Имам Хомейнидің мектебінде (27)
Ислам революциясының негізін қалаушы әлемдегі көптеген зиялы қауым өкілдерімен, азаттықшылдармен және күрескерлермен біріккендіктен, Палестинаның езілген және досқынға айналған халқын қолдады.
Имам Хомейни барлық исламдық елдер этникалық, діни және мазхабтық келіспеушіліктерді шетке ысырып, исламның туымен сионистік режимнің өктемдігіне қарсы тұруы керек деп сенді. Өйткені Израильдің түпкі мақсаты - Нілден Евфратқа дейінгі үлкен Израильді құру ұранды іске асыру және Ислам мен мұсылмандардың жойылуы. Сондықтан тек ислам дінінің ілімдеріне сүйеніп, үлкен қажылық немесе рамазанның соңғы жұмасында Құдс күні ретінде халықаралық шеру өткізу сияқты діни рәсімдерді қолдану арқылы залым жобаны жеңіге болады. Имам Хомейни Палестинаны исламның бір бөлігі деп санап, исламдық елдерді Палестинаның мақсаты қолдау және керісінше Израильмен қарсыласу үшін бірігуге шақырды. Имам Хомейнидің көзқарасында ислам әлемі маңызды орынға ие болды.
Имам Хомейни ислам әлеміндегі ең ірі діни және саяси реформаторлардың бірі ретінде әрдайым мұсылмандардың тарихи даңқын қалпына келтіру мәселелерімен айналысқан. Имам: «Мұсылмандар оянуы керек. Бүгін мұсылмандардың бұрыш-бұрышта жалғыз өмір сүретін күн емес. Алпауыт елдердің саясаты барлық жерді билеу кезінде мұсылмандар оянуы керек. Мұсылман халықтары оянуы керек. Менің көптеген үкіметтерден көңілім қалды. Бірақ ұлттар оянып, барлығы Исламның туының астында және Құранның билігінде болуы керек. Құдайға шүкір мұсылмандардың саны бір миллиардқа жуық, олардың елдері әрі бай, әрі дәулетті, халқы лайықты. Бірақ олар өздеріне үмітсіз, сондықтан мұсылмандар өздерінің атақ-даңқын табуға ерік-жігерін білдірулері керек»,- деді. Сондай-ақ басқа бір сөзінде: «Мен Алладан барлық ұлттар мен үкіметтерді оятуын және алпауыт мемлекеттер оларды жеңіп, олардың су қоймаларын тартып алмауы үшін барлық ұлттар мен исламдық мемлекеттерді біріктіруін тілеймін»,- деді.
Имам Хомейни «Лә илаһа илла Аллаһ» туының астында ұлы ислам мемлекетінің құрылуын ислам әлемінің өткен даңқын қайта жаңғыртудың және әлемді жеңудің шарты деп санап: «Шетелдіктер жүргізген үгіт-насихат пен іс-қимылдар салдарынан бөлініп, бір-біріне қарсы қойылған барлық ислам халықтары оянып, бірігетіндеріне сенемін»,- деді.
Имам Хомейни мұсылмандардың өздерінің мәртебесінің төмендеуінің себептеріне немқұрайлық білдірулеріне алаңдаушылық білдіре отырып, барлық исламдық үкіметтер мен халықтарды өздерінің жеке ниеттері мен тілектерінен бас тартуға және өздерінің байлықтары мен ресурстарын шетелдік күштердің талан-таражға салуынан қорғау үшін бірігуге шақырды. «Біздің үкіметтерімізі, исламдық халықтар қашан көздерін ашады, олар түсінбейді ме? Әлде түсінеді бірақ жасамайдыма? Егер түсінбесе, мәселеге көңіл бөліп, мұсылмандардың бақытсыздығының қайдан басталғанын анықтауы керек. Мұсылмандар, әсіресе ислам үкіметтері қашан оянғысы келеді, қашан жеке ниеттері мен тілектерінен бас тартып, халықтарға қызмет еткілері келеді?»
Имам Хомейни бірліктің жоқтығын мұсылмандардың қорлық көруінің негізгі себебі деп білді. Бұл қорлыққа қарсы тұру үшін исламдық үмбетті біріктіретін үкімет құруды ұсынды. Ол: «Бүкіл исламдық халықтар бірігуі керек. Егер мұсылман халықтар мен исламдық үкіметтердің бірлігі болғанда, олар қорлық көрмейтін еді. Мұсылмандардың саны бір миллиардқа жуқталады, бірақ олар бір-бірімен бір емес. Егер Исламның басындағы кезеңдегіндей исламды үкіметті біріктіретін үкімет болғанда, күніміз осындай болмайтын еді. Олар өз мүдделері үші үкіметтерді бір-бірінен ажыратты»,- деген. Ол пайғамбарлық исламға оралуды мұсылмандардың қадір-қасиетін қалпына келтіру және ислам әлемінің мәселелерін шешу үшін шешім деп санап, барлық ислам халықтарын осы мәселеге алаңдамайтын үкіметтерден бөлінуге шақырады. Имам Хомейни: «Біз Алла елшісінің Исламына оралмағанша, қиындықтарымыз қалады. Палестина мәселесін, Ауғанстан және басқа мәселені шеше алмаймыз. Халықтар Исламның басына орлауы керек. Егер үкіметтер қайтып оралса, мәселе емес, егер қайтпаса, халық өз есебін үкіметтен алыстатуы керек»,- деп мәлімдеді.
Имам Хомейни мұсылмандардың оянбауының және діни ғұламалардың жауапкершілікті сезінбеуінің, исламдық бірліктің болмауының салдары туралы ескертіп, исламдық қоғамның немқұрайлығын жалғастыруының бұл қоғамның жағдайының одан сайын нашарлап, бақтысыздыққа тірелетініне назар аудартты. Имам: «Мен бірнеше рет айтқанымдай, егер мұсылман елі оянбаса және өз міндеттерін түсінбесе, ислам ғұламалары жауапкершілікті сезінбесе және көтерілмесе, егер барлық мұсылмандардың бірлігіне себебі болып табылатын және мұсылман халықтары мен исламдық елдердің егемендігі мен тәуелсіздігіне кепілдік беретін шынайы исламды шетелдік агенттер мен отаршылдар отаршылдықтың қара пердесі астында жасырып, мұсылмандар арасындағы алауыздық оты тұтанатын болса, ислам қоғамын зұлмат және азапты күндер күтіп тұр, исламға және Құран ережелеріне жойқын қауіп төнеді»,- деді.
Имам Хомейни барлық мұсылмандар мен исламдық үкіметтерді отаршыл державаларға қарсы бірігуге шақыра отырып, барлық исламдық елдердің тәуелсіздігін сақтауды және олардың территориялық тұтастығын құрметтеуді және сол елге қарсы шабуыл жасамауды Ислам республикасының басты әрекеттері деп атады. Және олар ислам елдерінің халқы мен билеушілеріне Ислам республикасының ислам әлемінің біртұтастығына ұмтылысы елді ашу дегенді білдірмейді және мұсылмандардың бірлігі ислам әлемінің мүдделеріне негізделген барлық діни, тілдік және этникалық айырмашылықтарды сақтай отырып және ортақ дұшпандармен қарсыласу арқылы бірлікті сақтау дегенді білдірмейді деп сендіреді. Алла Тағаланың жарлығына сәйкес біз әлемдегі барлық мұсылмандармен, ислам елдерінің үкіметтерімен, кез-келген діндегі, кез-келген елдегі мұсылман халықтарымен және кез-келген исламдық және исламдық емес елдерге бауырластықты жариялаймыз.
Иран Ислам Республикасының халқы мен үкіметі Құран мен Исламның қасиетті ережелеріне бағынады және Құранға сәйкес өздерін барлық исламдық ұлттар мен әртүрлі елдердің мәдениеті мен географиясы тұрғысынан сенімнің бауырым деп санайды. Олар барлық елдермен және үкіметтермен бейбітшілік пен бейбіт өмірді қалайды, және үкімет олардың жеке өміріне қол сұғып, ислам ережелеріне адал болмайынша, олар оны өз бауырлары деп санайды.