Там 14, 2020 09:34 Asia/Almaty

«Ғафир» сүресінің 10-12 аяттарының тәпсірі

«Ғафир» сүресінің 10 аяты:

«إِنَّ الَّذِینَ کَفَرُوا یُنَادَوْنَ لَمَقْتُ اللَّـهِ أَکْبَرُ مِن مَّقْتِکُمْ أَنفُسَکُمْ إِذْ تُدْعَوْنَ إِلَى الْإِیمَانِ فَتَکْفُرُونَ»

 

Расында сондай қарсы болғандарға (қиямет күні): “Алланың ашуы сендердің өз ашуларыңнан зор. Өйткені, сендер иманға шақырылған кезде қарсы болдыңдар” деп дабысталады. (10)

 

Алдыңғы бағдарламада Алланың мүміндер мен пәк адамдарға қатысты кең рақымы баяндалды. Бұл аяттар қырсықтық және қыңырлықпен хаққа қарсы тұратын, хақты түсіне тұра иман келтірмейтін адамдарға қатысты Алланың қатты ашуы мен қаһарынан хабар береді.

Кәпірлер қияметте өз істерінің салдарларын байқаған кезде қайғыға батып, өкінеді. Осындай жолды таңдағаны үшін өздерін айыптап, оларды жалған жолға түсірген жетекшілері мен достарын қарғап-сілейді.

 

Қияметте имансыз адамдар өздерін жек көріп кетеді. Тозақ қызметшілері оларға: «Қырсық кәпірлерге қатысты Құдайдың ашу-ызасы сендердің азаптарың және ұждандарың мен бір-біріңе деген қарғыстан зор. Себебі сендерді Құдайдың елшілері тура жолға шақырғанымен, хабардар бола қасақана түрде таухид жаршыларының кеуделерінен итеріп, Алланың жетекшілік шырақтарынан теріс айналдыңдар. Күпіршілік пен теріске шығару жолына түстіңдер. Шын мәнінде Құдай сендерге жетекшілік етуге жіберген адамдарды қорлап, оларға құрметсіздік көрсеттіңдер.

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Хақты теріске шығару, күпірлік танытумен Алланың елшілеріне қарсы шығу Алланың ашуы мен қаһарына себеп болады.
  2. Алланың жазасы құлдарына дәлел мен оларды жетекшілік жолына шақыру аяқталғаннан кейін болады.

 

«Ғафир» сүресінің 11 аяты: 

«قَالُوا رَبَّنَا أَمَتَّنَا اثْنَتَیْنِ وَأَحْیَیْتَنَا اثْنَتَیْنِ فَاعْتَرَفْنَا بِذُنُوبِنَا فَهَلْ إِلَى خُرُوجٍ مِّن سَبِیلٍ»

 

Олар: “Раббымыз! Бізді екі рет тірілтіп екі рет өлтірдің. Енді күнәларымызды мойындадық. Ал енді бізге шығар жол бар ма?”,-дейді. (11)

 

Кәпірлер әрдайым жоққа шығаратын ақиқаттардың бірі – өлімнен кейінгі әлем мен қиямет. Олар адамның өмірі өліммен аяқталып, одан ештеңе қалмайды деп санайды.

Бірақ қиямет күнінің жағдайларын байқау арқылы  қапылдықтың пердесі түріліп, барлық адамға ақиқат белгілі болады.

Кәпірлер өздеріне пайғамбарлар хабарлаған шынайы ақиқатты теріске шығарып, қабылдамағандарын мойындайды. Сол себепті қателерін түсініп: "Пәруәрдігер бізді бір рет емес, екі рет өлтіріп, екі рет тірілтті.

Бірінші рет өзіміздің өміріміздің соңында физикалық тұрғыдан өлдік. Құдай бізге барзақтық өмір берді. Келесісі – ақырзаманда. Барзақтық тіршіліктен өліп, Құдай бізді қияметте қайта тірілтті», - дейді.

Осылайша, аяттың мазмұнынан «екі рет өлтіру» дегенде меңзелгені өмірдің соңы мен барзақтың соңындағы өлім екені белгілі болады. «Екі рет тірілту» дегенде меңзелгені – барзақ әлемі мен қияметтегі тірілту.

Қалай болғанда да кәпірлер осы ақиқатты мойындап, Құдайдан өздерінің бұрынғы қателіктерін кешіріп, жаман істерін түзету үшін немесе тым болмағанда тозақ отынан құтылу үшін осы дүниеге қайтаруды сұрайды.

Алайда қияметте олардың мойындағандары мен өкінгендерінің пайдасы болмайды. Олардың осы дүниеге оралуына немесе тозақтан шығуына көмектеспейді.

Осы аяттан үйренетініміз:

  1. Қияметте күнәһарлар осы дүниеге оралуды армандайды. Ондай болса осы дүниеде болғанда, жаман істеріміз үшін тәубеге келіп, қателерімізді түзетіп, орындалмайтын арманға қажеттілік болмайтындай іс жасайық. 
  2. Өлімнен кейінгі өмірді жоқ санайтындар өлімнен кейін екі рет өмірді бастан кешеді. Біріншісі – барзақ әлеміндегі өлімнен тірілу; келесісі – қиямет орнағанда тірілу.

 

«Ғафир» сүресінің 12 аяты:

 

«ذَلِکُم بِأَنَّهُ إِذَا دُعِیَ اللَّـهُ وَحْدَهُ کَفَرْتُمْ  وَإِن یُشْرَکْ بِهِ تُؤْمِنُوا  فَالْحُکْمُ لِلَّـهِ الْعَلِیِّ الْکَبِیرِ»

 

Оларға: “Бір ғана Аллаға шақырылғанда қарсы шықтыңдар да, ал Оған ортақ қосылса, сенетін едіңдер. Ал енді үкім өте жоғары, аса ұлы Аллаға тән” (делінеді). (12)

Бұл аят күпірліктің тамырын шерктің бір түрі санайды. Кейбір адамдар өздері мен әлем істерін сараптауда тек Құдайды ғана көргілері келмей: «Құдай – біздің Жаратушымыз. Бірақ жаратқаннан кейін бізді жөнімізге жіберген», - деп, өздері мен әлем істерін атқаруда Құдайдан басқа таңдауларға жүгінеді. Құранның басқа аяттарына сәйкес, олар Құдайдың жаратылысын жоққа шығармағанымен тіршілік жүйесінде оның құдайлық құқығын қабылдамайды.

 

Кейде олар Құдайдың орнында отырып, өздері мен басқаларға заң орнатып, тағдырларын шешкісі келеді. Кейде надандық пен жәһілдік кесірінен ырымшылдыққа салынып, заттар мен құбылыстарға ерекше өкілеттік немесе артықшылық береді, өйткені олар пұтқа табынушылар мен жұлдыздарға табынушылар сияқты сол заттар мен құбылыстар олардың тағдырында шешуші рөл атқарады деп ойлайды.

Әлемдегі мұндай адамдардың ойлары мен іс-әрекеттері кезеңдік және уақытша еместігі анық. Олар ойдың осындай түрімен әлемге тіпті  қайтып оралған күннің өзінде бұрынғы әрекеттері мен жоспарларын жалғастырады, олардың мінез-құлқы өзгермейді.

 

Осы аяттан үйренетініміз:

  1. Таухид пен бір Құдайға табынудағы риясыздық пен кез келген шерктен аулақ болу – адамның қияметте құтқарылу жолы.
  2. Адам Құдайды Жаратушы санағанымен, әлемнің істеріне басқалардың әсері бар деп санап, Құдайдан басқалардың соңынан ереді. Құдайдың бар екенін жоққа шығаратын абсолютті күпіршілік те, шерк те адамды тозаққа кіріптар етеді.