Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 17
Гамильтон А.Г. Гибб (1895-1971) - араб тілі мен әдебиеті, ислам тарихы, ислам мәдениеті мен өркениеті саласындағы шығыстанушы және зерттеушілердің бірі. Ол ислам тарихы саласында зерттеулер жасап, бұл салада көптеген еңбектер жазды.
Гамильтон А.Г. Гибб (1895-1971) - араб тілі мен әдебиеті, ислам тарихы, ислам мәдениеті мен өркениеті саласындағы шығыстанушы және зерттеушілердің бірі. Ол ислам тарихы саласында зерттеулер жасап, бұл салада көптеген еңбектер жазды.
Гамильтон 1895 жылы Александрияда дүниеге келді, ата-анасы Шотландиядан еді. Гибб Шотландияда оқып, 1922 жылы Лондон университетінің Шығыстану факультетінің араб тілі мамандығы бойынша бітірген. 1926 жылы Таяу Шығысқа саяхат жасап, ислам және араб тілі туралы зерттеулерің кеңейтіп, мұсылмандармен және олардың өмірімен жақыннан танысты. Гамильтон Гиббден бірқатар соның ішінде «Ислам, тарихи зерттеу» еңбегі қалды. Бұл кітап 1949 жылы Лондонда басылып шығып, тарихи өзгерістерге сілтеме жасап, Исламның әртүрлі тұрғыларына тоқталады. Кітаптың бір бөлімі Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) арналды. Гибб: «Мұхаммадтың (с.ғ.с.) мінезі оның ізбасарларының кейінгі ұрпақтарының дөрекі және арсыз сөздерден қатты зардап шеккенін мойындау керек. Бірақ оған қарамастан оның адамзат ортасында жарқырап тұрғаны сөзсіз. Пайғамбарды (с.ғ.с.) зорлық-зомбылықтан қорлық көргендерге қамқорлық көрсетуі оның мінезінің ерекшеліктерінен»,- деп жазды. Гибб Мұхаммад (с.ғ.с.) пен хазіреттің жақтастары туралы: «Оның барлық жұмысы білім беру және оның қоғамдастық мүшелері арасында тәртіп орнату болды. Біздің ойымызша, Мұхаммад (с.ғ.с) сахабаларының еркі мен сезімдеріне әсерін тигізетін, егер ол ондай болмағанда, олар оның пайғамбарлық талабына сенбес еді»,- деді.
Гибб шығыстанушылардың көбінің ерекшелігі болып табылатын ислам тарихындағы кейбір мәселелерге күдік-күмәнмен қарайды. Бірақ мұсылмандарды танып, олармен бірге өмір сүру Ислам пайғамбарының тарихы мен жолын түсінуге үлкен әсер етті. Гиббтың барлық шығармаларында пайғамбардың рухани және саяси ерекшеліктерінің көрінеді және оның көзқарасының басқа батыс зерттеушілерінің пікірлерінің өзгешілігін білдіреді.
Құран Кәрім ең соңғы илаһи кітаб ретінде ешкімге жасырын емес ұғымдар мен ілімдерге ие. Біз бұл соңғы илаһи кітабтың ғажайыптылығын ешкімнің оған ұқсас кішкентай сүрені ұсына алмағанын көрген кезде түсінеміз. Бұл қасиетті кітаптың ғажайыптылығын сондай-ақ ешбір мұғалімнен оқып-жазып үйренбеген адамға жіберілгенін көргенде түсінеміз. Шын мәнінде, ардақты пайғамбардың (с.ғ.с.) ең таңқаларлық қасиеті - оның оқу-жазу білмегендігі. Бұл мәселе әртүрлі пікірлерге себеп болды. Исламдық ойшылдардың көбі Пайғамбар (с.ғ.с.) беғсатына дейін оқу-жазуды білмеген деп санайды және бұл Құранның ғажайыптылығының дәлелдерінің бірі. «Әнкабут» сүресінің 48-ші аятында: «Сен бұдан бұрын бір кітап оқымаған едің де оны қолыңмен жазбаған едің. Егер ондай болса еді, әрине бұзықтар күдіктенер еді»,- деп айтылды. Шығыстанушы ғалымдардың кейбіреулерінің бұл мәселеге қатысты күмәндері бар. Олардың кейбіреулері саналы түрде Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) мен Құранға күмән тудырады.
Лондон университетінің профессоры оқу-жазу үйренбеген пайғамбардың Мединада бүкіл нәрсені өзгерткен заңдар шығарғанын еске түсіреді. Гибб Пайғамбардың (с.ғ.с.) тағылымдарынан нәр алған мұсылмандардың руханиятын қуаттап: «Елді кеңейту жылдамдыған гөрі олардың тәртібі таңқаларлық болды. соғыс жылдарында мұсылмандар бірігіп, мәдениеттерін ортақ етті. Мұхаммадтың (с.ғ.с.) қалыптастырған үкіметі мен заңдары өз тиімдігі мен маңыздылығын дәлелдеді. Ислам өз өркениетінен ырымшылдықтан алыстап, талаң-тараж жолын таңдамады, керісінше баршаның құрметіне ие болған моральдық күш ретінде таныстырды»,- деп жазды. Бұл батыс исламтанушы «Ислам болған кезде» кітабында: «Ислам әлі де адамзатқа үлкен және құнды қызмет көрсете алатын күшке ие. Исламнан басқа ешбір дін теңдік идеясы негізінде барлық жеке нәсілдерді біріктіре алмайды. Африка, Үндістан, Индонезия және Қытай мен Жапониядағы университеттердің бәрі ислам діні сөздерінің адамзаттың әртүрлі таптық және гендерлік элементтеріне әсер етуі мүмкін екенін дәлелдейді. Шығыс пен Батыс үкіметтері арасындағы үлкен қақтығыстар туралы сөз болғанда, қақтығысты шешу үшін исламға жүгіну керек. Ислам - адамдар арасындағы теңдікті насихаттайтын алғашқы дін»,- деп жазды. Ол басқа бір жерде: «Ұлы діни қауымдастықтардың ешқайсысы ешқашан мұндай жан-жақты және әмбебап рухты иемденген емес, сондай-ақ олардың мүшелері мен жақтастарына діни міндеттерді қабылдаған жағдайда бостандық беруге дайын болған емес»,- деді. Гибб сондай-ақ: «Мұхаммадтың (с.ғ.с.) және оның қарсыластарының ойындағы жаңа діни қауымдастық саяси тұрғыдан қалыптасқан қоғам және пайғамбарлардың жіберілі мақсаты діни үкімет құрудан басқа ештеңе болған жоқ»,- деп айтқан. Тек Мұхаммадтың (с.ғ.с.) дінінде ғана емес, сол кездегі барлық елдерде үкіметтер діннің негіздеріне табанды болды және Мединада діни қоғам құру теорияны іс жүзінде іске асыруға мүмкіндік туды.