Имамзаде Салех кесенесі
Бүгін бізбен бірге болып, Теһранның көрнекті жерлерінің бірін тамашалаңыздар.
Таджриш алаңы – Теһранның солтүстігінде орналасқан көне алаңдардың бірі. Бұл жерде дәстүрлі ирандық базар да бар. Бұл алаңның оңтүстігінде Имамзаде Салехтің кесенесі орналасқан. Имамзаде Салех пен Имам Реза ағайындылар болып келеді. Имамзаде Салех кесенесі көне және әдемі болып табылады, ал әсем ауласы мен суға толы хауызы кесене көркемдігін арттыра түседі. Теһран халқы, тіпті басқа қала тұрғындары да осы қасиетті кесенеге намаз оқып, зиярат ету үшін келеді. Мұхаммед пен досы Хамид екеуі бүгін Таджриш алаңына келді. Түс кезінде Мұхаммед азан дауысын естіп, жақын жерде мешіт бар екенін түсінеді. Мұхаммед пен Хамид екеуі Имамзаде Салех кесенесіне барады. Бізбен бірге болып, кесенені бізбен бірге тамашалаңыздар.
Дауыс | Седа | صدا |
Азан | Азан | اذان |
Мешіт | Мәсджед | مسجد |
Кесене | Хәрәм | حرم |
Барайық | Берәвим | برويم |
Оқиық | Беханим | بخوانيم |
Ана жерде | Анджа | آنجا |
Мына жерде | Инджа | اينجا |
Қара | Бебин | ببين |
Біз оқи аламыз | Ма митәваним беханим | ما مي توانيم بخوانيم |
Кім? | Кист? | کيست ؟ |
Ағасы, інісі | Бәрадәр | برادر |
Ұрпақтар | Нәвадеган | نوادگان |
Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) | Пайамбәр-е Еслам | پيامبر اسلام |
Алаң | Мейдан | ميدان |
Таджриш алаңы | Мейдан-е Тәджриш | ميدان تجريش |
Шулы | Шолуғ | شلوغ |
Әдемі | Зиба | زيبا |
Халық | Мәрдам | مردم |
Олар келеді | Анһа миайәнд | آنها مي آيند |
Зиярат | Зиарәт | زيارت |
Намаз | Нәмаз | نماز |
Ғимарат | Сахтеман | ساختمان |
Көне | Ғәдими | قديمي |
Қызықты екен! | Че джалеб! | چه جالب ! |
Кітапхана | Кетабхане | کتابخانه |
Маңдайша жазу | Таблу | تابلو |
Қолданыс | Естефаде | استفاده |
Барлығы | Һәме | همه |
Мұхаммед: Азан даусы естіліп тұр. Мешіт қайда? Барып, намаз оқып алайық. | Мухаммад: Седай-е азан миайәд. Мәсджед коджаст? Берәвим нәмаз беханим. | محمد - صداي اذان مي آيد . مسجد کجاست ؟ برويم نماز بخوانيم . |
Хамид: Ана жаққа қара. Ол жерде Имамзаде Салехтің кесенесі бар. Сол кесенеде намаз оқи аламыз. | Хамид: Анджа ра бебин. Анджа хәрәм-е Емамзаде Салех әст. Митәваним дәр хәрәм нәмаз беханим. | حميد - آنجا را ببين . آنجا حرم امام زاده صالح است . مي توانيم در حرم نماز بخوانيم . |
Мұхаммед: Имамзаде Салех кім? | Мухаммад: Емамзаде Салех кист? | محمد - امام زاده صالح کيست ؟ |
Хамид: Ол Имам Резаның ағасы. Имам Реза – Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) ұрпағы. | Хамид: У бәрадәр-е Емам-е Реза әст. Емам-е Реза әз нәвадеган-е пайамбәр-е Еслам әст. | حميد - او برادر امام رضا است . امام رضا از نوادگان پيامبر اسلام است . |
Мұхаммед: Имам Реза ағасының кесенесі осында ма? | Мухаммад: Хәрәм-е бәрадәр-е Емам-е Реза инджаст? | محمد - حرم برادر امام رضا اينجا است ؟ |
Хамид: Ия. Имамзаде Салех кесенесі Таджриш алаңында. | Хамид: Бәле. Хәрәм-е Емамзаде Салех дәр мейдан-е Тәджриш әст. | حميد - بله . حرم امام زاده صالح در ميدان تجريش است . |
Мұхаммед: Мына жер өте әдемі екен. Оның үстіне шулы да екен. | Мухаммад: Инджа хейли зибаст. Һәм хейли шолуғ әст. | محمد - اينجا خيلي زيباست . خيلي هم شلوغ است . |
Хамид: Теһран халқы зиярат үшін осында келеді. | Хамид: Мәрдам-е Теһран бәрай-е зиарат бе инджа миайәнд. | حميد - مردم تهران براي زيارت به اينجا مي آيند . |
Мұхаммед: Кесене неткен көне және әдемі! | Мухаммад: Сахтеман-е хәрәм чеғәдр зиба вә ғәдими әст! | محمد - ساختمان حرم چقدر زيبا و قديمي است ! |
Хамид: Ия. Бұл – көне жер. Кесененің маңына барып намаз оқиық. | Хамид: Бәле. Инджа қәдими әст. Берәвим дәр кенар-е хәрәм нәмаз беханим. | حميد - بله . اينجا قديمي است . برويم در كنار حرم نماز بخوانيم . |
Мұхаммед: Міне қызық! Мына жерде кітапхана да бар екен. Ана маңдайша жазуға қара. | Мухаммад: Че джалеб! Инджа кетабхане һәм дарәд! Ан таблу ра бебин. | محمد - چه جالب ! اينجا کتابخانه هم دارد . آن تابلو را ببين . |
Хамид: Ия. Бұл кітапхананы қалаған адам қолдана алады. | Хамид: Бәле. Һәме митәванәнд әз ин кетабхане естефаде конәнд. | حميد - بله . همه مي توانند از اين کتابخانه استفاده كنند . |
Мұхаммед: Өте жақсы. | Мухаммад: Хуб әст. | محمد - خوب است . |