Имам Хомейнидің мектебінде (23)
Имам Хомейнидің ислам жүйесінің сыртқы саясаты саласындағы маңызды қағидаларының бірі - бейбітшілік пен тату өмір сүру.
Ислам революциясының негізін қалаушының пікірінше, халықаралық аренада ұлттың ар-намысы мен құрметін сақтау үшін зұлымдық, отаршылдық пен үстемдікпен күресу, әлемдегі зорлық-зомбылық пен әділетсіздікке негізделген үстемдік жүйеге қарсы тұру, елдер арасында бейбітшілік пен әділеттілік орнатуға талпыну, бір сөзбен айтқанда кез-келген үстемдікке қарсы, әлемдегі әлсіздерді және азаттық қозғалыстарды қолдау, сондай-ақ ислам әлемінің біртұтас денесі ретінде мұсылмандарды қолдау және қорғау ислам жүйесінің сыртқы саясатында ескерілетін маңызды мәселелер болып табылады. Бұл жағдайда «Исламдық жүйенің сыртқы саясатының бұл негіздерге сүйенуі билеп төстеу және соғысқұмар саясаттың қалыптасуына алып келмей ме?» деген сұрақ тууы мүмкін. Бұл сұраққа жауап беру үшін имам Хомейнидің Ислам республикасының сыртқы саясатының негізі ретінде ұсынған басқа қағидаларын қарастырған дұрыс. Имам Хомейнидің ислам жүйесінің сыртқы саясаты саласындағы маңызды қағидаларының бірі - бейбітшілік пен тату өмір сүру. Имамның бұл көзқарасы да діни ойлар мен исламдық ілімдерге негізделген. Ислам діні, кейбір шығыстанушы ғалымдардың бұл дін туралы қате түсініктеріне қарама-қайшы, өз ізбасарларына бейбітшілікті мақсат етіп, шапқыншылықтан аулақ болуды бұйырады. Ислам соғыс, шабуыл және билікқұмарлықты қабылдамайды. Сондықтан исламдық тұрғыдан тату өмір сүру мен бейбітшілік адамдар мен елдер арасындағы қатынастарда өте маңызды және соғыс - ерекше жағдайларда ғана зардап шегетін ерекше жағдай. Имам Хомейни: «Ислам ілімдерінің мақсаты - әлемде бірге тату өмір сүру»,- деді. Баса бір сөзінде имам: «Ислам халықтары барлық үкіметтер және халықтармен бейбіт өмір сүруді қалайды»,- деді. Ислам республикасының Конституциясының 152-ші бабында: «ИИР-ның сыртқы саясаты мемлекеттермен бейбіт қатынастар орнатуға негізделген»,- деп айтылды. Сондай-ақ бұл Заңның 14-ші негізінде ИИР үкіметі мен мұсылмандары мұсылман емес адамдарға адамгершілікпен қарап, олардың құқыларын бұзбауға міндетті. ИИР-ның өткен қырық жылда бұл негіздерге табанды болды. Иран бұл кезеңде үнемі басқыншылықты айыптап, тату өмір сүру негізін қорғады.
Имам Хомейнидің діни және саяси ойындағы бейбітшілікті талап етуді үш, атап айтқанда мұсылмандардың бір-бірімен қарым-қатынасы, мұсылмандардың кітап иелерімен қарым-қатынасы және мұсылмандардың кәпірлермен (мұсылмандармен соғыспайтын мұсылмандар еместермен) қарым-қатынасы тұрғыдан түсіндіруге болады. Ислам ілімі бойынша барлық мұсылмандар біртұтас ұлтты құрайды және олардың қарым-қатынасы бауырластық, достық пен татулыққа негізделуі керек. Құран Кәрімнің «Хужурат» сүресінің 9-аятында мұсылмандар арасында соғыс болған жағдайда бейбітшілікті орнатуды бұйырылды: «Егер мүміндерден екі топ соғысса, дереу араларын жарастырыңдар..». Сондай-ақ, Ислам діні Кітап иелерімен бейбіт өмір сүруге шақырады. «Әл-Имран» сүресінің 64-ші аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.): «Әй Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық» деп айт»,- деп айтылды. «Әнфал» сүресінің 61-ші аятында: «Ал Иса ) ғг.) жайында саған мәлімет келгеннен кейін өзіңнен кім таласса да оларға: «Келіңдер! Балаларымызды, балаларыңды, әйелдерімізді, әйелдеріңді, өздерімізді және өздеріңді шақырып алайық. Сонсоң Алланың лағынеті өтірікшілерге болсын! деп қарғасайық» деді. Басқа елдердің ішкі істеріне араласпау және оларды өзара құрметтеу, тату өмір сүру мен бейбітшіліктің логикалық талабы ретінде ислам революциясының негізін қалаушысының сыртқы саясат саласындағы тағы бір принциптері болып табылады. Имам Хомейни бұл негізді сан рет қуаттап: «Әлемде ұлттардың тәуелсіздігі мен бір-бірінің істеріне араласпауға негізделген бейбітшіліктің орнатылуына деп үміттенеміз»,- деді. Басқа бір сөзінде: «Біз күш-қуатқа ие болған кезде басқа елге араласатын ел емеспіз», «біз біздің ішкі істерімізге араласпаған бүкіл халықтарды құрметтейміз», «исламдық үкімет оны құрметтеген кез келген халық пен үкіметке құрмет көрсетеді»,- деген болатын. Имамның бұл көзқарасы де исламдық ой-пікірден тамырланған.
Бейбітшілік пен өзара сыйластық және елдердің ішкі істеріне араласпауды ислам жүйесінің сыртқы саясатының қағидаттары мен негіздері деп санаған Ислам революциясының негізін қалаушысының көзқарасына сәйкес, ИИР-ның Конституциясы үкіметті кез-келген араласудан аулақ болуға міндеттейді. Бірақ осы жерде «сыртқы саясатта бір-біріне қайшы болып көрінетін екі қағиданы, яғни әлсіздерді қолдау мен әлем мұсылмандарын қорғау және елдердің ішкі істеріне араласпауды бір мезгілде қалай біріктіруге болады?» деген ой туады. Басқаша айтқанда, басқа елдердің ішкі істеріне араласпай, бұл елдердегі жәбір көргендер мен мұсылмандарына қалай қолдау көрсетуге болады? Іс жүзінде ИИР езілгендерге және әлем мұсылмандарына қолдауды халықаралық ұйымдар мен институттар шеңберінде және бейбітшілік пен дипломатиялық механизмдерді қолдану арқылы көрсетуге талпынады. ИИР Конституциясының 154-бабы да осы екі ұстанымды біріктіріп: «ИИР басқа ұлттардың ішкі істеріне араласудан аулақ бола отырып, әлемнің кез-келген жерінде үстемшілердің алдында әлсіздердің күресін қолдады»,- деп айтылды. Имам Хомейнидің сыртқы саясаттағы тағы бір ұстанымы халықаралық шарттар мен заңдарға адалдық пен құрмет білдіруі болды. Бұл қағиданы имам халықаралық бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында қарастырды. Имам хомейни бұл туралы: «Біз исламға бағынғандықтан жасалған келісімшарттарды құрметтейміз»,- деді. ИИР халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде әрдайым өзінің халықаралық заңдарды, шарттар мен келісімдерді ұстанатынын көрсетті. Иран мен Ирак арасындағы 1975 жылғы Алжир келісім, Иран мен АҚШ арасындағы 1359 жылғы Алжир декларациясы, ядролық қарудың таралуына тыйым салатын NPT хаттамасына мүшелігі мен соңғы кездегі ядролық мәселеге байланысты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы сынды келісімдер Ислам республикасының халықаралық келісімдерге табандығын білдіретін ең маңызды келісімдер. Имам мен ИИР-ның бұл көзқарасы да Ислам революциясының іргетасын қалаушысының діни көзқарастарына, әсіресе келісімді орындау принципін құрметтеуге негізделді. Ислам діні жеке, әлеуметтік және саяси қатынастардағы келісімшарттың орындалуын қажетті және міндетті деп санайды. Алла Тағала «Бақаре» сүресінің 177-ші аятында: «Бірақ кім Аллаға, ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға және құл азат етуге жақсы көре отырып, мал сарып қылса әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар»,- деді. Көптеген аяттар мен хадистерде халықаралық деңгейдегі қоғамдық-саяси міндеттемелер мен шарттарды сақтау қажеттілігі қуатталды.