Шіл 16, 2020 21:05 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 13

Исламның ұлық пайғамбары туралы пікірілерін айтқан адамдардың бірі англиялық қоғамтанушы және тарихшы Арнольд Тойнби болды.

 

Алла Тағала адамға жаратылыстың ұлы және бастапқы мақсатына жету үшін екі жолды ұсынды. Біреуі - адамды күшпен безендіретін ақыл. Бірақ ақыл бір өзі адамды мақсатқа жеткізе алмайды, өйткені оның қабілеті шектеулі. Сондықтан Алла Тағала барлық тұрғыдан лайықты және Өзіңе жақын адамды әртүрлі ғасырларда адамзатты дұрыс жолға нұсқау үшін сайлады. Бұл рәсім адамзат жаралған кезден басталып, адамзат қоғамының жағдайы мен адамның ақылының дамуына сай Исламның ұлық пайғамбарының заманына дейін жалғасты. Исламның ұлық пайғамбарының кезеңінде адамзаттың ақылы дамып, енді жаңа пайғамбарды қажет етпейтіні және Алла елшісінің заңдары мен бұйрықтарына  сай өмір сүре алатындарын түсінді. Исламның ұлық пайғамбарының діні қияметке дейін адамзаттың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Алла Тағала хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (ғ.с.) соңғы пайғамбар және хазіреттен кейін басқа пайғамбардың болмайтынын, сондықтан адамдардың оның сөзін тыңдау міндетке ие екендерін жариялады.

Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) әлемдік шақыруы көптеген қиындықтармен бетпе-бет келді. Пайғамбар (с.ғ.с.) дұрыс жолға нұсқауға міндеттелген халық мәдениет, өркениет, ахлақ пен ой-пікірі тұрғысынан бір сатыда болмай, бұл мәселе хазіреттің Ислам дінінің тарату жолындағы көптеегн қиындықтарға себеп болды. Бірақ хазірет уақытын босқа кетірмей, өзінің жақсы мінез-құлқымен халықты Ислам мен иманға шақырды. Хазірет Әли (ғ.с.) Пайғамбардың (с.ғ.с.) халықты дұрыс жолға нұсақуы туралы: «Хазірет Алланың көмегімен шындықты таратып, жалғандық күштерін алыстатып, өтірік пен алдап-арбауды тоқтатты. Ресалят міндетін өз мойына алып, бір Алланың жолында табанды болып, Жаратушының ризалығы үшін қадам басты. Уаһиді естіп, Алланың келісіміне табанды болып, бұйрықтарын орындауға талпынды, сөйтіп шындықты әшкерелеп, надандарға жарық жолды көрсетті»,- деген.

Исламның ұлық пайғамбары туралы пікірілерін айтқан адамдардың бірі қоғамтанушы және тарихшы Арнольд Тойнби болды. Ол 1889 жылы Англияда дүниеге келіп, Оксфорд университетінің қарамағындағы Винчестер мен Бейлиол колледждерінде оқыды.  Арнльд Тойнбидің көптеген кітаптары бар, олардың ішінде ең маңыздысы 10 жыл бойы жазған 12 томдық «Тарих түсініктемесі» деп аталған еңбегі болды. Тойнбидің тарихи маңызды еңбектеріне «Грекияның тарихи ой-пікірі», «Грекия өркениеті», «Дінге деген тарихи көзқарас»,  «Шығыс пен Батыс», «Өркениет тарихы» деген кітаптары кіреді.

Арнольд Тойнби

Тойнби дінді өркениеттер негізі деп біліп: «Мен өркениеттің әр тәсілін діннің көрінісі деп санаймын. Мен дінді өркениеттерді құрған тіршілік күшінің қайнар көзі болғанына толық келісемін.    Дін мен өмірге деген көзқарас,   қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік береді, яғни ғылымның құпиялары мен адамның рөлі туралы сұрақтарға мазмұнды және сенімді жауап береді.  Исламның ұлық пайғамбары исламдық өркениетті үлгі етіп, қысқа уақытта Арабстан қоғамында күрделі өзгеріс орын алып, надан қоғамды орталық үкіметі мен саяси, құқылық және сот ұйымдары бар өркениетті қоғамға айналдырды. Бұл саладағы Пайғамбардың (с.ғ.с.) әрекеттері надан қоғамның негіздерін өзгертті. Тойнби өзінің өркениет тарихы туралы кітабының тоғызыншы бөлімінде хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Ислам мен исламдық өркениетті мадақтады. Ол: «Ислам діні Алла пайғамбары Мұхаммадтың (с.ғ.с.) илаһи данышпандылығымен өркендеп, гүлденді»,- деп жазды. Ол содан соң Арабстанның әлеуметтік және саяси жағдайына тоқталып, Ислам мен хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) міндетін Алла елшісінің діни тәжірибесі ретінде еске алып: «Алланың тарапынан Мұхаммадқа (с.ғ.с.) бірінші уаһи шамамен 610 жылы жіберілді. Сол кезде Мұхаммад (с.ғ.с.) хазірет Хадиджамен үйленіп, Меккеде отау құрды. Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) діни тәжірибесі Құдайдың періштесі Жәбірейілдің келуімен орын алды.

Тойнби Ясреб (Медина) қаласының қиын жағдайына назар аударып, Пайғамбардың Мединеге көшуін ислам дінінің дамуына себеп болады деп біліп: «Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Ясребтің діни басшысы ретінде қаланың әртүрлі топтарын бір-біріне, сондай-ақ Меккеден келгендерді таныстырып, бауыр етті. Оның амалдарынан еврей еместердің көбі Исламға бет бұрды. Ислам діні жергілікті адамдар мен пана тұтушылардың бір-бірлеріне жақындауына әсерін тигізді»,- деп жазды. Ол басқа бір жерде Алла елшісімен (с.ғ.с.) мен хазірет Исаның салыстырып: «Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) кезіндегі саяси жағдай  хазірет Исаның тұтқындалу кезіндегі саяси жағдайдан өзгеше болды. Иса Рим империясының азаматы болған және егер ол империяға қарсы шықса, оның көтерілісі көптеген адамдардың өмірін қиюы мүмкін еді. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) жеңіске жететін ешбір мүмкіндігі болмаған, бірақ жеңіске жетті. Оның басшы ретінде жеңіске жетуі Исламды саясатпен бір етті»,- деп жазған еді.

Тойнби болашақта христиан дінінің таралуын талап етеді. Сонымен бірге  «Өркениет тәжірибе аясында» деп аталған кітабында Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) әлемдегі әсеріне тоқталды. «Пан  исламизм» ұйықтап жатыр, бірақ еген әлемнің әлсіздері Батыстың билігіне қарсы көтерілсе және олардың бір адам басқарса, ол оянады. Бұл көтерілістің дауысы исламдық рухтың таралуына әсерін тигізіп, Ислам өзінің тарихыи рөлін атқару үшін тағы көтеріледі»,- деп жазды.

 

 

 

 

Тегтер