Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 12
Неміс ақыны Райнер Мария Рилке Гётенің өлеңдері мен шығармалары арқылы Шығысқа қызығушылық танытып, Ислам діні мен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пайғамбарға ерекше көңіл бөлді.
Көне отарлау дәуірінің аяқталуымен шығыстану, исламтану және пайғамбартану зерттеулері де өзгерді. Бұл жолы ғылыми көзқарасқа ие шығармалардың артқанын көріп отырмыз. Достық пен дұшпандық жойылмағанымен, өздерін басқа түрде көрсетуде. Басқаша айтқанда, ғылыми ағартушылық дәуіріндегі Исламның қасиетті пайғамбарына (с.ғ.с.) деген көзқарас шындыққа қарай бет бұрғанымен, отаршылдық кезеңнің жағымсыз және теріс пікірлерінен арылмағаны анық. Бірақ Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы оң көзқарастағы еңбектер көбейді. Бұл кезеңнің шығармаларында батыстықтардың Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы қателескенін мойындау артты. Шындықты іздейтін шығыстанушылардың пікірінше, Исламның ұлық пайғамбары – оны мүмкіндігінше тану және ол туралы әділетсіз көзқарастарды түзетуге лайық адам. Мұндай ой-пікір көбейді. Осыған орай ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында Еуропада бұл құрлықтың бірнеше тілінде Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі мен тарихына арналған көптеген кітаптар мен Құранның жаңа аудармалары шықты. Дегенмен ХХ ғасырдың бірінші жартысында бұрыннан қалған қате көзқарастар жалғасты. Бірақ хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) туралы Еуропадағы қате көзқарасты теріске шығарушылар мен Құран аудармашыларының көбі хазіреттің маңызы мен рухани байлығын түсініп, Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы жаңа оң көзқарасты таратуға кірісті.
Бұл кезеңде ұлы неміс ақыны Райнер Мария Рилке Гётенің өлеңдері мен шығармалары әсер етіп, Шығысқа қызығушылық танытып, Ислам діні мен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пайғамбарға ерекше көңіл бөлді. Оның көзқарасынша, Ислам діні еуропалық адамда жоқ рухани және физикалық теңгерім қалыптастырады. Рилке Ислам мен мұсылмандардың көзқарасы туралы тәжірибесін «Duino Elegies» деп атаған бірінші кітабында дамытты. Ол: «Құранды жаттауға талпынған кезімде көп алға ілгерлеген жоқпын. Мен жердің шығысында ешқашан күші өшпейтінін мәңгі Құдайға әкелетін жолдың бар екенін түсіндім»,- деп жазды.
Исламның қасиетті пайғамбарының ерекшеліктерінің бірі оның сабақ оқымаған, оқу-жазу білмегенімен, бірден хикмет пен білім сарқыраған діни елшіге айналуында. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға Кітап, даналық үйрететін бір Пайғамбар жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді»,- деп айтылды. («Жұма» сүресі, 2-ші аят).
Құран ғажайыптарының бірі бұл қасиетті кітаптың сауаты жоқ адамға түсірілгені болып табылады. Райнер Мария Рилке: «Мұхаммад (с.ғ.с.) Құранда айтылғандай оқып-жазу білмеген. Ол оқуды Мекке даласындағы алыстағы аңғарда оған Алланың сөзі түскен кезде үйренді. Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Аллаға жақын болуы оның таза болмысымен байланысты болды»,- деп жазды.
Рилке – әлемнің заманауи ақындарының бірі. Оның еңбектері Еуропа мен АҚШ-та кең танымал және Америкадағы ең көп сатылатын кітаптардың бірі саналады. Оның кітаптарының арасында «Алла туралы дастандар» мен «Жаңа өлеңдер» кітаптарын атауға болады. Рилке – ақын әрі ойшыл, ол өмір мен айналасындағы әлем туралы терең ойларға ие.
Рилке әртүрлі елдерге, соның ішінде исламдық және Солтүстік Африка елдеріне сапар шекті. Бұл сапарлар мен әртүрлі халықтардың өмірі туралы ойлануы оның өмірге деген көзқарасына маңызды әсер етті. Бұл ақынның өмірі өмірдің мағынасын түсіну талпыныстарына толы болды. Оның «Мұхаммад Еуропада» деген кітабының бір бөлімінен: «Ол Мысыр, Тунис және Алжирге сапар шегуден біраз уақыт бұрын Исламға бет бұруын сезген болатын. Алжирде әйеліне жазған хатында: «Бұл жерде өмір бір мың бір түннен нәр алады. Алла – ұлы және әлемде одан жоғары құдырет жоқ» деп жазды. Әйеліне Каирден жазған хатынан: «Адамның бұл діннің (Исламды) қарапайымдығын қалай сезетіні таңғалдыратын жайт. Пайғамбар (с.ғ.с.) кеше ғана бұл қалада болған сынды»,- деп оқимыз.
Рилке «Мұхаммадтың (с.ғ.с.) дауысы» деген өлең жазған. Бұл өлең уәһи періштесі, яғни Жебірейіл тарапынан Мұхаммадтың (с.ғ.с.) болмысына түскен хадистің таңырқататын әсеріне тоқталды.
Бұл неміс ақыны Солтүстік Африка мен Мысырға сапар жасаған соң бірнеше ай Испанияда болып, исламдық елдердегі жасаған сапарының нәтижесін жинақтады. Дәл сол жерде Құранды тереңірек оқуға талпынды. Біраздан кейін Форрестин Тексиске жазған хатында өзі туралы: «Қазір Құран оқып отырмын»,- деп жазды.
Исламның ұлық пайғамбары – бүкіл адамдар үшін махаббат, мейірім мен достық елшісі. Ол адам әртүрлі сылтаумен кемсітіліп, өз айбыны мен адамгершілігін өздері жасаған пұттардың аяғына тастап, олардың алдында өз болмысын кемсіткен жағдайда таңдалды. Содан соң тауһид пен бауырластық дауысымен адамды адамгершіліктің жоғары деңгейі, Құран мен Ислам тағылымдарының негізімен таныстырып, адамға ғиззатын қайтарды. Сондықтан Алла елшісі басқа жаратылыстардан гөрі Алланың алдында сүйікті әрі адамдардың сүйіктісі. Пайғамбар (с.ғ.с.) мен оның әулетіне Алланың нұры жаусын.