Ақп 11, 2021 14:17 Asia/Almaty
  • Иран: Райен қамалы (113)

Райен қамалы (Rayen Castle) – әлемдегі ең ірі сазбалшықты құрылыстардың бірі. 22 мың шаршы метр ауданды алып жатқан қамал Керман қаласынан 100 шақырым жердегі Райен қаласында орналасқан.

«Арг» деп ірі қамалдың ішінде қала билеушілерінің әкімшілік істерді атқаратын кіші қамалын атайды. Бұл көне қамал Сасанилер заманына тиесілі. Райен қамалы басқа қамалдар сияқты қарапайым халық пен ақсүйектерге арналған бөліктерден тұрады. Мешіт, базар, қора, зурхана – дәстүрлі спорт үйі, ақсүйектердің үйлері және қарапайым халық тұратын ауданнан құралған.

Райен қамалы
Райен қамалы Сасанилер заманында салынған.
Райен қамалы Керман қаласынан 100 шақырым жерде Хазар тауының етегінде орналасқан.
Қамалдың кіреберісіндегі күзет бөлімі 
Жалпы жұртқа арналған бөлік
Күзетшілер қамал қабырғасындағы саңылаулар арқылы кіріс-шығысты бақылап отырған.
Райен қамалының ішкі көрінісі
Қамал толығымен шикі кірпіштен салынған.
Қамал бағзы заманда табиғи және адами факторлардың әсерінен қиратылды.
Осы уақытқа дейін қамал бірнеше рет жөндеуден өткізілді.
Райен қамалы Бам қамалына қатты ұқсайды.