Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 20
Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) шексіз қабілетімен және теңдессіз істерімен пайғамбарлар мен әулиелер көшбасшысы болып табылады.
Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Ислам дінінің пайғамбары және негізін қалаушысы. Ол Құран түрінде және уаһи арқылы түскен мағлұматтарына сүйеніп, әділдік, адалдық, бауырмалдық, жанашырлық, батылдық және иман сынды қадір-қасиеттерді ұсынып, оларды әлемге таратты. Бұл оның Алланың алдында жоғары дәрежеге ие болуын көрсетеді. Ол тарих бойындағы пайғамбарлар мен илаһи әулилердің бүкіл қадір-қасиеттерінің жетілдірілген нұсқасы. Аятолла Хаменеидің айтуынша, «ұлы пайғамбардың (с.ғ.с.) есімін айтқан кезде, хазірет Ибрахим, хазірет Нұх, хазірет Мұса, хазірет Иса, хазірет Лұқман, имам келтірген бүкіл адал тұлғалар, хазірет Әли (ғ.с.) мен пәк имамдардың (ғ.с.) хазіреттің тұла бойында жинақталғанын есімізге аламыз». Жылдар және ғасырлар бойы бұл теңдессіз тұлғаның ұлылығын жасыру талпыныс жасалды. Бірақ оған қарамастан әлемдіктер хазіреттің (с.ғ.с.) өмірбаяны мен өмір сүру салтына ерекше қызығушылық білдірді. Ұстаз шәһид Мұртаза Мұтахари: «Мен көптеген адамдар сияқты, ислам дінінде туындайтын күмән мен күдіктерге мүлдем ренжімеймін, бұл дінге және оның пайғамбарына деген қызығушылығыммен және сеніміммен қуанамын. Өйткені менің пікірімше, бұл қасиетті дін ең көп шабуылға ұшыраған майдандардың әрқайсысынан күшпен, мақтанышпен және өркендеуімен шықты. Сондай-ақ мұны өз тәжірибем арқылы өмірімде көрдім»,- деген.
Джон Давенпорт, ағылшын ғалымы және зерттеушісі. Ол Исламды және оның елшісін (с.ғ.с.) зерттеп, хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) өміріне жаңаша көзқараспен «An Apology for Mohammed and Koran» атты кітап жазды. Бұл кітап 1869 жылы Лондонда басылып шықты және парсы тіліне аударылды. Ол өзінің кітабында сол кездегі басым ой толқындарынан аулақ хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) болмысы мен хабарын талқылады. Ол өзінің кітабының кіріспесінде осы кітапты жазудың мақсаты туралы: «Қазіргі зерттеулер маңызды емес. Бірақ шыншылдық пен қызығушылықпен Мұхаммадтың (с.ғ.с.) өмірінің тарихын жалған жала мен дақтардан тазартуға әрекет жасалды. Сондай-ақ адамзат әлемінің ең үлкен қайырымдыларының бірі болып табылатын оның талаптарының шындықтарын қорғауға жеткілікті талпыныс жасалды»,- деп жазды.
Джон Давенпорт алдымен Еуропа халқы арасындағы Пайғамбарға (с.ғ.с.) тағылған айыптарды топтарға бөлді, содан кейін оларды жоққа шығаруға кірісті. Ол: «Қарапайым араб Мұхаммад (с.ғ.с.) өз елінің шағын, жалаңаш және аш тайпаларын қоғамға айналдырып, оларды жер бетіндегі халықтарға жаңа қадір-қасиеттерге ие ел ретінде таныстырды. 30 жылға жетер-жетпес уақытта ол Константинополь императорын дәл осылай жеңіп, Иран сұлтандарын жойды. Иә, Мұхаммад - қырағылығы және данышпандығымен дінді қалыпастыра алған адам. Оның діні сондай күшейіп, зароустрлер жақтастарын бірнеше бытыраңқы қауымдастықтарға азайтты және Үндістанды жаулап алғаннан кейін бұрынғы брахман дінін де, кең таралған буддистік дінді де жойды. Сонымен бірге Сирия (Месопотамия) мен Египетті жаулап алып, оның жеңістері Атлант мұхитынан Каспий теңізі мен Сырдарья өзеніне дейін таралды»,- деп жазды.
Джон Давенпорт қасиетті Пайғамбарды (с.ғ.с.) ерекше және тартымды тұлға деп біліп, пайғамбардың рухани артықшылықтары мен адамгершілік қасиеттері туралы: «Оның дөрекі және тәкаппар адамдарға деген құрметі мен баршаны құрметтеуі адамдардың оған қызығушылық білдіруіне себеп болды. Оның қабілеті мен дарын артықшылығы мен өзгешелегіне әкелді. Ешқандай сабақ алмаса да, оның ақыл-ойының дамығандығы соншалық, ол пікірталастарда ең ақылды қарсыластарын жеңетін. Басқа жағынан кез келген сахабасы туралы ойлайтын. Оның шешендігі мен қарапайымдылығы баршаны қызықтырды. Мұхаммад (с.ғ.с.) дос және жақын әріптес немесе туыс сияқты, адамдармен қарым-қатынас орнатқан кезде сүйіспеншілік пен мейірімін білдірді және оған, барлық адамдар сияқты, нәзік эмоциялар мен сезімдер, көбінесе әлеуметтік міндеттер әсер етті. Ол өз міндеттерін өзі орындайтын. Ол пайғамбардың мәртебесі мен атағын жақсы сақтады... Ол Сауд Арабиясының абсолютті билеушісі болған кезде ол аяқ киімі мен киімін жамап жүрді. Құрма, су мен сүт оның тамағы болды. Ол саяхатқа шыққанда құлына бөлісетін бірнеше бөлке нан әкететін.
Бұл ағылшын ойшылы Пайғамбардың (с.ғ.с.) қадір-қасиеттерін сипаттағаннан кейін, кейбір адамдардың хазіретке (с.ғ.с.) қатысты дұрыс емес көзқарастары туралы: «Бұл адам сол ғасырда адамдары Жаратушыға табынудың орнына пұтқа табынған елде осындай үлкен және тұрақты реформаларды жүзеге асырды деп сенуге бола ма... Тағы да қайталаймын, осындай ұлы және ынталы реформаторды іске асырған адамның алдамшы екеніне немесе оның бүкіл өмірі екіжүзділікке бейім екеніне сенуге бола ма? Оның илаһи миссиясы тек өзін ойлау деп елестете аламыз ба?»
Джон Давенпорттың пікірінше, мұндай адамның алдында үнсіз қалып, оны құрметтемеу мүмкін емес. Ол: «Арабтардың Мұхаммад (с.ғ.с.) келгенге дейінгі жағдайына шолу жасап, оның келуінен кейінгі жағдаймен салыстыратын болсақ, оның миллиондаған ізбасарларының жүрегінде тұтанған және осы күнге дейін сол күйінде қалған махаббат пен сүйіспеншіліктің жалынын байқаймыз. Егер біз осындай ұлы және ерекше адамды мадақтаудан бас тартсақ, ұятсыздық және әділетсіздік болады. Ал егер оның келуін соқыр кездейсоқтық деп санасақ, біз Алла Тағаланың құдіретті күшіне күмән келтіргендей сезінеміз!»
«An Apology for Mohammed and Koran» кітабының авторы Ислам пайғамбарының ұлы мұғжизасы Құранды ең толық дін және илаһи еңбек деп атап: «Мұхаммадтың (с.ғ.с.) сенімі күмән мен түсініксіздіктен таза болды және Құран - Алланың бір екендігінің айқын әрі керемет дәлелі. Құран кемшіліктерден таза болғандықтан, кішкене де түзетуді қажет етпейді және оны басынан аяғына дейін еш шаршамай оқуға болады. Барша Құранның ең шешен, ең асыл және сыпайы арабтар болып табылатын құрайыш тайпасының диалектісінде түскенін және ол ең жарқын теңеулерге толы екеніне келіседі»,- деп жазды.
Бұл ағылшын шығыстанушының анықтамасына сәйкес, ислам туа біткеннің бәрі өлуі керек, көтерілгеннің бәрін басу керек, ал бүлінгеннің бәрін жоғалту және жою керек деген ұтымды қағидаға негізделген және қарсыластар пұтқа, адамға және жұлдызға табынушылар. «Біз оны ең ұлы адамдардың бірі деп санаумыз керек және Азия құрлығы осындай перзентті үшін мақтана алады».