Жетекшілік хадисы 47
Аманатқа қиянат жасамау ахлақи ерекшеліктердің бірі.
Алла елшісі: «Аманатты сақтау адамды күшейтеді»,- деп айтқан болатын. («Бихар әл-Анвар», 75-ші том). Хазірет бұл сөзімен аманатқа берік болудың нәтижелерінің бірі, яғни мал-мүліктің көбейетіндігі туралы айтып, халықты соған қарай жігерлендіреді.
Алла Тағала Құран Кәрімде пайғамбарлардың кейбір сипаттары мен Алла елшісінің әділдігі мен адалдығы туралы айтады. Мәселен, «Шұғыра» сүресінің 107-ші аятында хазірет Нұх өз халқына: «Мен сендер үшін адал елшімін»,- дейді. Хазірет Һуд, хазірет Салеһ және хазірет Мұса туралы да дәл осылай айтылған. Исламның ұлық пайғамбарының аманатқа берік болғандығы сондай, хазірет беғсатқа дейін де Меккенің мүшіріктерінің арасында «Мұхаммад амин» деген лақап атқа ие болды. Илаһи пайғамбарлардың аманатқа берік болуы илаһи уаһиді қорғап, оны таратудан анық байқалды. Исламның ұлық пайғамбары өзінің аманатқа беріктігі туралы: «Алламен ант етемін, мен шын мәнінде аспан мен жерде де аманатқа қиянат жасамаймын»,- деп айтқан болатын. Аманатқа берік болу жеке адам мен қоғам үшін көптеген заңдарға ие. Олардың ішіндегі ең маңыздыларының біріне Алланың ризалығына ие болу жатады. Аманатқа берік адам Алланың ризалығына ие болумен бірге дүниелік және ақыреттегі сауаптарға ие болып, оның орны жәннәтта болады. Алла елшісі хадистердің бірінде: «Ертең қиямет күні ең шыншыл, аманатқа берік, келісімге табанды, мінезі жақсы, халыққа жақын болған адамдар маған жақын болады»,- деп айтылған. («Бихар әл-Анвар», 75-ші том). Хазірет сонымен бірге қоғамда аманатқа берік болу туралы: «Менің үмбетім бір-біріне қиянат жасамай, аманатқа берік болса, әрқашан тыныштықта болады»,- деп айтқан. («Васаель әл-Шие», 9-шы том). Расында иманды адам үшін Алланың ризалығына ие болудан жоғары мақсат жоқ. Өйткені мүндай жағдайда кемелдік пен ақиқатқа жеткісі келген адам ең жоғары армандарына жетеді. Имам Әли (ғ.с.): «Алла пендесін жақсы көрген кезде аманатқа берік болуды жақсы көретін етеді»,- деген. («Мизан әл-Хикмат», 2-ші том). Сол себепті адал әрі аманатқа берік әрбір адам Алланың досы әрі сүйіктісі болады. Имам Казем (ғ.с.) халықтың бақытты болуын оның аманатқа берік болуы және хаққа сай ғамал етуінде деп атап: «Адамдар егер күнә жасаудан қорқып, аманатқа берік болып, хаққа сай ғамал ететін болса бақытты өмір сүреді»,- деп айтқан болатын. («Васаель әл-Шие», 19-шы том). Халықтың сеніміне ие болып, бұл дүние мен ақыретте бақытты болу аманатқа берік болудың келесі әсері. Адал адамға халық сенім артады және мұндай адам оған тапсырылған аманаттарға берік болуына байланысты мадақталады. Осыған дейін айтылғандай Исламның ұлық пайғамбарының ерекшеліктерінің бірі хазіреттің аманатқа берік болуы болып, тіпті Меккенің мүшіріктерінің өздері оған сенім артып, сапарларда мал-мүліктерін оған тапсыратын Сонымен бірге халық та аманатқа берік болуымен танымал болған адамды жақсы көріп, оған сенім артады. Рауаяттардың бірінде имам Садық (ғ.с.) Абдурахман Сиабеге: «Саған маңызды ақыл айтайын ба?»- дегенде Сиабе: «Иә, Алла елшісінің перзенті!»- деп жауап берген. Сонда имам: «Шыншыл болып, аманатқа берік болсаң халықтың мүлкіне ортақ боласың»,- деді. («Васаель әл-Шие»).
Лұқман хакім – Құранда айтылған және Алланың мадағына ие тұлғалардың бірі. Рауяттардан бұл дана адамның көптеген ақыл-кеңестерін кездестіруге болады. Рауаяттардың бірінде имам Бақер (ғ.с.): «Лұқман перзентіне берген ақыл-кеңестерінде: «Перзентім, дүние мен ақыретте аман-есен болғың келсе үшін аманатты қайтар. Аманатқа берік бол. Сонда күшті боласың»,- деді»,- деп айтқан. Адал адам аманатқа ие болуды әр істің басты мәселесі еткендіктен сәтсіздікке ұшырамайды. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Әр адамның илаһи міндеті аманатқа берік болу, өйткені аманатқа қиянат жасаған адам зиян көріп, мақсатына жетпейді»,- деп айтқан. («Наһдж ул-Балағе», 199-шы құтпа). Аманатқа берік болу жеке адам мен қоғамда әділдік пен пәктіктің таралуына себеп болады. Исламның ұлық пайғамбары бұл туралы: «Өз бауырыңның бойынан үш сипатты, атап айтқанда ұят, аманатқа берік болуы және шындылдықты көрсең оған үміт арт. Егер бұл үш сипат байқалмаса оған үміт артпа»,- деген. Исламда аманатқа берік болу қаншалықты жағымды әрі маңызды саналса аманатқа қиянат жасау сол мөлшерде айыпталып, үлкен күнәлардың қатарына кіреді. Исламның ұлық пайғамбары: «Аманатқа қиянат жасайтындар біздерден емес»,- деген болатын. («Бихар әл-Анвар», 75-ші том). Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Ең жаман адамдар аманатқа мән бермей, оған қиянат жасаудан тартынбайтындар»,- деген.