Иран: Ораман (91)
Маусым 21, 2020 14:18 Asia/Almaty
Ораман – Иранның батысындағы Күрдістан мен Керманшах облыстарының арасында орналасқан таулы аудан. Археологтардың зерттеулері бойынша, бұл ауылдың 12 мыңнан 40 мың жылға дейінгі тарихы бар. Осы ауданнан палеолит дәуіріне тиесілі тас құралдар табылған. Ауыл тұрғындары – күрдтер. «Һурами» диалектісінде сөйлейді. Ораман ауылын «Мың Масуле» деп те атайды. Өйткені оның архитектуралық құрылысы Масулеге ұқсайды. Әрбір үйдің ауласы келесі үйдің кеңірек төбесі болып жалғасып кетеді.