Қаң 23, 2021 14:03 Asia/Almaty

Бүгінде ауруды анықтау, алдын алу және емдеу түрінде сипатталатын медициналық күтім – әлемдегі ең табысты өнеркәсіп пен сауда салаларының бірі. Әлемнің фармацевтика өнеркәсібінің құны туралы берілген статистика бойынша, ол 2017 жылы 11 трлн доллардан асқан.

Жаһандық фармацевтикалық  нарықтың 80 пайызға жуығы дамыған елдердің ықтиярында. Бұл өнеркәсіптің халық өміріне әсері тұтынушының физикалық және психикалық саулығына тікелей байланысты болғандықтан әлемдегі дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық белсенділердің назарын аударып, алаңдаушылығын тудырып отыр. Дәрі-дәрмек пен азық-түлік өнеркәсіптерінің табысы халықтың ауыруымен байланысты болғандықтан алаңдатады. Бұл сала халық ауырғанда ғана пайда түсіре бастайды. Фармацевтика – әлемде табысы мол үшінші өнеркәсіп. Бұл саланың иелері жыл сайын дәрі-дәрмек, витамин мен түрлі биологиялық белсенді қоспалар сату арқылы миллиардтаған доллар пайда көреді. Бүгінгі бағдарламада тамақ және дәрі-дәрмек жасау салаларының әлем халқының өміріне әсері және салдары жайлы сөз қозғаймыз.

Фармацевтикадан табыстырақ кәсіп пен сала жоқ деседі. Алайда бұл табыс адамдар ауырғанда ғана қолға түседі. Әлемнің түкпір‑түкпірінде науқас адамдар бар да, фармацевтикалық компанияларға сатып алушы да жетерлік болмақ. Сол себепті кейбіреулердің сенімінше, осы саланың иелері аурулардың толық емін табуға немесе олардың алдын алу туралы ақпараттың таралуына мүдделі емес. Неміс дәрігері Матияс Раттың пікірінше,  фармацевтикалық компаниялардың негізгі мақсаты – максималды түрде пайда табу.

Неміс дәрігеті Матияс Рат: «Жаһандық фармацевтикалық өнеркәсіптің шынайы болмысы – аурулардың тамырын тауып, жою және алдын алу емес, созылмалы аурулардың көмегімен көбірек ақша табу. Аурулардың жалғаса түсуі бұл саланың қаржылай мүддесіне сай келеді. Өйткені оның мақсаты – дәрі-дәрмек нарығын дамыту. Сондықтан аурулар мен дерттердің себептерін анықтап, жоятын дәрілер емес, олардың  белгілерін сырттай басатын дәрілер өндіріледі. Фармацевтикалық тресттер әлемнің түрлі жерінде тоқтаусыз геноцид жасап, миллиондаған адам мен жануарға сынақ жүргізіп, оларды жойып жатыр»,-деді.

Фармацевтика өнеркәсібінің қалыптасу тәсілі және онымен айналысатын ықпалды адамдар денсаулықты қорғаушылардың күмәнін тудырып отыр. 19 ғасырдың аяғында дәрі өндіру бір өнеркәсіпке айналды. Ірі компаниялардың бай иелері медицина мен денсаулықты «индустрияландырудың» байлық пен билікті көбірек бақылауға алуға мұрсат беретінін түсінді. Бұл салада да капиталистік қоғамдағы басқа өнеркәсіп салалары сияқты ұсыныс пен сұраныс мәселесі бар. Науқас адам – клиент (сатып алушы) және дәріні көптеп өндірудің мақсаты. Бұл салада патент, яғни ойлап табылған дүниені тіркеу деген нәрсе бар. Заң тұрғысынан табиғатта бар жасушалар үшін тіркеу құқығын алу мүмкін емес. Сондықтан «дәріні тіркеу құқығы» дәрі жасауға қолдану үшін табиғи емес молекулаларды ойлап табу дегенді білдіреді. Дәріге патент алу табиғи емес молекулалардың дәрі жасауда қолданылған жағдайында ғана заңды сипат алып, тіркеу құқығын алуға тұрарлық саналады. Фармацевтика – химия өнеркәсібінің бір бөлігі.

Жаһандық фармацевтика саласындағы танымал сауда компаниялары ретінде  Pfizer, Merck&Co, Johnson&Johnson, Novartis, Hoffmann-La Roche , Sanofi, GlaxoSmithKline, AstraZenecaBayer AG –ны атауға болады. Бұлар Еуропа мен АҚШ-қа тиесілі. Соңғы бірнеше жылда кейбіреулері бір-бірімен қосылып, көпұлтты компаниялар қалыбында өз жұмыстарын жалғастыруда. Сол себепті бұл компаниялар саясатқа ықпал етіп, толыққанды құдіретке айналды. Алайда бәрінен жаманы олардың қоғамның денсаулығына әсері болып отыр.   

Бүгінде дәрігерлер адам бойында кейбір аурулардың химиялық дәрілерді тұтынудан пайда болатынын айтады. Дәрілердің брошюраларында тұтынушыларға ескерту ретінде жазылатын нәрселер дәрінің қосалқы зарарларын (әсерін) көрсетеді. Мысалы, кальцийге қосымша дәрі оның тапшылығын жою үшін беріледі, бірақ бүйрекке теріс әсер етіп, онда тас түзілуіне себеп болады. АҚШ-тың дәріні теріс тұтынумен күресу ұлттық институты таратқан статистикаға сәйкес, 1999 жылдан 2017 жылға дейін дәріні теріс пайдаланудан өлім-жітім саны 8048-ден 47600 адамға жеткен.  

Осыдан бұрынырақ «Нью-Йорк Таймс» газеті бір мақалада АҚШ қоғамында опиоидтердің таралуында кейбір компаниялардың қатысы барын жазды. Опиоид (Opioid) – морфин сияқты табиғи және жасанды химиялық заттардан құралған тыныштандырғыш. Бұл мақалада Purdue Pharma фармацевтикалық компаниясына қарсы іс жайлы айтылған. Ол OxyContin дәрісін жасап, нарықта белсенділік танытып, дәрігерлерді осы дәріні нұсқауға жазуға мәжбүрлеген.

Жоғарыдағы мақала бойынша,  аталмыш компания OxyContin-ның қатері жайлы тиісті түсінікке ие болмаған және дәрігерлерге оның қатеріне көзжұмбайлық танытып, үнсіз қалуға рұқсат берген. Сондай-ақ, дәрінің тәуелділік тудыруына қатысты алаңдаушылықтар мен куәлердің барына қарамастан, оны тұтынуға кең түрде жарнама жасалды. Аталмыш компания бұл айыпты қабылдамады. АҚШ-тың Колумбия университетінің тұрақты даму орталығының директоры профессор Джефри Сакстың жазуынша, Purdue компаниясы өз мәлімдемесінде опиоидтарды теріс пайдаланумен күресуге міндеттеме алатынын айтып, Азық-түлік пен дәрі-дәрмек ұйымының осыған қатысты кеңестерін қолдайтынын мәлімдеді.

Капиталистік жүйе нарығында тұтынушылықты арттыру үшін ойластырылған стратегиялардың бірі – әралуандық тудыру. Бұл азық-түлік пен дәрі-дәрмек саласында кеңінен қолданылуда. Тамақ және дәрі өндіруші компаниялар нарыққа үздіксіз жаңа өнім ұсынып, оларды кең түрде жарнамалайды.  Ұзақ уақыт өтпей-ақ бұл өнімдердің кейбіреулерінің әсерсіз немесе зарарлы екені анықталады. Витаминдерге қосымша дәрілер осындай өнімдер қатарында. Зерттеулер көрсеткендей, қосымша дәрілердің кейбірі ең жақсы жағдайда пайдасыз, көп жағдайда ауру тудырады немесе өлтіреді. Ең қызығы, Германия мен АҚШ сияқты дамыған елдерде халық тамақтану тұрғысынан жақсырақ жағдайға ие болса да, таблетка, ампула мен витаминдерді қосымша дәрі ретінде тұтыну кең таралған. Әсіресе әл-ауқат тұрғысынан жоғары сатыға ие адамдар арасында көптеп кездеседі.   

Германияның «Дойче Велле» газетінің хабарлауынша, 2008 жылы әлем ғалымдарының «Cochrane Collaboration» атты тәуелсіз зерттеу тобы витаминдердің әсері жайлы мақала жариялады. Бета-каротин мен Е витаминін тұтынатын адамдар арасында өлім-жітім жоғары. Сонымен қатар С витамині мен селен адам денсаулығына еш әсер етпейді. Осы зерттеуді жүргізушілердің ірі Кристиан Клод: «Витаминдерді  қосымша ретінде тұтыну денеге ешқандай пайда бермейді. Мен мұндай өнімдерге жоламаңыздар деп ескертемін»,-деді.

Америка мен Еуропа адамдарының өмірінде таблетка, витаминдер мен биологиялық белсенді қоспалардың кең таралғаны сондай,  олардың зиянды екені немесе кемінде пайдасыздығы туралы түрлі зерттеулердің алаңдатарлық нәтижесінің жариялануы оларды тұтынуға тосқауыл бола алмай отыр. Мұндай өнімдерді сату фармацевтикалық компаниялар мен дәріханаларға орасан зор табыс әкеледі. Бұл байлықпен  жүздеген журналдың бетіне тамақ және фармацевтикалық компаниялардың өнімдерін жарнамалауға, олар өндірген витаминдердің пайдалылығы туралы түрлі мақалалар басуға немесе тіпті ұқсас зерттеулер жүргізуге болады. Мысалы, мұндай зерттеулерде қазіргі замандағы азық-түліктерде өткен ғасырмен салыстырғанда витамин аз деген нәтижеге келіп, оның орнын толтыру үшін  витаминдерді тұтыну қажет деп қорытындылауға болады.

Жасанды витаминдерді тұтынудан аман қалу оны тұтынғысы келмейтін адамдар үшін де оңай емес. Өйткені тамақ өнімдерін шығаратын компаниялардың көбі, соның ішінде сусындар мен бала тамақтарын өндірушілер түрлі витаминдерді өз өнімдеріне қосқан.

«Дойче Велле» газетінің жазуынша, осындай жолмен витамин шығаратындарға ең көп пайда әкелетін және өздері де зор табысқа кенелетін компаниялар «Nestle», «Coca-Cola» және «Craft » болып табылады. «Nestle» компаниясының осы жолмен табатын табысының көлемі жылына шамамен 20 млрд Швейцария франкін құрайды. Нидерландының  DSM азық-түлік және фармацевтикалық компаниясы аталған компанияларға құрамында витамині бар өнімдер сатып, жылына шамамен 700 млн еуро табыс табады. Бұл сома аталмыш салалардың әлемде айтарлықтай дамығанын көрсетеді.

Тегтер