Иран ақындары мен данышпандары
Бүгін бір ирандық ақынмен танысамыз.
Иран ұлы данышпандар мен ақындардың бесігі екенін білесіздер. Ирандықтар бұрынғы заманнан бері әдебиетке қызығушылық танытқан. Хафез, Сағди, Фердоуси, Моулави және Хайям сияқты ақындар әлемге әйгілі. Ал, Ибн Сина, Хорезми және Рази сияқты данышпандар ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан. Ирандықтар өздерінің данышпандары мен ақындарының құрметіне әр қаланың үлкен даңғылдарын солардың есімдерімен атаған. Хайям – Иранның ұлы ақыны мен данышпаны. Ол жердің күнді айналуына негізделіп, ирандық күнтізбені есептеп шығарған. Мұхаммед автобуста қасында отырған бір ер адаммен Иранның ұлы адамдары жайлы әңгімелесіп отыр. Алдымен бүгінгі бөлімнің жаңа сөздерімен танысайық.
Кешіріңіз | Бебәхшид | ببخشيد |
Мырза | Аға | آقا |
Есім, атау | Есм | اسم |
Даңғыл | Хиабан | خيابان |
Не? | Чист | چيست |
Хайям | Хайам | خيام |
Сол, әлгі | Һәман | همان |
Ақын | Шаэр | شاعر |
Ақындар | Шаэран | شاعران |
Данышпан | Данешмәнд | دانشمند |
Данышпандар | Данешмәндан | دانشمندان |
Көп, өте | Бесиар | بسيار |
Атақты | Маруф | معروف |
Өлең | Шер | شعر |
Өлеңдер кітабы | Кетаб-е шер | کتاب شعر |
Онда бар | У дарәд | او دارد |
Оған қоса | Дәр земн | در ضمن |
Атақты өлеңдер кітабы | Кетаб-е шер-е маруфи | کتاب شعر معروفي |
Күнтізбе | Тәғвим | تقويم |
Ирандық | Ирани | ايراني |
Санау, есептеу | Моһасэбэ | محاسبه |
Қалай | Чегуне | چگونه |
Өте | Хейли | خيلي |
Тура | Дәғиғ | دقيق |
Шамамен | Тәғрибән | تقريبا |
Мың | Һезар | هزار |
Жыл | Сал | سال |
Дейін, бұрын | ғәбл | قبل |
Ол жазды | У невешт | او نوشت |
Не деген қызық! | Че джалеб! | چه جالب ! |
Үлкен, ұлы | Бозорг | بزرگ |
Хафез | Хафез | حافظ |
Сағди | Саади | سعدي |
Фердоуси | Фердоуси | فردوسي |
Моулави | Моуләви | مولوي |
Барлық адамдар | Һәмей-е мәрдам | همه ي مردم |
Әлем | Дониа | دنيا |
Олар таниды | Анһа мишенасәнд | آنها مي شناسند |
Қай | Кодам | کدام |
Ибн Сина | Ибн Сина | ابن سينا |
Хорезми | Хорезми | خوارزمي |
Рази | Рази | رازي |
Қуанышты | Хушһал | خوشحال |
Мен оқу оқимын | Мән дәрс миханәм | من درس مي خوانم |
Мемлекет, ел | Кешвәр | کشور |
Өркениетті | Мотәмәдден | متمدن |
Енді Мұхаммед пен жолаушының әңгімесін тыңдайық:
Мұхаммед: Кешіріңіз аға, мына даңғыл қалай аталады? | Мухаммад: Бебәхшид аға, есм-е ин хиабан чист? | محمد - ببخشيد آقا ، اسم اين خيابان چيست ؟ |
Ер адам: Хайям даңғылы | Мәрд: Хиабан-е Хайам. | مرد - خيابان خيام . |
Мұхаммед: Хайям әлгі атақты ақын ғой? | Мухаммад: Хайам һәман шаэр-е маруф әст? | محمد - خيام همان شاعر معروف است ؟ |
Ер адам: Ия. Хайям Иранның атақты ақыны. | Мәрд: Бәле. Хайам йек шаэр-е маруф-е Ирани әст. | مرد - بله . خيام يک شاعر معروف ايراني است . |
Мұхаммед: Өлеңдер кітабы да бар ғой? | Мухаммад: Кетаб-е шер һәм дарәд? | محمد - کتاب شعر هم دارد ؟ |
Ер адам: Ия. Оның атақты өлеңдер кітабы бар. Оған қоса, Хайям -данышпан, ол Иран күнтізбесін есептеп шығарған. | Мәрд: Бәле. У кетаб-е шер-е маруфи дарәд. Дәр земн, Хайам йек данешмәнд әст вә тәғвим-е Ирани ра мохасэбэ кәрд. | مرد - بله . او کتاب شعر معروفي دارد . در ضمن ، خيام يک دانشمند است و تقويم ايراني را محاسبه كرد . |
Мұхаммед: Ол қандай күнтізбе? | Мухаммад: Ин тәғвим чегуне әст? | محمد - اين تقويم چگونه است ؟ |
Ер адам: Иран күнтізбесі уақытты тура көрсетеді. Хайям оны шамамен мың жыл бұрын жазған. | Мәрд: Тәғвим-е Ирани хейли дәғиғ әст. Хайам тәғрибән һезар сал ғәбл ан ра невешт. | مرد - تقويم ايراني خيلي دقيق است . خيام تقريبا هزار سال قبل آن را نوشت . |
Мұхаммед: Не деген қызық! Иранның ұлы ақындары мен данышпандары бар! | Мухаммад: Че джалеб! Иран шаэран вы данешмәндан-е бозорги дарәд! | محمد - چه جالب ! ايران شاعران و دانشمندان بزرگي دارد ! |
Ер адам: Ия. Хафез, Сағди, Фердоуси және Моулави –Ирандық ақындар. Әлемнің барлық халқы оларды біледі. | Мәрд: Бәле. Хафез, Саади, Фердоуси вә Моуләви шаэран-е Ирани һәстәнд. Һәмей-е мәрдом-е дониа анһа ра мишенасәнд | مرد - بله . حافظ ، سعدي ، فردوسي و مولوي شاعران ايراني هستند . همه ي مردم دنيا آنها را مي شناسند . |
Мұхаммед: Иранның қай данышпандары атақты? | Мухаммад: Кодам данешмәндан-е Ирани хейли маруфәнд? | محمد - کدام دانشمندان ايراني خيلي معروفند ؟ |
Ер адам: Ибн Сина, Хорезми және Рази. | Мәрд: Ибн Сина, Хорезми вә Рази. | مرد - ابن سينا ، خوارزمي و رازي . |
Мұхаммед: Иранда тұрып, оқу оқып жатқаныма қуаныштымын. Иран – өркениетті мемлекет. | Мухаммад: Хушһаләм ке дәр Иран дәрс миханәм вә инджа зендеги миконәм. Иран йек кешвәр-е мотамәдден әст. | محمد - خوشحالم که در ايران درس مي خوانم و اينجا زندگي مي کنم . ايران يک کشور متمدن است . |
Өзінің әңгімесін қызыға тыңдап отырғанын көріп, жолаушы Мұхаммедке Иранның ақындары мен данышпандары жайлы баяндайды. Ол Фердоуси және қазіргі заман ақындары жайлы айтып береді. Мұхаммед оның мамандығын сұрайды. Ол тарих мұғалімі болып шығады. Автобус соңғы аялдамасына жетеді, бірақ Мұхаммед пен жолаушының әңгімелері жалғасуда. Қоштасар кезде, мүмкіндік болғанда мұғалімнің қызықты әңгімесін тыңдау үшін Мұхаммед ер адамның телефон нөмірін сұрайды. Келесі бағдарламаға дейін сау-саламатта болыңыздар!