Қыр 06, 2020 17:40 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде (19)

Имам Хомейни балаларды тәрбиелеудегі әйелдердің рөлін пайғамбарлардың күш-жігерімен тең деп санайды және аналарды өз орталарын ғылым мен сенім мектебіне айналдыруға шақырады.

Имам Хомейнидің пікірінше, Ислам әйелдердің ешбір құқығмен санасмаған қоғамды пайда болды. Ислам әйелге адамгершілік пен ғиззатты сый етіп, оның саяси және әлеуметтік құқыларын қабылдады. Иран халқының исламдық қозғалысындағы әйелдердің бұрынғы тағұт саяси жүйесінде немқұрайдылық тантылған ғиззаты, адамгершілігі мен құқылары қайта жаңғырып, олар исламдық жүйеде маңызды орынға ие болып, қоғамның әртүрлі салаларда маңызды рөл атқаратын болды. Қазіргі кезде Ислам революциясының жеңіске жетуінен 40 жылдан кейін Ислам республикасында әйелдер маңызды лауазымдарға иеленіп, Мәжіліс депутаттарының бірқатарын әйелдер құрайды. Иранның ерлеріне қарағанда әйелдерінің арасында сауаттылық жоғарылау және университтерде әйел студенттер саны көбірек. Иран халқының тұрмысының көптеген тұрғыларында ұқсас жағдай байқалуда.  

Имам Хомейни исламдық жүйедегі әйелдің маңыздылығын көрсету үшін хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) туған күнің «Әйелдер күні» деп атап, хазірет Фатиманы (ғ.с.) ирандық әйелдердің шынайы белгісі. Хазірет Фатима (ғ.с.) отасы ортасында перзенттерін тәрбиелеуімен бірге адамзаттың идеологиялық, мәдени, тарихи  өзгерістеріне маңызды рөл атқарып, сондай-ақ жұбайы хазірет Әлидің (ғ.с.) серігі болып, қоғамның ахлақ және саяси салаларында өз әсерін тигізді. Имам Хомейни хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) туған күніне арналған жолдауларының бірінде әйелдердің бұл күнмен құттықатауымен бірге, хазірет туралы: «Иран халқы әсіресе әйелдер үшін бүл күн мүбәрәк. Бұл күн тарихтың мұғжизасы әрі әлемнің мақтанышы саналарын әйелдің туған күні. Бұл бану кішкентай үйінде нұрларының жарығы аспанға жететін тұлғалады тәрбиеледі.  Хазірет Адамның  ең ұлы ұрпақтарының үйіне Алланың сәлемі мен салауатын жолдаймыз»,- деді.

Имам Хомейни әйелдердің Ислам революциясының жеңісіндегі маңызды рөліне тоқталып, «Әйелдер күнің»адамзат қоғамына исламдық жүйедегі әйелдердің жетістіктері туралы жариялайтын мұрсат деп біліп: «Исламдық қозғалыс Исламның берекесімен қоғамдағы әйел мен ердің рөліне өзгеріс енгізді. Иранның мұсылман әйелдері ерлердің алдына түсіп, соғысқа қатысты»,- деді.  

Имам Хомейни қоғамдағы ізгілік пен бұзықтық қылықтарды әйелдердің ізгілік пен бұзықтық қылықтарымен байланыстырып,  әйелдерді қоғамды адами құндылықтарға жетелейтін жалғыз тұлға деп санайды. Имам бұл салада: «Әлемдегі әйелдердің рөлі ерекше сипаттамаларға ие. Қоғамдағы ізгілік пен бұзықтық қылықтар әйелдердің ізгілігі мен бұзықтық қылықтарынан туындайды. Әйел қоғам үшін табанды және адамгершілігі жоғары азамат тәрбиелей алады.»,- деген. басқа бір сөзінде имам Хомейни әйелдің сау-салауатты қоғам құру және қоғам адамдарының бақытты болуындағы рөліне тоқталып: «Адамдардың тәрбиешісі – әйел. Елдердің бақытты және бақытсыз болуы әйелдерге байланысты. Әйел өз тәрбиесімен адамдарды тәрбиелейді, өзінің дұрыс тәрбиесімен елді абадтайды. Бақыттың негізі әйелден шығады»,- деп айтты. Имам Хомейни әйелдердің адам тәрбиелеуін Құран Кәрімге ұқсастырып, егер қоғамдағы әйелдердің адам тәрбиелеу рөлі жойылса, қоғам сәтсіздікке ұшырайтынына тоқталып: «Ерлердің адамдардың алдында құқылары бар, бірақ әйелдердің құқылары көбірек. Әйелдер ержүрек ерлерді тәрбиелейді. Құран адам тәрбиешісі, әйел де адам тәрбиешісі. Әйелдердің міндеті адамды тәрбиелеу. Егер қоғамнан адам тәрибелейтін әйелдер алыстатылса, қоғам құлдырап, сәтсіздікке ұшырайды. Халықтардың күшейтіп, батыл ететіндер – әйелдер»,- деді.

Имам Хомейни үйленуді адам бойындағы ауытқудың алдын алуға және салауатты қоғам құруға жағдай тудырады деп білді. Өйткені үйлену құмарлықтар мен инстинкттерді шектей отырып, өмірді илаһи пайғамбарлар қалаған жолға бағыттайды және бұл дүние мен ақыретте бақытты болуға себеп болады. Егер білім пайғамбарлардың ақыл-өсиеттері бойынша жүзеге асса, адам өз әлемін де жақсартады.  Имам Хомейни Исламның неке қию менотбасы құруға баса назар аударуын бұл  мектептің  салауатты және бақытты қоғам құрудағы маңыздылығының белгісі ретінде қарастырып, оны басқа идеологиялық мектептермен салыстырып, теңдессіз деп бағалап: «Ислам сіздің үйленуіңізге ерекше назар аударып, оның нәтижесінің оң әрі тұрақты болғанын қалайды.

Ислам неке қимастан бұрын, әйелдің қандай еркекпен және ер адамның қандай әйелмен  үйленуі керек екенін, үйлену уақытын анықтап,   отбасы құрғаннан кейін ер мен әйелдің қарым-қатынасының қандай болатынына назар аудартады. Мұның бәрі Исламның және барлық монотеистік мектептердің басты мақсатының адамның адал және әділ ету екенін көрсетеді. Егер адамның ұстамдылығы болмаса,  хайуаннан қорқыныштылау бола алады»,- деді.

Имам Хомейни балаларды тәрбиелеудегі әйелдердің рөлін пайғамбарлардың күш-жігерімен тең деп санайды және аналарды өз орталарын ғылым мен сенім мектебіне айналдыруға шақырады. Өйткені бір жақсы перзентті тәрбиелеу үмбетті құтқара  алады және керісінші перзентке дұрыс тәрбие бермеу халықтың құлдырауына себеп бола алады. Имам Хомейни: «Пайғамбарлар адамды тәрбиелеу және тазарту үшін келген. Олардың  міндеті адамды тәбиелеу болды. Аналар да перзенттеріді тәрбиелеп, өз амалдарымен оларды тазартуға міндетті. Ұстаздарға қарағанда балалар аналарының қасында жақсырақ тәрбие көреді. Аналар балаларға жақсы тәрбие беруге ерекше көңіл ауларулары керек. Аналар жақсылықтың қайнары. Сондықтан олар перзентін дұрыс тәрбиелей алмаса, ұят болады»,- деді. Имам Хомейни сөзінің жалғасында ананы баланың бірінші мектебі деп атап, оның сөзі, мінезі мен  амалын бала үшін үш үлгі деп біліп: «Әйелдер бұл міндетті ерлерден артық атқарады. Баланың бірінші мектебі – анасы. Жақсы ана жақсы бала тәрбиелейді. Құдай сақтасын, егер ана дұрыс жолдан ауытқыған болса, баласы да дұрыс тәрбие көрмейді. Өйткені балалр анасың жақсы көргендей, ешкімді жақсы көрмейді»,- деді. Имам Хомейни аналардың бала тәрбиелеу, адал адам тәрбиелеу міндетін маңызды санамайтындар және баланың анасынан бөліп, жетімханаға тапсыруды қолдайтындарды қоғамдағы бұзықтықтардың таралуына себептілер деп атады.