Сәу 05, 2021 20:34 Asia/Almaty
  • Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (22)

«Хадид» сүресінің 17-ші аяты: اعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ یُحْیِ الْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِها قَدْ بَیَّنَّا لَکُمُ الْآیاتِ لَعَلَّکُمْ تَعْقِلُونَ

 

«Хадид» сүресінің 17-ші аятында Алла Тағала: «Біліңдер, Алла, жер өлгеннен кейін жандандырады. Расында түсінулерің үшін сендерге белгілерді ашықша көрсетеді»,- деді.

Бұл аяттың «біліңдер» деп басталуы Алланың нығметтерін жіберіп, өлі және сусыз жерлер мен шөптерге жаңа дем беріп, гүлдендіріп, өркендететіні туралы хабарды жеткізіп, ескерту жасайтынын көрсетеді. Мұнда өлім мен өмірді жыл сайын қыс пен көктемде байқауға болады. Әрине Жаратушы  өмірді тек өсімдіктер мен ағаштарға сыйлауы шектелмейді. Ол ғаламның барлық өлгендеріне қабілеттеріне сәйкес тіршілік пен өмірді сый етеді. Бұл өмір материалдық және рухани өмір болуы мүмкін. Жердегі тіршілік туралы: «Зорлық-зомбылық пен зұлымдықтың салдарынан өлген жер  әділеттіліктің арқасынла тіріледі»,- деп айтылды. Құран тәпсіршісі аятолла Джавади Амоли «Құрандағы адамның нақты өмірі» деген кітабында бұл туралы: «Жердің өлімін халықаралық деңгейде қысым, надандық, опасыздық және адамдардың екіжүзділігі кезеңі деп санауға болады. Соңғы пәк имам (ғ.с.) келген  кезді рухани өмір және жер бетіндегі нағыз көктем деп аталды, оның келуімен барлық зұлматтар мен қараңғылықтар кетеді, дүние оянып, жерді әділдікке толтырады»,- деп жазды. 

Имам Хұсейннің (ғ.с.) «Хадид» сүресінің 17-ші аяты туралы рауаятында: «Бізде он екі Мәһди (жол нұсқаушы) бар. Олардың біріншісі Әли бен Абитолеб (ғ.с.) және олардың соңғысы менің тоғызыншы перзентім.  Алла Тағала өлген жерді оның арқасында тірілтеді, сондай-ақ мүшіріктер қарсы болсада, ол үшін шындық дінің басқа діндерге басым етеді»,- деді.