Сәу 09, 2021 18:40 Asia/Almaty
  • Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (26)

«Бурудж» сүресінің 1-ші аяты: وَالسَّمَاء ذَاتِ الْبُرُوجِ

 

«Бурудж» сүресінің 1-ші аятында Алла Тағала: «Жұлдызды аспанға ант»,- деді. Яғни көптеген мұнаралары бар аспанмен ант етемін. (Жұлдыздар мен жарқыраған заттар аспанды бақылап, өздерін жын-перілерден қорғайтын мұнаралар).

 

«Бурудж» (мұнаралар) «бурдж» (мұнара) деген сөздің көптік мағынасы, бұл қамалдардың төрт бұрышына салынған және оның іргетасын нығайтатын биік және көрінетін ғимаратты білдіреді. Олар қамалдың төрт жағынан салынып, оның негізін нығайтады және дұшпандарға қарсы тұруға көмектеседі. «Бурудж» деп   жұлдыздарға  да айтылады. Бірақ барлық жұлдыздарға емес, жарқын және басқаларға қарағанда ерте көрінетін жұлдыздарға айтылады.

«Ләйл» сүресінің екінші аятына қатысты рауаяттардың бірінде Алла елшісі былай деген: «Алланы еске алу – ғибадат. Мені еске алу – ғибадат, Әлиді (ғ.с.) және Әлидің (ғ.с.) перзенттерін еске алу – ғибадат. Мені набаватқа сайлаған және ең жақсы жаратылыс еткен Алламен ант етемін, менің орынбасарым ең жақсы орынбасар. Шынында да, ол Алланың жаратылыстарына жіберген халифасы және оның перзенттері мене кейінгі дұрыс жолға нұсқаушы имамдар. Олардың үшін Алла Тағала жердегі адамдардан азапты алып тастайды және солардың үшін көкті сақтайды және құлдарына жаңбыр жаудырады, олар үшін өсімдіктер өседі. Олар Алланың  әулиесі және шынайы халифасы. Олардың саны айлардың санымен бірдей - он екі айдағы айлармен бірдей  және олар Мұса ибн Имранның қабірлерінің саны». Содан соң Алла елшісі «Бурудж» сүресінің бірінші аятын оқып: «Алланың   ант еткен мұнаралға ие аспаны көрінетін аспан мен оның мұнараларын білдіреді деп ойлайсыз ба?»- деп сұрады. Хазіреттің қасындағылардың бірі: «Бұл аяттың мағнасы не?»- деп сұрады. Алла елшісі: «Алланың аспан дегені – менмін, мұнаралары – әділ имамдар (ғ.с.). Олардың біріншісі – Әли (ғ.с.) және олардың соңғысы хазірет Мәһди (ғ.с.)»,- деді.