Қар 08, 2020 20:03 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 16

ХХ ғасырдағы еуропалық шығыстанушылардың исламдық жерлерге сапар шегуі олардың мұсылмандар мәдениеті, өркениеті және наным-сенімдерімен жақын танысуына себеп болды.

ХХ ғасырдағы еуропалық шығыстанушылардың исламдық жерлерге сапар шегуі олардың мұсылмандар мәдениеті, өркениеті және наным-сенімдерімен жақын танысуына себеп болды. Бірте-бірте Еуропада исламдық мистика мен шығыс дәстүрлеріне деген қызығушылық пайда болды. Ислам нақты идеялары бар және рухани құндылықтарды қамтитын туа біткен дін ретінде сипатталды. Германиялық неміс ақыны және жазушысы Райнер Мария Рилькеге Мұхаммадтың (с.ғ.с.) ілімі қатты әсер етті. Ол исламды ізбасарлары Құдаймен тікелей байланыста болатын және оған жету үшін делдалдың қажеті жоқ деп білетін дін ретінде мадақтады. 1950 жылдардан кейін Еуропадағы ислам ғалымдары мамандары мен шығыстанушылы батыстық фанатикалық көзқарастардың орнына исламдық дереккөздерді зерттеумен айналысты. Бұл топ жазушылар Құранды ана тіліне аударғаннан кейін, көпшілік пікірге керісінше, Мұхаммад (с.ғ.с.) керемет, ұлы және құрметті адам болған деген қорытындыға келді. Исламнан алынған жаңа білімге сүйене отырып, данышпандар ислам дінінің құндылықтарын жақсы түсіну үшін осы діннің кейбір діни және әлеуметтік идеяларын қайта зерттеп, қайта қарастырды. Соңғы жылдардағы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туралы жазған кейбір шығыстанушылар мен ғалымдар алдыңғы буындардың шығармаларына қарағанда шыншыл. Олар қолдарынан келгенше соңғы пайғамбардың илаһи болмысын тура көрсетуге талпынды. Солардың бірі - христиан тарихшысы Джон Бойер Насс.

Джон Байер Насс

Ол «Діндердің толық тарихы» еңбегінің авторы. Ғалымдардың пікірінше, бұл кітап діндер тарихындағы ең жақсы дереккөздердің бірі болып табылады, ол дінге қатысты кейбір негізгі мәселелерді қарастырады. Кітапта төрт негізгі бөлім бар. Жазушы тарихи дәйектерге сүйене отырып, адамзаттың қарапайым нәсілдерінің арасындағы діндарлықты зерттейді және жан-жақты әрі қызықты ақпарат береді. Кітаптың соңғы тарауында Таяу Шығыстағы жаңа діндер тарихи тұрғыдан қарастырылады. Бұл тарауда иудаизм, христиан және ислам сияқты жаңа діндер қай тарихи жағдайда пайда болғанын табуға болады. Тарихи деректер тұрғысынан бұл өте маңызды болды. Джон Насс кітабының Ислам туралы соңғы бөлімінде: «Мұхаммад (с.ғ.с.) әкелген дін басында үлкен жылдамдықпен таралды және көбінесе жиһадпен бірге жүрді, сондай-ақ Шығыс пен Батыс халқының ойларына тұрақты әсер етті. Ол исламның ерекшелігін Құранда айтылған заңдар мен ахкамның қарапайымдылығы мен тұрақтылығында деп біліп: «Жалпы, ислам мыңдаған кітаптармен және философиялық мақалалармен және мыңдаған күрделі мәселелермен өз ізбасарларын шаршатпайды. Бұл діннің басынан бастап осы уақытқа түпнұсқалық болып қалған негізгі кітабы бар және бұл мәселе тәпсіршілер арасында қайшылық тудырмаған. Қасиетті Құранда айтылған әр мәлімет мұсылмандар үшін  тұрақты негіз болып саналады. Құранда Исламның ұлық пайғамбары сүннетін қабылдамағанның құны жоқ деп айтылмады. Дәл осы мәселе Исламның беделіне себеп болды. Құран шындықты көрсетеді»,- деді.

Ян Нас исламның ұлылығын оның пайғамбары Мұхаммадтың (с.ғ.с.) илаһи жеке басының күш-жігерінің нәтижесі деп санайды және пайғамбарымызбен таныстыруды хазіреттің балалық шағынан бастайды.  Мұхаммад (с.ғ.с.) кәмелетке жеткен кезінде қоғамның көптеген наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптары туралы ойланып, оларды қабыдамады және сынады. Өйткені ол құрайштардың діни мүдделер үшін басқалармен «күресіп» жүргенін  байқады. Ол мұны жаратпады. Әсіресе пұтқа табынушылық пен араб тайпаларындағы ойдан шығарылған рухтарға сенудің қалдықтарын ұнатпады. Ол жиындар мен мейрамдар кезіндегі  ішімдік ішу, құмар ойындар, би билеу және сол кездегі жиі кездесетін жаман қылықтар, сондай-ақ қыздарды тірідей көму сынды рәсімдерге қарсы болды.

Джон Насс тіл тигізу мен қиылдарға түсіп кетпей, күдік пен қателікке жол бермеу үшін пайғамбардың набаваты туралы мұқият әрі абайлап баяндайды. Ол басында беғсат дастаны мен  Жәбірейілдің  Пайғамбарға (с.ғ.с.) түсуі және хазіреттің ішкі көңіл-күйі туралы әңгімелейді.  Ол: «Әрине, жүрек көрген нәрсені теріске шығармайды, бірақ төзе алмайды деп алаңдайды. Мұхаммад өмірінің таңданыс және үмітсіздік кезеңінен  кейін, есін жиып, ерекше күшті сезініп, алланың тарапынан пайғамбарлыққа сайланды. Уаһидің жалғасында оған қасиетті кітап жіберілді. Бұл кітап жаңалығы мен дәлдігі жағынан еврей және христиан жазбаларынан артық болды»,- деп жазды. 

Бұл христиан тарихшысы пайғамбардың Мединеге қоныс аударуы және оның Ислам мемлекетінің құрылуы туралы айтып, Пайғамбардың (с.ғ.с.) өз міндетін атқаруымен халықтың ой-пікірі мен әрекеттеріне маңызды өзгеріс әкелгенін еске салады. Ол Меккені қантөгіссіз жеңіп алып, амнистия жариялады. Джон Насс: «Сол кезде Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Арабстан саясаты мен дінінде шешуші жеңіске жеткендігі айқын болды. Хиджазда өмір сүрген қарсыластар мен бүлікшілер оған құлақ салып, ол алыс тайпаларды исламды қабылдауға шақыру үшін өз өкілдерін жіберді.

Әлемдіктерге сұлулық, иман, бауырластық пен махаббатты сый еткен және адамдарға өмір сүру үлгісін көрсеткен Алланың соңғы пайғамбары хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) сәлем мен салауат. Алла Тағала бұл туралы: «Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін; Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар»,- деді. («Ахзаб» сүресі, 21-ші аят).

 

 

Тегтер