Қаң 21, 2021 19:59 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 22

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) - ұлы пайғамбар, адамзаттың теңдессіз тұлғасы.

 

«Расында Алла Тағала мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Алла аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді. Өйткені, олар бұрын ашық адасуда еді». («Әл-Имран» сүресі, 164-ші аят).

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) - ұлы пайғамбар, адамзаттың ұлы әрі қайталанбас тұлғасы. Оның нұрлы сәулесі әлемнің шығысы мен батысына еніп, зерттеушінің ойларын өзіне аудартты.  Әрине, бұл ислам мен пайғамбарға қарсы уағыз айтпаған және қудаланбаған дегенді білдірмейді.  Қазіргі кезде де өзін өркениетті санайтын әлемде әртүрді жағымсыз оқиғалар Ислам пайғамбарымен байланыстырылады.  Бәрақ еш уақытта шындық жасырын қалмады, әйгілі ойшылдар Пайғамбардың әдемі  жүзін басқаларға әшкереледі. Күдіксіз, Мұхаммад пайғамбар (с.ғ.с.) әмбебап тұлға және ешбір ұлтқа немесе халыққа тиесілі емес және кез келген адам ондай адам туралы өз көзқарасы бойынша бағалай алады.  

Джордж Бернард Шоу

Джордж Бернард Шоу (драматург және әдебиет сыншысы) - Шекспирден кейінгі ұлы жазушы. Батыс қоғамдық пікірді ағартуға алып келді, яғни өздері жасаған зерттеулері оған Исламның ұлық пайғамбарының ұлы тұлғасы мен оның ілімдері қатты әсер етті. Ол: «Мұхаммад (с.ғ.с.) - пайғамбарлардың ең ұлысы ... Ортағасырлық устаз надандықтың немесе алалаушылықтың нәтижесінде Мұхаммедтің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айнасының күңгірт бейнесін ұсынды.  Олар ашу мен алалаушылықтан оны Христосқа қарсы деп санады. Менің ойымша, ол Антихрист емес, сонымен қатар оны адамзаттың құтқарушысы деп атаған жөн. Егер оған ұқсас адам жаңа заманда билеушіге айналса, ол  мәселелерді шешу үшін бейбітшілік пен достықты қолданатын еді деп сенемін. Ол жер бетіне аяқ басқан ең ұлы адам болды. Мұхаммад (с.ғ.с) дінге шақырды. Ол өркениеттің негізін қалады. Ол ұлт құрды. Ол адамгершілікті қалыптастырды. Ол өзінің ілімдерін қоғамға ұсынды»,- деді. Бұл әйгілі ирландиялық жазушы Пайғамбардың (с.ғ.с.) адамгершілік пен өркениеттің дамуындағы ықпалы мен рөлін даусыз және адамзат қоғамына Ислам пайғамбарларының қызметтері мен ілімдеріне қарыздар деп санайды. Ол: «Мен әрқашан Мұхаммадтың (с.ғ.с.) дінін оның керемет тірі табиғаты үшін қатты құрметтейтінмін, менің ойымша, ислам - оған ие жалғыз дін - осындай қасиет, ол әртүрлі өзгерістерді өзіне сіңіре алады»,- деді.  

Алла елшісі (с.ғ.с.) жаартылған әлемнің ең қымбат гауһар тасы. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) теңдессіз тұлға, ешбір адам Алла елшісінің жоғары қадір-қасиеттері мен мақамына жете алмайды және ешкім пайғамбарлық міндетті атқаруға дайын емес. Бернард Шоу Пайғамбарды  (с.ғ.с.) әлемдіктерге таныстырып: «Есімі – Мұхаммад (с.ғ.с.). Біздің дәуірдің 570 жылы Арабстанда дүниеге келді. Ол пайғамбарлық міндетін 40 жасында бастап, 63 жасында дүниеден озды. 23 жылдың ішінде бір Аллаға құлшылық етуге шақырды. Ол адамдарды тайпалық соғыстар мен қақтығыстардан құтқарып, ұлттық бірлік пен ынтымақтастыққа жеткізді. Осы уақытта ол адамдарды азғындық пен маскүнемдіктен  байсалдылық пен тақуалыққа, заңсыздықтан жүйелі өмірге және құрдымнан адамгершіліктің ең жоғарғы стандарттарына жеткізді. Адамзат тарихы Исламның пайғамбарына дейін немесе одан кейін мұндай толық өзгерісті көрмеген»,- деді.

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өміріне жасаған шолу оның қасиетті жүріс-тұрысының әсемдіктерге толы екенін және бәрін таңдандыратынын көрсетеді.  Бұл пайғамбар «Әлемдердің мейірімі» аталған және адамгершіліктің ізгіліктерін аяқтау үшін түсірілген пайғамбар.                                                                       

Бернард Шоу пайғамбардың өмірі мен оның ерекше қасиеттерін зерттеп: «Бұл адамның (Мұхаммfд пайғамбардың) таңғажайып өмірі маған біртүрлі әсер етті. Сондықтан мен оның діні адамзат өмірінің барлық кезеңдеріне сәйкес келетін және кез-келген ұрпақты өзіне тарта алатын жалғыз дін деп санаймын»,- деді.

Қоғамдағы өзгерістер және оның қазіргі жағдайдан қалаған жағдайға ауысуы әрқашан  жауапты адамдардың мәселесі болды. Ойшылдардың әрқайсысы қоғамдардағы өзгерістерді факторлардың біріне сүйене отырып түсіндірді. Әрине қазір адамдардың өмір сүру жағдайлары 1400 жыл бұрынғыдан  мүлдем өзгеше. Сондықтан  мүмкіндіктер мен байланыстар тұрғысынан қазіргі әлемді  сол кездегі жағдаймен салыстыруға болмайды. Бернард Шоу дәл осы жағдайларда және ғылымның дамыған дәуірінде Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы айтып, хазіреттің өмір салты қазіргі заманғы адам өмірі үшін іс жүзінде үлгі бола алады және ахлақ, руханият және бейбітшілік пен достықтың жолдауымен адамзат қоғамының қиындықтарын шешуге болады деп біліп: «Мен Мұхаммад пайғамбардың діні Еуропаның болашағы үшін қолайлы деп ойлаймын. Бүгінгі Еуропада оны қабылдау басталды. Менің пікірімше, егер Ислам пайғамбары сияқты адам жаңа заман әлемінде абсолютті билікке қол жеткізсе, ол әлемдегі мәселелерді шеше алады және адамзат қажет ететін бейбітшілік пен бақытты қамтамасыз ете алады»,- деп жазды. Ол бүгін ешкім жасыра алмайтын шындықты айтты. Еуропа  мен АҚШ-та исламға бет бұру жылдамдықпен алға ілгерілеуде. Сондықтан Батыстың исламофобия  саясатын жүргізу талпыныстары нәтижесіз қалады.

 

 

Тегтер