлермен бірге мақұрым аймақтардағы кедейшілік мәселесін шешуге көмектесуге шешім қабылдады. Имам Хомейни әйелдердің құрылыс күресіне қатысу ерік-жігерін мадақтап: «Ешбір күш жастар мен әйелдердің құрылыс күресіне қосылуының алдын ала алмайды»,- деді.    

Әйелдер құрылыс күресімен бірге Иранға қарсы соғыс кезінде де ерлермен бірге соғыс және соғыстан тыс майдандарда ерлермен бірге қатысып, маңызды рөл атқарды.  Имам Хомейни қасиетті қорғаныс соғысы кезіндегі әйелдердің рөлі туралы: «Біз шіріген үкіметтердің қоршауына түсіп, олар Иранға жан-жақтан шабуыл жасаған кезде әйелдер соғыс майданының сыртында жауынгерлерге белсенді қолдау көрсетті»,- деді.    

Имам Хомейни әйелдердің қасиетті қорғаныс соғысы кезіндегі жауынгерлерді қолдауын тарихта бұрын-соңды болмаған құбылыс деп атап: «Мен теледидардан бір қаланың әйелдерінің соғыс майданындағы жастарға нан апарып бергенін немесе бумалар дайындап отырғанын көрген кезде ұяламын. Біз кімбіз, олар кімдер. Тарихтың басынан шолу жасасаңдар, армиясын қолдап, әскерилеріне қолдау көрсеткен, кедейлерге көмектесіп, қолда  бар мүліктерімен бөліскен әйелдер аз. Біздің қарындастармыз қозғалысқа қатысып, жеңіске жетуге үлес қосты»,- деді.  Имам Хомейни батыл перзент тәрбиелеп, революция мен соғысқа жіберген әйелдердің жанкештілігін маңызды іс әрі иманның белгісі, сондай-ақ, тағұтты жеңу факторының бірі деп атады.

Имам әуе күштері шәһидтері жақындарының ортасында қасиетті қорғаныс жылдарындағы батыл әйелдердің табандылығын мадақтап: «Мен исламдық қозғалыс қарсыластарының алдында исламдық елдің жолында табандылық білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздердің сөздеріңізден табандылық сезіледі. Мен қадірлі әйелдер мен әуе күштері шәһидтері және басқа шәһидтердің жақындарына алғыс айтамын»,- деді.