Жел 19, 2020 17:20 Asia/Almaty
  • Иран: Фалак ул-Афлак қамалы (106)

«Фалак ул-Афлак» (Falak-ol-Aflak Castle) қамалы Луристан облысының Хоррамабад қаласында орналасқан. Оның тарихы Сасанилер заманынан (651 жыл) басталады. Сасанилер қазіргі Хоррамабад қаласы маңына «Шапурхаст» атымен қала салған. Бірақ кейін ол қиратылды. Х.қ.ж.с.б. 7 ғасырда оның орнына қазіргі Хоррамабад қаласы салынды.

«Фалак ул-Афлак» Сасанилер заманында мемлекеттік және әскери қолданысқа ие болған Шапурхаст қамалы болуы мүмкін. Жаңа қала салынғаннан кейін қамал «Хоррамабад» атымен танылды. Қаджар заманында «Фалак ул-Афлак» деген атауға ие болды.

Қамалдың ауданы 120 мың шаршы метрге жуық 
Қамалдың көше деңгейінен биіктігі - шамамен 40  метр
Сефевилер мен Қаджарлар замандарында қамалға қосымша ғимараттар салынды.
Фалак ул-Афлак қамалында этнографиялық мұражай бар.
Этнографиялық мұражай - Хоррамабад қаласының туристік тартымдылығы. 
Хоррамабад қаласының қолөнер бұйымдары
Фалак ул-Афлак қамалында 8 мұнара мен екі тікбұрышты аула бар. 
Фалак ул-Афлак қамалы Хоррамабад қаласының ортасында орналасқан.
Фалак ул-Афлак қамалы "12 мұнара қамалы" деген атпен де танымал.
Фалак ул-Афлак қамалы - Хоррамабадтың ең маңызды тарихи ескерткіші. 
Фалак ул-Афлак қамалы