Имам Хомейнидің мектебінде (21)
Имам Хомейни Ислам революциясындағы жастардың рөлін илаһи мұғжизаның көрінісі деп тауып, олардың алпауыт құдыреттерге қарсы тұрып, өз елін қорғай алатынын дәлелдеді.
Имам Хомейни Иран халқының революцияшыл қозғалысын жастар қатысқан және маңызды рөл атқарған салалардың бірі деп атап: «Сіздер күшті жастары, иманды жастар, қадамдарыңыз тұрақты жастар бұл жеңіске жеттіңіздер. Мен осы уақытта ерікпен, Алланың қалауымен, өз жұмыстарыңды шетке қойып, көтеріліп, үлкен жұмысты атқарғандарың үшін сендерге алғысымды айтамын. Сендердің жеңістеріңнің негізгі факторы – бірлік»,- деді. Имам Хомейни жастардың революцияның жеңіске жетуіндегі рөлімен бірге сыбайлас жемқорлықты тамырынан жоюдағы рөліне де тоқталды.
Имам Хомейни Ислам революциясындағы жастардың рөлін илаһи мұғжизаның көрінісі деп тауып, олардың алпауыт құдыреттерге қарсы тұрып, өз елін қорғай алатынын дәлелдеді. Имам Хомейни: «Сендар, жастар, бүкіл құдыреттерге қарсы тұрып, өз елін қорғай алатындарын дәледеді. Сендер қалаған нәрселеріне жете алатындарынды дәлелдедіндер. Сендер Иран мен ирандықтарды бағындырып, елдің қорларың талан-таражға салғысы келгендерге қарсы тұрып, жеңіске жеттіңдер». Имам жергілікті билеушілердің озбырлығы, сондай-ақ шетелдік отарлаушылар мен әлемдік алпауыттармен қарсыласу саласындағы жастардың рөлін әлемдегі зорлық-зомбылық көрушілер үшін қолайлы үлгі деп санады. Имамның Хомейни көзқарасынша, Ислам революциясын жастардағы көптеген өзгерістерге себеп болды.
Имам Хомейни жастардың моральдық өзгеруін қоғамдағы революциялық өзгерістерге қарағанда маңыздылау санап: «Біздің жастарымыз, иманды азаматтарымыздағы өзгеріс елде болған өзгерістен гөрі маңызды»,- деді. Ол илаһи ризашылықты жастардың қысқа мерзім ішінде нәпсілерін тазарту және адамгершілік жағынан жетілдіруге бет бұруының басты себебі және оның нәтижесін жастардың адамдарға қызмет ету мен одан жоғары шәһид болуға қызығушылығы деп білді. «Өзін-өзі тазартуға және тәрбиелеуге ұмтылатын адамдар елу жыл бойы еңбек етіп, содан кейін бір дәрежеге жетеді. Бірақ Алла Тағала бұл жастарды қысқа мерзімде өзгертіп, елу жыл талпынғандар жете алмаған дәрежеге, яғни алладан басқа ешнәрсе туралы ойламайтын және шәһид болуды талап ететін дәрежеге жеткізді. Бұл Шығыс пен Батыс түсіне алмайтын өзгеріс». Имам жастардың рухани өзгеруін ислам революциясын әлемдегі басқа революциялардан өзгеше ететін фактор деп біліп: «Алла Тағаланың қалауы және оның ерекше қамқорлығымен бұл ұлт алдымен рухани тұрғыдан өзгеріп, жастар бұрынғы көңіл-күйінен исламдық көңіл-күйге оралып, исламның болу қажеттілігін не істеу керек екенін түсінді, нәтижесінде революция орын алды. Егер бұл мәселеге қол жеткізілмегенде, бұл жердегі революция да көріп отырған басқа революциялардың біріне ұқсас болар еді»,- деді.
Имам Хомейни жастардық қоғамдық жағдайын ескеріп, оларды есірткіге, әсіресе героин тұзағынан абай болуға шақырып, есірткі тарату отарлықтың қастандық екеніне және жастардың ісіне немқұрайлы қарамауға баса назар аударды. Имам Хомейни ой және сөз еркіндігін жастардың құқығы деп біліп, ғұламалары мен діни қызметкерлерді әртүрлі исламдық тақырыптар туралы өз пікірлерін білдіретін жастармен кездесіп сұхбаттасуға шақырып: «Бүгінгі таңда біздің исламдық мемлекетіміздің ашық кеңістігіндегі көптеген жастар мен ойшылдар әртүрлі исламдық мәселелер бойынша өз ойларын білдіре алатындарын сезінеді, сондықтан олардың алдында құшағымыз жайып, тыңдауымыз қажет. Ал егер олар адасса, сүйіспеншілік пен достық жолымен оларға исламның дұрыс жолын көрсетуіміз керек. Олардың рухани және мистикалық эмоциялары мен сезімдерін елемеуге»,- деді. Имам діни қызметкерлер мен университет оқытушыларының міндетін жастарды дұрыс тәрбиелеу үшін күш салу деп біліп: «Бұл жастар үшін біз дін қызметкерлері, ал сіздер университеттер атынан жауаптысыздар. Алла Тағаланың алдында оларды табысқа жеткізуіміз және мемлекет пен Исламға қызмет ететіндей тәрбиелеуіміз керек»,- деп мәлімдеді.
Имам Хомейни үмітсіздікті жастарды әлсіздендіру үшін қолданатын шайтанның құралдарыныі бірі деп тауып, жастарды шайтанның азғыруларына түспеуге шақырып: «Ібіліс сарбаздарының бірі – үмітсіздік. Шайтан үмітсіздік тудырып, біздің жастарды маңызды шешім қабылдау кезде әлсіретуге әрекеттенеді»,- деді. Имам жас спортшыларды үмітсіздікке қарсы күрестін ең маңызды күш деп біліп: «Физикалық күш пен рухани күштің бірігуі өте маңызды. Физикалық күш қызмет үшін және рухани күш дұрыс жолға нұсақу үшін. Бұл екі күш біріктірілген кезде адам жанжақты кемел адам болады»,- деп сөзін жалғады.