Қаң 03, 2021 01:34 Asia/Almaty
  • Иран: Липар көлі (108)

Липар немесе Қызғылт көл Чабаһардан Гватарға барар жолдың 20 км жерінде Оман теңізінің жағасында орналасқан. Бұл табиғи көл суының түсі таңданыс тудырады. Су түсі минералды және органикалық өсімдік планктонының түсіне байланысты. Планктон түрлі өзендер арқылы осы шығанаққа ағып келеді.

Маусымдық дауылдар нәтижесінде пайда болатын теңіз ағымдары Оман теңізінің теңдессіз ерекшеліктерінің бірі саналады. Бұл ағымдар осы аймақта өсімдік планктонының көптеп жиналуына себеп болады. Сөйтіп, бұл көл қызғылт түске боялады. 

Липар көлі екі таудың ортасында орналасқан     

 

Көлде түрлі құстар тіршілік етеді
Көл маңы  түрлі өсімдіктердің өсуіне қолайлы
Көл жылдың 5 айында қызғылт түске боялады
Көл суы түсінің өзгеруіне теңіз суының көтерілуі мен қайтаруы себеп болады
Липар көлі