Нау 10, 2021 01:15 Asia/Almaty
  • Иран: Ағаш ауыл (114)

Чубин (ағаш) ауылы Иранның Хорасан-е Разави облысындағы Нишапур қаласына жақын маңда орналасқан.

Иранда теңдесі жоқ бұл ауыл инженер Хамид Моджтахедидің қолымен толығымен ағаштан салынған. Ауылда ағаш мешіт, мұражай, кітапхана, мейрамхана, дүкен, наубайхана, күркелер мен шағын үйлер бар. Олардың айналасында жасыл желек жайқалып тұр. Мұндай құрылыстың мақсаты – туризмді жандандыру және бір кездері осы жерде тұрған қадірлі адамның есімін сақтап қалу.

Ауылдағы ағаш мешіт – әлемде зілзалаға шыдайтын алғашқы ағаш мешіт. Ол 8 баллдық жер сілкінісіне шыдайды.
Инженер Моджтахеди өзінің ата-бабасының ауылын қайта жандандыруға күш салды. 
Мешіттің жанындағы 120 шаршы метр ауданда мұражай мен кітап орналасқан.
Ауылда туристер қонатын үйлер салынған.
مОсыған дейін ауыл Молла Мұхаммед Ағазаде Хорасанидің атында болған. Бұл қайырымды ғалым адам – діни үлгі Ахунд Хорасанидің ұлы.
Ауыл – Нишапурдың туристік тартымдылықтарының бірі.  
Ағаш мешіт 200 шаршы метр ауданды алып жатыр.
Мешіт мұнарасының биіктігі жерден 13 метр, салмағы шамамен 4 тонна.
Ауыл тұщы су, электр қуаты және телефонмен қамтамасыз етілген.
Ауылдың ашық кеңістігі гүлзарлармен көмкерілген.
Ағаш ауыл салудың идеясы Моджтахеди мырзаның баласына ойын күркесін салудан басталды.
Ағаш ауыл – Иранның алғашқы экологиялық ауылы.
Ауылдағы бақ ортасында туристер демалатын орындар салынған.
Ауылдағы наубайхана нан толы себетті басына қойып алған әйелдің мүсініне ұқсайды.