Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 14
Америкалық философ, тарихшы және жазушы Уильям Джеймс Дюрант өзінің өз еңбегінде исламдық өркениет пен тарих бойындағы оның факторларына назар аударған адамдардың бірі.
Өркениеттердің шарықтауы мен құлдырауы тарихтағы тұрақты ағымдардың бірі. Тарих бойында көптеген өркениеттер пайда болды, дамыды және соңында құлдырады. Бұл илаһи маңызды дәстүрлердің бірі және әлсіздерге билеп-төстеушілердің жеңісі мен құдыретінің және мақұрымдардың қиындықтарының мәңгі емес екені туралы хабарды жеткізеді. Алла Тағала «Қасас» сүресінің 5-ші аятында: «Ол жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастық жасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз»,- деді.
Америкалық философ, тарихшы және жазушы Уильям Джеймс Дюрант өзінің өз еңбегінде исламдық өркениет ппен тарих бойындағы оның факторларына назар аударған адамдардың бірі. Бұл американдық тарихшы өркениеттің пайда болуы мен алға ілгерлеуіне әртүрлі факторлар мен элементтер рөл атқарады деп санады. Ол: «Өркениеттің пайда болуы талан-тараж бен тынышсыздықтар аяқталған кезде мүмкін. Себебі қорқыныш жоғалған кезде ғана адамның қызығушылығы мен өнертабысқа деген қажеттілігі іске қосылады. Бұл кезде адам үшін табиғи түрде білім алуға және өмір сүру жағдайларын жақсартуға ұмтылатын жағдай туындайды»,- деп жазды.
Уильям Дюранттың «Өркениет тарихы» еңбегі әйелімен бірге жазылған 11 том ең маңызды шығармаларының бірі саналады. Ол бұл кітапта адамзат тарихының басынан бастап өмір сүрген басқа тарихшылардың еңбектерін қолдана отырып, жаңа тарихнамалық мектеп құра алды. Уильям Дюрант өзінің «Шығыс - өркениет бесігі» деген кітабының бірінші томында Иран мәдениеті, өркениеті, өнері және сәулеті туралы қызықты мақалалар жазды. Уильям Дюрант бұл кітапта Исламның ұлы пайғамбарын мадақтайды және хазіреттің ілімдері аясында ғылымның қарқынды дамып келе жатқанын білдіріп: «Хижраның 597-81 жылдарында (б.з.б. 1200-700 жж.) Ислам өркениеті әртүрлі ғылымдар мен технологиялар саласындағы даму шыңында болды. Медицина, химия, физика, геология, биология және ботаника сияқты ғылымдар өзінің ең жоғарғы деңгейіне жетіп, ислам әлеміндегі осы ғылымдардың ең ірі ғалымдары осы ғылымдар саласында сабақ берді, жазды және зерттеу жүргізді. Олар бұл үлкен білімді көршілерге және әртүрлі елдерден келген білім іздеушілерге үйретті. Ислам әлемі дамыған кезеңінде Батыс әлемі ортағасырлық идеялар мен шіркеудің зұлымдықтары мен догматизмдерімен шырмалып, ақыл-ой мен байыптылықтан мүлдем аулақ болды. Керісінше, ислам әлемінде Ибн Сина, Харазми, Фараби, Мұхаммед ибн Закария ар-Рази, Абу Райхан әл-Бируни, Хаким Омар Хайям, Ибн Халдун және басқа ғалымдар әлемде білімді таратты»,- деп жазды.
Исламның бұл алтын кезеңі - қасиетті Пайғамбардың (с.ғ.с.) Мединада өмір сүрген және Ислам дінінің орныққан күндерімен сәйкес келген кезең. Дән отырғызылып, одан ағаш өсіп, біраз уақыттан кейін жерден нәр алған соң жеміс беретін тал сынды бірнеше ғасыр өткен соң Пайғамбардың (с.ғ.с.) қолымен отырғызған Ислам өркениетінің ағашы тамырланып, оның мәдениет, өнер, дін, зияткерлік және әдебиет салаларындағы жемістері ашылды. Шын мәнінде, Исламның ұлық Пайғамбарының (с.ғ.с.) ғылыми жүйені дамытқан және әлемге түрлі ғылыми салаларда құнды тұлғаларды тәрбиелеген өркениетті құруы хазіреттің маңызды жұмыстарының бірі болды. Ол адамдарға Алланың аяттарын оқыды, имандылықтарын жетілдірді, оларға кітап пен даналықты үйретті. Нәтижесінде Исламның жылдам дамуы ислам өркениетінің аясын кеңейтті. Сондай-ақ оның әртүрлі ұлттар мен нәсілдердің өркениетінің құрылуы мен алға жылжуына қатысуы көптеген ойшылдардың, әсіресе батыс ойшылдарының пікірін таң қалдырып, оларды бұл дінді мойындауға мәжбүр етті.
Уильям Дюрант Пайғамбарды (с.ғ.с.) таныстырып: «Мұхаммад (с.ғ.с.) әкесінен азғана байлықты мұра еткен асыл тұқымды отбасынан шыққан. «Мұхаммад», яғни өте мақтауға тұрарлық. Бұл сөз бен қасиетті кітаптың кейбір сөздерінің арасында рухани байланыс байқалады, оны қасиетті кітаптың хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) келуі туралы хабарды таратуы деп атауға болады. Әкесі Абдола оған бес түйе, бірнеше қой, үй мен күң қалдырды. Мұхаммадтың (с.ғ.с.) алты жасында анасы қайтыс болып, 76 жастағы атасы оны өз үйінде тәрбиелеу міндетті өз мойнына алды. Одан кейін көкесі Абумуталиб оның тәрибешісі болды. Олар хазірет Мұхаммадты (с.ғ.с.) махаббат және мейірімге бөледі. Бірақ оған оқу мен жазуды үйрету туралы ешкім ойламағанға ұқсайды. Ол кезде жазу мен оқудың арабтар үшін маңызы жоқ еді. Араб тіліндегі ең әйгілі және шешен кітап оның тілінде шыққан және ол білімді адамдарға қарағанда жақсы білетін. Бұл американдық ойшыл болып тарихты өркениет осі бойынша талдады, яғни халықтар тарихы адамзат өркениетінің тарихына алғашқылардың бірі қалай әсер етті және негізінен өркениетті тарихи ой ретінде қарастырды. «Мұхаммадтың (с.ғ.с.) ұлылығы айқын болды. ол тәубе еткен дұшпаның кешіретін. Уақытының көбін үкіметтік істеріне арнап, заңдардың егжей-тегжейлері мен сот, сауда, дін және соғыс істерімен айналысты. Ол заң мен экономика салалары және күнделікті тіршілікте уаһи бойынша амал етті». Уильям Дюрант Пайғамбардың (с.ғ.с.) табыстарына тоқталып: «Мұхаммад қатты аптап ыстық пен шөл даланың құрғақтығынан жапа шеккендердің білімі мен ақлағын көтеруге талпынды. Ол бұл салада әлемнің басқа басшыларынан артығырақ нәтижеге жетті. Одан басқа дін жолында барлық армандарына жеткен адамдар аз. Мұхаммад (с.ғ.с.) шөл далада бытырап кеткен пұтқа табынатын тайпалардан Иудаизм, Християн діні мен Сауд Арабиясының ежелгі дінінің жақтастарынан жоғары бірегей және жоғары ұлт құрды. Ол қарапайым, жарқын және күшті дінді таратты. Осылайша бір ғасырдан аз уақыт ішінде үлкен және кең империя құрылды. Оның діні қазіргі уақытта әлемнің жартысына әсер ететін маңызды күш болып табылады және оның ізбасарларының саны күннен-күнге артып келеді. Сондай-ақ, ұлы кісілердің адамдарға тигізетін әсерін салыстыратын болсақ, Мұхаммад (с.ғ.с.) - тарихтағы ең ұлы адамдардың бірі деп айтуымыз керек»,- деп жазды.
Уильям Дюрант пікірінше, даму мен өзгерістерді таратуға Исламның ұлық пайғамбарының мәңгі мұғжизасы саналатын қасиетті Құран кітабының жоғары тағлымыдары себеп болды. Ол: «Оның Құран кітабында заң және ақлақ бір. Құранда діни мінез-құлыққа дүниелік мінез-құлық та енеді және оның барлық мазмұны Мұхаммадқа (с.ғ.с.) Алланың тарапынан жіберілді. Құранда ақлақ, денсаулық, неке, ажырасу, балалар мен жануарлар мен құлдармен қарым-қатынас орнату, сауда, саясат, дін, келісім-шарттар, ерік-жігер, өндіріс, мүлік, соғыс және бейбітшілік және т.б. салалар қарастырылған. Бұл қасиетті кітап мұсылмандарға адамгершілігі мен мәдениетін насихаттап, олардың арасында қоғамдық тәртіп пен ұжымдық бірлік орнатты. Сонымен қатар, ол оларды денсаулық сақтау ережелерін ұстануға шақырды және олардың ақыл-ойларын көптеген елестер мен ырымдардан, қысымшылық пен зорлық-зомбылықтан босатты. Ол халқын құрметтеп, мұсылман қоғамында әлемінің кез келген жерінде жоқ парасаттылық пен тақуалықты құрды. Құран адамдарды өмірдің қиыншылықтарымен бітпе-бет келіп, оларды жеңуді үйретті. Сонымен бірге бұл оларды дамуға шақырды, бұл тарихтың таңғажайып оқиғаларының бірі болды»,- деп мәлімдеді.