Иран: Райен қамалы (113)
Ақп 11, 2021 14:17 Asia/Almaty
Райен қамалы (Rayen Castle) – әлемдегі ең ірі сазбалшықты құрылыстардың бірі. 22 мың шаршы метр ауданды алып жатқан қамал Керман қаласынан 100 шақырым жердегі Райен қаласында орналасқан.
«Арг» деп ірі қамалдың ішінде қала билеушілерінің әкімшілік істерді атқаратын кіші қамалын атайды. Бұл көне қамал Сасанилер заманына тиесілі. Райен қамалы басқа қамалдар сияқты қарапайым халық пен ақсүйектерге арналған бөліктерден тұрады. Мешіт, базар, қора, зурхана – дәстүрлі спорт үйі, ақсүйектердің үйлері және қарапайым халық тұратын ауданнан құралған.
Тегтер